2) Табиғи және техногендік сипаттағы (ТТС) төтенше жағдайлар туралы,
05.07.96 ж. № 19-1.
3) Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды ескеру және
жоюдың Мемлекеттік жүйесі туралы, Қазақстан Үкіметінің 28.08.97 ж. №1298
Қаулысы.
4) ҚР төтенше жағдайлар Министрлігінің жағдайы туралы, Қазақстан
Үкіметінің 28.10.04 ж. №1112 Қаулысы.
5) ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін
ары қарай жақсарту бойынша
шаралар туралы, Қазақстан Үкіметінің 29.09.04 ж. №1449 Қаулысы.
Қоршаған орта және техногендік қауіпсіздік жағдайының талдауы.
Адамдардың өмір сүру жағдайларының олардың денсаулықтарына деген
әсері ежелден байқалды. Алайда, тек XXI ғасырда адамзат көптеген
аурулардың тікелей атмосфераның ластануымен, кір ауыз сумен және сапасыз
азық-түлікпен байланысын байқады.
Ауаның ластануындағы негізгі еуропалық мәселе – соңғы 20-25 жылда
үш есе көбейген күкірт диоксиді шығарындысы. Еуропадағы күкірт диоксиді
шығарындысының бағалық мөлшері: 2000-2004 жж. – 35 млн т/жыл дейін,
2005-2009 ж. - 70 млн т/жыл, 2010-2015 жж. - 100 млн т/жыл аса және бұдан
әрі көбеюі күтілуде. Күкірт диоксиді шығарындылары көбеюінің негізгі
белгілерінің бірі - Еуропаның көп бөлігінде жауын-шашынның қышқылдануы.
Атмосфера көліктер мен өндірісті орындардан шығатын түрлі зиянды
газдармен ластанады. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде
күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртегі
оксиді мен диоксидінің атмосфераға түсуіне апарады.
Химиялық заттар – атмосфераның жерге күннің радиациясын
жібермейтін кедергіні бұзады.
Екі бастапқы экологиялық мәселеден – табиғи ресурстарды қайдан алу
және өндірістік қалдықтарды қайда жіберу деген сұрақ туындайды.
Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның
шаруашылық сыйымдылығы шегінен асып
кеткенде ғана қayiпті ахуал,
экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына,
коршаған
ортаның, адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы
үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады.
Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл
сайын 25,5 млрд тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн
тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (
фреондар
),
көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік
ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде.
Атмосфераның ластануы
табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері,
шаңды құйындар және т.б. лар) және
антропогенді (өнеркәсіптер, энергетикасы,
ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның
табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жер
бетінде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау
жыныстарының үгітілуіне,
шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне
6
(найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы
сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген
организмдердің іріп-шіруі
процестеріне байланысты.
Атмосфераны
табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни
әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар,
саңырауқұлақ споралары, кейбір
өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Жыл
сайын жерге 2-5 млн тонна космостық шаң түсіп отырады.
Атмосфералық ластанудың
антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік
кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері,
ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана
қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады:
шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика
ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды
өңдейтін технологияға байланысты болады.
Техногенді шығарындылардың
құрамында бірнеше мыңдаған
қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап
атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе),
көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері,
фосфор қосылыстары,
күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Достарыңызбен бөлісу: