Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


 дәріс. Табиғатты қорғау. Қоршаған орта және адамзат қоғамының



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

9 дәріс. Табиғатты қорғау. Қоршаған орта және адамзат қоғамының
тұрақты өркендеуі, мониторинг жүргізу және оны бақылау
Дәрістің мазмұны. Қазіргі замандағы ғаламдық экологиялық
проблемалардың сипаттамасы келтіріледі. Олардың әлеуметтік-экологиялық
проблемалармен өзара қатынасы көрсетіледі. Тұрақты өркендеудің моделі
суреттеледі.
44


Дәрістің мақсаты. Негізгі ғаламдық экологиялық проблемалар туралы,
ортаның жалпы агрессивтілігінің күшеюі туралы, Қазақстанның қоршаған ортаны
қорғау жайлы халықаралық ынтымақтастыққа қатынасуы туралы түсінік беру.
Қазіргі кезде адамзат ғаламат зор экологиялық проблемалардың алдында
тұр. Оларға демографиялық жарылысты, жыртылатын жерлердің азаюын,
қоршаған ортаның ластануын, қышқылды жаңбырларды, парниктік эффектті,
озон экранының бұзылуын және т.б. жатқызуға болады.
Әлем халқы жыл сайын 250 млн адамға, әр жетіде 1 млн 750 мың адамға,
айына 90 млн адамға көбейіп отырады. БҰҰ-ның деректері бойынша негізгі
өсім, халқының саны ғаламшар халқының үштен екісін құрайтын, өркендеуші
елдерде болады. Сөйте тұра, олар бүкіл әлемдік өнімнің үштен бірін ғана
тұтынады.
Экономикасы жағынан өркендеген елдердегі туудың төмендігі, негізінен
алғанда, оңды фактор. Сонымен қатар, халықтың «қартаюының» салдарынан
қоғамдық және мәдени жаңа енгізулер мәселесінде халық арасында, ұрпақтар
арасында елеулі келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Мұның ақыры қоғамның
одан әрмен консервативті бола түсуіне әкеледі.
Ауыл шаруашылық жер-суларына шөлейттену үлкен зиян келтіреді.
Олар аптап ыстық ауа-райының қырсығынан ең алдымен жердің бүкіл бет-
бедеріне (ландшафт) нұқсан келтіреді: өсімдік қабығы жойылады; топырақтың
дефлияциясы мен эрозиясы күшті екпінмен жүреді; айналып келгенде егістік
жерлер өзінің экологиялық-ресурстық потенциалын мүлдем жоғалтады.
Адамның әрекетінен пайда болған шөлді жерлердің ауданы мөлшермен 10
млн км
2
-қа, ал жылына 6,9 млн га тең. Оның ареалы біртіндеп аридтік
аумақтың бет-бедерінің шекарасынан асып барады. Жер бетінің 30 млн км
2
-тан
астамына (89%) шөлейтену қаупі төніп тұр.
Қышқылды жауындар деп қышқылдылығы қалыптағыдан артық болып
келетін кез келген атмосфералық жауу құбылыстарын айтамыз. Ортаның
қышқылдық қасиеттері сутегі иондарымен (Н
+
) анықталады. Ерітіндіде сутегі
иондарының концентрациясы көп болған сайын оның қышқылдылығы арта
түседі. Экологиялық көзқараспен қарағанда ортаның рН-ының маңызы өте зор,
өйткені организмдегі зат алмасуын; өсу мен өркендеуді реттеп отыратын
барлық ферменттердің, гормондардың жұмысы соларға байланысты.
«Көшетханалық әсер» деп бейнелеп айтылатын сөздің астарында келесі
геофизикалық құбылыс жатыр. Күн радиациясы жерге түсе өзгеріске ұшырайды.
Оның 30%-ы құрлық пен мұхиттар бетінен кері шашырайды. Сіңірілген
энергия жылуға айналып, инфрақызыл сәулелер түрінде қайтадан космосқа
ұшқындалады. Инфрақызыл сәулелерді таза атмосфера мөлдір әйнек тәріздес
өткізе береді, ал ондағы су буы, көмір қышқыл газы және т.б. газдар бар ауа
инфрақызыл сәулелерді сіңіріп алып, соның әсерінен қызады да «парниктік
эффект» туындайды. Парниктік газдар парниктердегі жердің бетін жауып
тұратын әйнек қабатының ролін атқарады.
45


Отындар жанған сайын атмосфераға көмір қышқыл газының қосымша
түйдектері қосылып жатады, ал ол болса ауа-райының ғаламдық жылынуына
соқтырады. ХХІ-ғасырдың басында-ақ атмосферадағы көмір қышқыл газының
мөлшері екі есе көбейеді деп күтілуде. Қоңыржай ендіктерде ауа 2-3°С, ал
полюстарда 10°С көтеріледі. Бұл полярлық мұздықтардың еруіне және
мұхиттарға оның деңгейін 1000-ға көтеретіндей судың қосылуына себеп
болады. Онда теңіз жағалауларындағы зор көлемді ойпаң жерлер мен ондағы
жер шары халқының басым бөлігі тұратын және негізгі өнеркәсіптік
потенциал шоғырланған қалалар су астында қалады.
Көзге көрінетін сәулелермен қатар, Күн ультракүлгін толқындар да
шашады. Олардың ең қауіптісі қысқа толқынды бөлігі - қатты ультракүлгін сәуле
шашу. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері оның агрессивті әсерінен 25 км
жуық биіктіктегі стратосферадағы озон (99%-дан астам) қабаты арқылы
қорғалған. 
Озон экранын бүлдіретін негізгі ластаушылар адамдар тоңазытқыштарда,
аэрозольды тауарларда пайдалану үшін өздері түзіп жасап шығаратын
қосындылар – фторхлоркөмірсутектер (фреондар). Осы фреондар ыдыраған
кезде озон қабатын бүлдіретін бір атомды хлор бөлініп шығады.
Әлем қауымдастығының қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра
алатын, бірақ, болашақ ұрпақтардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз ете алуына
қауіп төндірмейтін, тұрақты өркендеу жолына көшу қажеттілігі жарияланды:
- халықтың аса кедей тобының өмір сүруі үшін керекті қажеттіліктері
басымдылықтың бірінші кезектегі нысаны болуы керек;
- технологияның жәйт пен қоғамның ұйымдасуынан туындайтын шектеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет