Қоршаған табиғи ортадағы күшейіп келе жатқан антропогендік әсерден
болатын ғаламдық – фондық өзгерістерді анықтауға арналған биосфералық
мониторингтің нәтижелерінің мәні айрықша маңызға ие болады.
Биологиялық әртүрлілік стратегиясын қолдауға мүмкіндік беретін
биосфералық қорықтар (қорықшалар), биосфералық мониторингтің ажырамас
бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының территориясын және халқын авариялардан,
апаттардан және дүлей зілзалалардан сақтау үшін 2004 жылы ҚР Президентінің
№ 1449 Үкімімен арнайы орталықтан басқаруды атқаратын органы – Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) құрылды.
ТЖМ салалар аралық реттеуді, сонымен
бірге төтенше жағдайлардың
алдын алу, жою, ҚР ның азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі,
кәсіпорындарда қауіпсіз жұмыс жүргізілуін, таулы аймақтарды бақылау
жұмыстарын арнайы атқару және қажетінше рұқсат беру функциясын атқарады.
Қазақстан Мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Бірақ
еліміздің әртүрлі аймақтарында табиғи апаттар болып тұрады. Солардың
ішінде жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғамалар, опырмалар, дауыл, таудағы
және өзендердегі су тасқыны, орман, орманды дала өрттері, өте улы заттардың
таралуы және т.б. жиі кездесіп тұрады.
Қазақстанда жылына 4 мыңға жақын табиғи апаттар болып тұрады.
Соның салдарынан зардап шеккендердің саны 3-5 мың адамдарды құраса,
солардың ішінде адамдар
шығыны бірнеше ондағаннан асып, материалдық
шығындар миллион АҚШ долларына жетеді. Бұл сандық деректер үлкен
көлемдегі табиғи апаттарды, атап айтқанда Қазақстандағы қиратушы жер
сілкінісін ескермеген жағдайда алынған.
Қазақстанда 90-жылдарға дейін табиғи апаттар сұрағына қажетті көңіл
аударылмаған, ал дүлей зілзалалар кездейсоқ жағдайлар ретінде қарастырылған.
Сондықтанда төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жұмыстарын
мемлекеттік тұрғыда тиімді жүргізу және нормативтік құқықтық базаны құру
мәселесі алда түрды.
БҰҰ 1990-2000 жылдарды апаттар қаупін азайту бойынша Халықаралық
онжылдық деп жариялағаннан кейін көп елдерде соның ішінде Қазақстанда
төтенше жағдайлар мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаның негізі
қалыптасты.
Бүгінгі күнде қауіпсіздік проблемалары маңызды кең және терең
ауқымда қарастырылады. Сол проблемаларды
шешудегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету барысында негізгі заңдылықтарды, қорғану тәртібін және
құрал-жабдықтарын оқып үйрену үшін «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»
пәні қарастырылған.
Бұл пәннің оқу бағдарламасына енуі, оның қазіргі кезде халық үшін,
соның ішінде жаңа буын мамандар үшін аса қажеттілігін білдіреді.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Қауіп сирек немесе экстремалды жағдай табиғи ортада туындайтын
өмірге, мүлікке және адам жұмысына кері әсерін тигізуі тіпті апатқа әкелуі
47
мүмкін.Табиғи қауіп ұғымында көбіне табиғи немесе жасанды түрі, адамдарға,
шаруашылықтарға, жекеменшік немесе қоршаған ортаға төнетін түрлері
анықталады.
Табиғи төтенше жағдайлар - адам өмірі мен мүлкіне қауіп төндірмейтін
экстремалды ауа-райылық, гидрологиялық, геологиялық, геофизикалық немесе
астрономиялық процесс. Мысалы 2012 жылы Жапонияда болған жер сілкінісі
(М=8,1) күші және жер бетіне әсері жағынан ең күшті жер сілкіністерінің бірі
болып саналады, оны табиғи апат емес табиғи құбылыс деп санау керек.
Себебі оның әсерінен болған материалдық шығын аса үлкен болған жоқ.
Апат бұл адамға тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен
тобының
тіршілік әрекеттерінің бұзылуы, адам өлімі немесе өмірі мен
денсаулығына қауіп төнуі, едәуір экономикалық немесе экологиялық
шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.
Төтенше жағдай адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және
шаруашылық жүргізуші объектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін,
халықты едәуір дәрежеде материалдық
шығындарға ұшыратып, тіршілік
жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір
аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
табиғи апаттар (жер сілкінісі,
сел, тастың құлауы, су тасқыны), өрт, эпидемия, ауыл шаруашылық, орман
өсімдіктерінің зиянкестермен және ауруларды жұқтыруы.
Төтенше жағдайда басқару бұл негізгі саясат апаттың әртүрлі
деңгейлерінде әкімшілік шешім және оперативті іс-әрекет.
Төтенше жағдайлар туралы хабарлау
дер кезінде және қауіп деңгейін
төмендету үшін төтенше жағдайда адам денсаулығы мен өмірін сақтау,
материалдық зардаптарды төмендету. Осылайша ТЖ хабарлау кең түрде болып
халықаралық митигация сияқты терминдерге қарама - қарсы келмейді.
Қалпына келтіру – апаттан кейінгі өмір сүру жағдайын апатқа дейінгі
жағдайға дейін қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттерге
тұрғын үй салу, барлық қызмет түрлерін, инфраструктураларды қалпына
келтіру кіреді.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі
және бейбіт, соғыс халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы
заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында
өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Дүлей зілзала – адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болатын
материялдық шығын, адам денсаулығына қауіп төндірумен және адам өлімімен
сипатталады.
Эвакуациялық органдар – халықты, материалдық құндылықтарды,
тіршілікті
қамтамасыз ететін, өндіріс орындарын қауіпсіз аймаққа шығаруға
арналған орталық, жергілікті атқару органдары құрған эвакуациялық және
қабылдау комиссиялары.
48
ТҚН органдары күші – әскери бөлімдер, территориялдық, объективті
ұйымдар, ТҚН органдары ұйымы және ТЖ құтқару топтары.
ТҚН органдарын ұйымдастыру – территориялды, объективті ұйымдар,
облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық, жергілікті атқарушы органдарында,
ұйымдарда ТҚН және ТЖ қызметтерін ұйымдастыру.
ТҚН және ТЖ қызмет органдары – республикалық, облыстық, аудандық,
қалалық ТҚН және ТЖ қызмет органдары, Қазақстан Республикасының
Өкіметі,
әкімдермен, орталық және жергілікті атқарушы органдарының,
ұйымдардың жетекшілерінің шешімімен ұйымдастырылады.
Авария – материалдық құндылықтардың зақымдалуына және жойылуына
алып келетін өндірістік кәсіпорындарда, көліктерде және басқада объектілерде
жұмыстың кездейсоқта тоқтатылуы немсе өндірістік технология процесінің
бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: