бала командаға міндетті түрде
алынатыны белгілі болса, онда
жаттықтырушы команданы неше түрлі тәсілдермен құрастыра алады?
18. Ұштары шеңбер бойында берілген 10 нүктеде болатындай неше хорда
жүргізуге болады?
19. Бес оқушы кездесіп, әрқайсысы бір-бірімен қол алысып амандасты. Олар
барлығы қанша рет қол алысты?
20. Төраға және оның орынбасарын: 1) 4 үміткер
арасынан; 2) 5 үміткер
арасынан неше түрлі тәсілмен сайлауға болады?
21. Кезекке: 1) 5 адамды; 2) 7 адамды неше түрлі тәсілмен қойып шығуға
болады?
22. Сыныптағы 30 оқушы арасынан: 1) бір; 2) екі; 3) үш сынып кезекшілерін
неше түрлі тәсілмен қойып шығуға болады?
23. Төбелері шеңбер бойында берілген 10 нүктеде
болатындай неше
үшбұрыштар сызуға болады?
24. a, b, c, d, e элементтерінен төрт-төрттен құралған барлық терулерді
жазыңдар.
25. Мектеп оқушыларынан құралған 12
волейбол командасы айналма
жарысқа қатысты. Олар неше ойын ойнайды?
26. a, b, c, d элементтерінен үш-үштен құралған барлық терулерді жазыңдар.
27. Неше элементтен екі-екіден жасалған әр түрлі орналастырулар саны 56-ға
тең болады?
28. Жолаушылар пойызында 15 вагон бар. Үш жолаушыны әр түрлі
вагондарға неше түрлі тәсілмен отырғызуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: