Көмірді дайындау және жоғарғы температурада өңдеу нәтижесінде көмірлі жылу электростанциясының шығар алдында күлді қожды материалдар түзіледі (КҚМ)


Ғылыми зерттеулердің әдістемелік негіздері мен шикізат компоненттерге сипаттама беруге арналған



бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі83.53 Kb.
#453439
1   2   3   4   5
Документ (12)

Ғылыми зерттеулердің әдістемелік негіздері мен шикізат компоненттерге сипаттама беруге арналған.

Тәжірибе жүргізгенде шикізат материалы ретінде портланцемент қолданылды, толтырғыш майда Қызылорда ЖЭО-ң күлінен, ірісі қождан, барий хлориді, кальций және су. Жұмыста Шымкент цемент зауытының 400 маркалы портландцементі қолданылды. Цементті сынау ГОСТ 310.1-76, 310.2-76, 310.3-76, 310.4-76-на сәйкес жүргізіледі. Белсенді минералды қоспа ретінде ЖЭО-6 құрғақ қалдықтарының күлі қолданылды. СНиП I.В.2-69 талаптарына сәйкес «Байланыстырғыш заттар, бетонға және ерітіндіге арналған бейорганикалық қоспалар» күлдің құрамында кремнезем 40%-дан кем емес, ангидрид қышқылы 3%-дан, тесу кезінде шығын 10%-дан аспауы керек. Күл дисперсті материал, онда бөлшектер өлшемі 0,16 мм кем емес. Ситадағы қалдық 0,16 мм ол 20….40% құрайды. Бөлшектерде кеуекті құрылымға ие. Күлдің үйінді тығыздығы жанармай түріне және оны жағу талаптарына сәйкес 600…1300 кг/м3-ке тең. Зерттеулер екінші реттің үшфакторлы моделінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде факторға екі сапалы (толтырғыш құрамы және су қатаю қатынасы) және бірсапалы сипаттамалары (ісіну кезіндегі шикізат қоспасының температурасы) алынды.Негізгі сапалық қасиеті ретінде орташа тығыздығы және газдыбетон үлгілерін сығу кезіндегі беріктігі анықталды. Шикізат материалдарының меншікті беті ПСХ-8АК құралының көмегімен анықталды. 100х100х100 мм өлшемдегі куб – үлгідегі булануы, булану камерасындағы лабораториясында келесі режим бойынша іске асты: интервалдарда 2-ден 3 сағ. дейін температураның көтерілуі: 6-8сағ.изотермиялық;2-3сағ. температураның төмендеуі. Бетонның қалыпты ылғалда қатуы 200 С температурасы қалыпты қату камераларында 28 тәулік және 90-100% ауаның ылғалдылығына қатысты өтеді. Ұялы бетонның күйдіру кезіндегі беріктігі ГОСТ 10180-89, орташа тығыздығы ГОСТ 17623-87 сәйкесінше анықталады. Газдыбетонның күйдірудегі беріктігіне жүргізілген сынақ ИП-50 гидравликалық процесіндегі 100 мм өлшемдегі куб-үлгілері сыналды. Газдыбетонның аязға төзімділігі 3ГОСТ 2548589 «Бетоны ячейстые.ТУ» қосымшасы бойынша анықталды. Шикізат материалдарының минералдық құрамын және қождыгаздыбетонды үйрену үшін зерттеудің жаңа тәсілдері қолданылады. ГОСТ 12-852.0-77 талап еткен бұйымдардан орындалған заводта өңделген бетон қасиеттері үлгілерде көрсетілген. Зерттеулер нәтижесінің статикалық өңделуі компьютерде математикалық пакет Math Cad көмегімен жүргізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет