Колледждің алтын шежіресінен…


Ө лмейтұғын артына іс қалдырған…



бет2/6
Дата19.12.2022
өлшемі2.78 Mb.
#467502
1   2   3   4   5   6
Рымбек Байсейітов өмірбаяны

Ө лмейтұғын артына іс қалдырған…
Р.С.Байсеитов туралы сыр шертеміз

Қазақстан Республикасына Еңбегі Сіңген экономист, «Халықтар достығы» орденінің, «Құрмет белгісі» орденінің, «Ұлы Отан соғысының Бірінші және Екінші дәрежелі» ордендерінің, иегері, Қаржы жұмысының үздігі, дарынды түлектердің бірі, ұлағатты, сом тұлға – Рымбек Сымақұлы Байсеитовтың бүгінде ізгі істері мәңгі ұрпақтардың жүрегінде жаттаулы, естерінде сақтаулы.


Рымбек Сымақ ұлы 1949-жылы жедел түрде техникумның салық мамандығы бойынша қаржыгер дипломын алады. Бұған дейін 1942- жылдары Отанын қорғауға соғысқа аттанады. Ұлы Лука жерінде соғысады. Аталған жерді жау қоршауынан босатқандағы ерлігі үшін «Қызыл Армия үздігі» деген белгіcімен марапатталады. Рымбек Сымақ ұлы үлкен соғыста жаудың 3 танкісін бірден құртқаны үшін «Совет Одағының Батыры» атағына ұсынылады. Рымбек Байсеитов ешбір қорқу, артқа шегіну дегенді білмейді, ротаны үнемі алға бастайды. Оның достарына деген қамқорлығы кішіпейілділігі туралы жазушы Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» шығармасында керемет суреттейді. Бұл шындық. Рымбек Сымақ ұлының қарапайым салықшыдан қаржы министрлігіне дейін көтерілуінің өзі ерлік емес пе, болашақ қаржыгерлерге нағыз үлгі боларлық мұра дерсіз.
Рымбек Сымақ ұлы Қазақстанның экономикасын көтеруде талмай еңбек етеді. Бірнеше ғылыми еңбектер жазады. Колледж ғимаратын салуда да өз қамқорлығын аямайды. Ол қызметте 16-18 сағат, таңертеңнен түнгі уақытқа дейін жұмыс істейді.Қандай жағдайда да ол ең алдымен өз халқын, Отанын ойлаумен болған жан. Осындай ерен еңбегінің нәтижесін 1974-1985 жылдарға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болуы дәлелдейді. Бүкіл ғұмырын елінің гүлденуіне, болашақтың қамына жұмсаған Рымбек Байсеитовтың жарқын жүзі мәңгі жүрегімізде.

Рымбек Байсейітов өмірбаяны
Асқар таулар ешқашан да аласармайды, қайта алыстаған сайын асқақтай береді. Алып тұлғалар да сондай, өздері дүниеден озғанымен олардың көзі тірісінде көзге шалынбай қағажау қалып келген қадір – қасиеттері бұрынғыдан да бетер биіктей түсері ақиқат.
Рымбек Смақұлы Байсеитов 1922 жылы 8 қазанда Семей облысының Абралы ауданындағы Қайнар ауылында дүниеге келген.
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп Жұбан ақын айтқандай, Рымбек Смақұлының өмірі тақтайдай даңғыл жол болған жоқ, талай белестерден өтіп, талай қиыншылықтарды бастан кешірді.
Өзінің балалық шағын еске түсіріп, естелік айтқанды Рымбек ағамыздың өзі де ұнататын.
-Бала кезім, бір үйде бес жанбыз - әке – шешем, екі қарындасым және мен. Семей қаласындамыз. Ертіс өзенінің бергі қабағында «Жоламан» деген жер бар. Семейдегі сол кездегі атақты өндіріс орындары – Ет комбинаты мен Ұн комбинаты сонда орналасқан.
Әкем Смақ Ұн комбинатында жұмысшы. Қарындастарым Мәпіш пен Бәтіш әлі мектепке бара қоймаған кез. Әкей жұмыстан қолы босай қалса, арғы бетке – «Казахский крайға» кетеді. Ол жақта Абыралы – Қайнардан ертерек кезде келіп орнығып қалған туған – туыстары, жолдас – жоралары көп болған. Өйткені бұл адамдар әкейді ат шаптырып арнайы шақыртып, той – думандарының бірде – бірін әкейсіз өткізбейтін. Себебі, әкей ән салып, домбыра тартатын әнші, керек болса күреске түсіп, жүлде алмай қайтпайтын балуан, сегіз сырлы, бір қырлы жігіттің сұлтаны болатын.
Рымбек екінші мүшел жасында жетіжылдық мектепте оқуын жалғастырып, оны бітіргеннен кейін Семейдің фармацевтикалық мектебіне түсіп, оның I курсын бітіреді. «Қысқа жіп күрмеуге келмейді» дегендей, оқуын әрі қарай жалғастыра алмайды. Қалада тұра алмаймыз деп Семейге жақын Новошульба ауданында қарасты Ленин атындағы совхозға көшіп барады. 17 жасында Рымбек өзінің еңбек жолын есепші қызметінен бастайды. Мұнда 1939 жылдан 1941 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеп, Қызыл Армия қатарына алынады да, Алматыда жасақталып жатқан 100- қазақ атқыштар бригадасына жіберіледі. Қысқа мерзімде даярлықтан өтіп, артиллерия дивизионында жүріп, өзі сияқты зеңбірек командирі Әзілхан Нұршайықовпен танысып, дос болып кетеді. Байсеитов те, Нұршайқов та КСРО Қорғаныс комиссариатының 1942 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен әскери және саяси даярлауда қол жеткен табыстары үшін «Қызыл Армия жеңімпазы» значогымен марапатталды. Сөйтіп 262 жауынгер мен офицерлердің қатарында аталып, майданға аттанар алдында үлкен құрметке ие болды.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде Алматыда жасақталған 100- дербес атқыштар бригадасы 1942 жылы 25 қарашада Калинин облысының Молодой Туд деревнясы түбінде жаумен шайқасты. Елден майданға жаңа келген өңкей өрімдей жиырма жасар қазақ жігіттерінің жауынгерлік тұсауы осы деревня түбінде кесілді.
Содан кейін 1942 жылы 22 желтоқсанда 100 – бригада ежелгі орыс қалаларының бірі Великие Лукидің түбіне келді. Келгеннен кейін жау қолындағы қаланы қоршау, одан соң азат етілген қаланы дұшпанның қайта шабуылынан қорғау ұрыстарына белсене қатысты. Өзінің алдында Алматыда жасақталып, Москва түбінде жаумен шайқасқа түскен 316 – атқыштар дивизиясының жауынгерлері, жау танктерімен Дубосеково разъезінде қандай шайқасса, бұл бригаданың соған ұқсас шайқас жүргізген өз Дубосековосы Великие Луки болды. 1943 жылы 5 қаңтарда фашистер Великие Лукиді кері қайтарып алуға тырысып, көп танкпен бригадаға қарсы шабуыл жасайды. Сонда үшінші батареяның жігіттері жау танктерімен атақты Клочков бастаған батырларша соғысты. Батарея мерт болды. Бірақ бірде – бір танкті Великие Лукиге өткізген жоқ.
Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін күйреген шаруашылықты қалпына келтіріп, күйзелген елдің жағдайын түзеу ісі – соғыстан аман оралған майдангерлердің үлесіне тиген еді. Неміс басқыншыларымен аянбай шайқасқан, майдан даласында жүз мыңдап мерт болған боздақтарды көріп қайтқан бұл азаматтар, бейбіт еңбек майданында да бел шешіп, елге оралмаған сол ерлер үшін де еселеп еңбектенді. Замана жүгін, жауапкершілігін, бейбіт күннің қадірін барынша сезіне білді. Халқымыздың мүшкіл халге жеткен әлеуметтік жағдайын жөндеуге барлық күш – жігерін аямай жұмсады.
Жеңістен кейін елге аман – есен оралып, 1946 жылдың ақпан айынан бастап Рымбек Смақұлы Байсеитов бейбіт еңбекке араласты. Жаңа Семейдегі ұн тартатын комбинатқа қабылдаушы болып орналасты. 1941 жылы Рымбектің әкесі Смақ та еңбек армиясына алынып, Новосібір қаласындағы авиация зауытында жұмыс істеп жүріп, ауруға шалдығады да, елге қайтып оралып, 1942 жылы көктемде Семей қаласында 47 жасында дүниеден өтеді.
1947 жылы маусым айында ол Семей қаласындағы Калинин аудандық қаржы бөліміне учаскелік салық инспекторы болып қабылданады. Талапты ерге нұр жауар дегендей өзінің еңбекқорлығы, алғырлығы арқасында жаңа қызметті игеріп алады. Бірнеше айдан кейін райфоның аға инспекторы болды. Кешікпей – ақ Семей қалалық қаржы бөлімінің аға бухгалтері, одан Семей облыстық қаржы бөлімінің салық және алымдар бөліміне аға инспектор болып тағайындалады. Бұл қызметте де ол өзінің іскерлігін, қабілетін, білгірлігін көрсетіп, басшылардың көзіне ілігіп сеніміне ие болды. Енді Байсеитов Семей облфосының салық және алымдар бөлімінің бастығы қызметіне ұсынылып, Алматыға келіп Қаржы министрлігіндегі бастықтарының қолдауын тауып, сол кездегі Қазақ КСР – і Қаржы министрінің II дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі Иван Шугайлоның 1949 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен осы қызметке бекітіледі. Осылай ол қаржы органдарына келгеніне екі жылға жетпей жатып бесінші қызмет сатысына көтеріледі.
Рымбек Смақұлы қызметін атқара жүріп, білімін көтеріп, мамандық алуды да ұмытпады. 1948- 1949 жылдары сырттай даярланып, жедел сынақтар тапсырып, Семейдің қаржы техникумын колхоздар мен халықтан алынатын салық және алымдар мамандығы бойынша бітіріп, қаржыгер деген квалификацияға ие болып, диплом алды.1950- 1956 жылдары Бүкілодақтық қаржы институтында сырттай оқып бітіреді.
1951 жылдан бастап Байсеиітов Қазақ КСР Қаржы министрлігінде басқарушы қызметтерді атқарып көзге түсті, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ол жоғары лауазымды қызметке тағайындалып, он жылдан астам уақыт республика қаржы министрі қызметін аброймен атқарды. Қазақстан үкіметінің құрамында болды.
Республикамыздың Қаржы министрі Рымбек Байсейітов Мәскеудегі Орталық қаржы министрлігінде Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік дамуына байланысты қажетті қаржы мәселелері жөнінде өз ойын батыл айтып, істі оңынан шешетін. Мұндайда Рымбек Смақұлының бойындағы білгірлік, іскерлік, өз республикасының мүддесіне шын берілген патриоттық қасиеттері анық байқалар еді.
Рымбек Смақұлының ізгі қасиеттерінің бірі – еңбекқорлығы, іскерлігі. Қызмет орнында ертеден – кешке шейін тапжылмай отырып, қат қабат құжаттарды қайта – қайта пысықтап шығудан әсте жалықпайтын. Іс қағаздарын тап – тұйнақтай етіп, өзгелерден де осыны талап ететін.
Ол күрделі сәттерде шұғыл шешім қабылдай білетін батыл, аппарат алдында аса зор беделді адам еді. Қаржы – қаражат саласындағы қызметін ең төменгі сатыдан бастап, білімділігі мен ақыл- парасаты арқасында министрлік мансапқа жеткендіктен бұл саланың барлық проблемасын бес саусақтай жақсы білетін. Сондықтан да, партияның Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесі оны өздерінің бюролары мен мәжілістеріне шақырып, әрдайым ақылдасып отыратын.
Қаржы минитрлігінде, оның облыс басқармаларында да тек Рымбек Смақұлы басқарғаннан кейін ғана қазақтар көбейе бастады. Бұл оның ұлтшылдығы емес, керісінше өз ұлтының арасынан көзге ілігіп жүрген іскер, келешегі бар азаматтарды танып, көре білгендігі.
Рымбек Смақұлы Байсеитов зор ұйымдастырушылық қабілет, экономика саласындағы терең де жан – жақты білім иесі болатын. Ол Қазақ КСР қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығының салалары мен ағарту ісін, республикалық ғылым мен ағарту ісін, республикалық өндіргіш күштерін дамытуға қаржымен қамтамасыз етуге айтулы үлес қосты.
Мінезге бай, сүйкімді, әрі әзіл – қалжыңға шебер Рымбек Смақұлы қызметтес жолдастары мен көпшілік арасында беделді болды.
Қарымды қайраткерлігімен қоса, абзал азаматтығымен берекелі отбасының ұйытқысы бола білген Рымбек Байсеитов – артында айтулы із, ізгілікті іс қалдырған тұлға.
Рымбек Смақұлы Байсеитовтің бейнесі достарының, замандастарының, қаруластарының, қызметтестерінің көптеген естеліктерінде сомдалған.Осындай естеліктерді жинақтап біздің колледж ұжымы 1997 жылы «Воспоминания» атты кітап шығарды. Сонымен қатар бұл кітапта Рымбек Смақұлы Байсеитов туралы жылы лебіздерін техникум – колледждің байырғы директорлары мен оқытушылары да жазды. Олар: В.Кондратьева , Р. Мусин, Н.Левашова, М. Логинова.
Екінші кітап Т.Т.Тусупбеков Листая страницы истории… -Алматы: Қаржы – қаражат, 1997. – 252с.
Бұл кітап 4000 данада басылып шықты. Кітаптың авторы Семей қаржы – экономикалық колледжінің директоры, экономика ғылымының кандидаты Т.Т.Түсіпбеков. Кітапта автор қаржы – экономикалық техникум – колледж тарихына терең тоқталған. Техникум – колледж қандай жетістік шыңдарына шықты, қандай қиыншылықтарды басынан кешірді, колледжді кімдер басқарды, қандай түлектерді қанаттандырып ұшырғаны туралы ауқымды да кеңінен әңгімелейді.
1994 жылдан бастап колледж өз түлегі Р.С.Байсеитов атымен аталады. Ендеше коледжде осы ұлы тұлға есімімен қандай ізгі істер атқарылып жатқаны туралы, сіздер «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» атты кітапшадан таныса аласыздар.
Рымбек Смақұлы туралы жазылған келесі кітап ол:
Әбділманова Ш.Р.
Байсеитов Рымбек Смақұлы: От солдата до министра. –Алматы: 2002, -272 бет, фотосурет.
Кітап белгілі қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, он жылдай республиканың Қаржы министрі болған, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған көрнекті азамат Байсеитов Рымбек Смақұлының 80 жасқа толуына арналған.
Бұл кітапта Рымбек Смақұлы туралы жұбайы Мағрипа қажы Смағұлқызының, 14 жыл бойы республика үкіметін басқарған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімовтің, Қазақстан халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың және де басқада достарының, қызметтестерінің естеліктері жинақталған.
Р.Б.Байсеитов терең білімі мен бай тәжрибесімен «Бюджет и экономика» («Казахстан» баспасы, 1969 жыл) жинағында жарияланған «Роль государственного бюджета и финансовых органов в развитии товарно – денежных отношений и укреплений денежнего обращения» атты мақаласында бөліскен.
Сонымен қатар Рымбек Смақұлы Байсеитвтің кітабы да жарық көрді:
Байсеитов Р.С., Андреев А.К.
Экономика и бюджет Советского Казахстана. –Алма – Ата: Казахстан, 1984 - 144с.
Рымбек Смақұлының соғыс жылдарындағы жүріп өткен ерлік жолдары туралы, мына кітаптардан оқи аласыздар:
1.Нуршаихов А.
«Истина и легенда» : Роман - диалог. Из фронтовых тетрадей. –Алма – Ата: Жазушы, 1982.
2. Халимульдина А.А., Халимульдин А.К.
Звездный час Маншук. –Алма – Ата: Жазушы, 1985


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет