Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Су ресурстары және оларды қорғау. Ақаба суларды жіктеу



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

4 дәріс. Су ресурстары және оларды қорғау. Ақаба суларды жіктеу
Дәрістің мазмұны. Су ресурстарының сипаттамалары және дәрежелеулер
келтіріледі. Суды ластаудың көздері мен оны тиімсіз пайдалану проблемалары
қарастырылады.
Дәрістің мақсаты. Өндірістік ағын сулардың негізгі дәрежелерімен
және оларды тазарту мен залалсыздандырудың әдістерімен таныстыру.
Су ресурстарының жалпы мәліметі. Гидросфера – жер шарындағы барлық
сулардың жиынтығы: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалары, жер
асты сулары, мұздықтар, қар қабаттары.
Су – бірегей кешен ретінде үздіксіз қызмет атқарып тұратын және адамның,
жануарлардың және өсімдіктердің өмірлік тұтынымдарын қолдауға; өндірістік
-шаруашылық қажеттіліктерін өтеуге; балық өсіргенде, арнайы технологиялық
үрдістерді (электр қуатын өндіру) қамтамасыз етуге арналған табиғи ресурс.
Жер шарындағы су ресурстарының қазіргі замандағы мөлшерін 1370000 мың
км

, су ресурстарының қатынасы - 97,2 – 97,5%.
Суды көп мөлшерде пайдаланатын өнеркәсіптерге химия, металлургия,
энергетика және жылуэнергетикасы жатады. Мысалы, 1 тонна шойын өндіруге
200 м
3
, 1 тонна алюминий өндіруге - 1500 м
3
, мыс өндіруге - 500 м

су жұмсалады.
Егер суды дұрыс және ысырапты пайдаланса, онда адамзат 2100 жылдары
барлық таза су қоры жоюы мүмкін.
Су қолданысында судың санитарлық жағдайы мен сапасы шекті рұқсат
етілген концентрацияға (ШРК) сәйкес келуі керек. ШРК – бұл зиянды
заттардың мүмкіндігінше ең жоғарғы концентрация мөлшері, одан асқан кезде
суды су қолданысының түріне қарай қолдануға болмайтындығын анықтайды.
Су сапасының негізгі көрсеткіштері: шекті рұқсат етілген концентрация,
қалқып жүрген заттар (мг/литр), су бетіндегі қоспалар, исі, дәмі, түсі және
температурасы, минералдық құрамы, құрғақ қалдықта 1000 мг/л аспауы керек,
оттегіндегі судың биологиялық белсенділік сұранысы 3 мг/л - 6 мг/л артық
16


болуы керек және суда бірнеше зиянды заттар болса, онда концентрациялар
қосындысының ШРК қосындысына қатынасы бірден артпауы қажет. Бұл
жағдайда зияндылықтың шектеуші көрсеткіші қолданылады.
Әртүрлі ортаға байланысты шекті рұқсат етілетін
концентрациясының (ШРК) - сипатына қарай белгілену
ерекшеліктері болады. Төменде ақаба сулар бойынша
тоқталып өтеміз:
- ШРК
су
- шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени
тұрмыстық салада қолданылатын сулардың қоймаларындағы
заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясы, (мг/л). Бұл
концентрация адам органдарына өмір бойы тікелей немесе
жанама әсер етпейтін және келешек ұрпақтарға әсерін
тигізбей гигиеналық шарттарды нашарлатпайтын болуы
керек;
- ШМК
б.ш.
-
балық шаруашылығында қолданылатын
сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы,
(мг/л).
Су үшін көрсеткіштер:
а) судың оттектегі биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) деп –
органикалық заттардың биохимиялық тотығуы кезіндегі
(нитрификация процестерінен басқа) сынаманың белгілі бір
уақыт аралығындағы (2, 5, 20, 120 тәулік) жұмсайтын оттек
мөлшерін (мг) айтады;
б) судың оттектегі химиялық қажеттілігі (ОХҚ) деп –
судағы бар барлық тотықсыздандырғыштарды тотықтыру
үшін бихроматтық әдіспен, яғни жұмсалған тотықтырғышқа
оттектің эквивалентті мөлшерде жұмсалуы әдісімен
анықталған оттектің мөлшері.
Ақаба суларды жіктеу (классификация). Өндірістің дамуы су қоймаларына
өндірістік ақаба сулардың нашар әсер етуін болдырмаудың қажетілігін
білдіреді. Өндірістік кәсіпорындардың сарқынды сулары құрамының,
қасиетінің және шығындарының әртүрлігімен байланысты ерекше әдістерді,
сондай-ақ оларды төңіректік, алдын ала және толық тазалаудың құралдарын
пайдалану қажет.
Әр өндірістік кәсіпорынның инженерлік коммуникация құрамында
кәріздік тораптары мен құралдарының кешені болады, олар арқылы кәсіпорын
аумағынан пайдаланылған суларды, сондай-ақ сарқынды суларды алдын ала
өндіретін және олардан құнды заттар мен қоспаларды шығаратын құрылғыларды
шығару іске асырылады.
Өндірістік ақаба суларға өндірістік технологиялық барысында пайдаланыл-
ған немесе пайдалы қазбаларды тапқан кезде алынған сулар жатады.
Өндірістік ақаба сулар негізгі екі санатқа бөлінеді: ластанған және ластанбаған
(шартты тазартылған). Ластанған өндірістік ақаба суларда түрлі қоспалар
болады және үш топқа бөлінеді:
17


а) минералдық қоспалармен ластанған;
б) органикалық қоспалармен ластанған;
в) минералдық және органикалық қоспалармен ластанған.
Қоспалардың сипаты бойынша олардың физикалық-химиялық құрамынан
байланысты ақаба суларды екі үлкен топқа бөледі: гомогендік және гетерогендік
жүйелер, олар келесілерге бөлінеді:
а) 10
2
- 10
3
нм және одан астам бөлшектер шамасы бар суда ерітілмейтін
қоспалары болатын сарқынды сулар;
б) коллоидтік қоспалары бар ақаба сулар;
в) газ және молекулярлық-ерітілетін органикалық заттары бар ақаба сулар;
г) нақты ерітілетін заттары бар ақаба сулар.
Ластандыратын заттардың шоғырлануы бойынша өндірістік ақаба
суларды төрт топқа бөледі: 
- 1-ден 500 мг/л дейін – бос шоғырланған;
- 500-ден 5000 мг/л дейін – нашар шоғырланған;
- 500-ден 30 000 мг/л дейін – жоғары шоғырланған;
- 30 000 мг/л жоғары – өте жоғары шоғырланған.
Ақаба сулар үш түрге бөлiнедi: өндiрiстiк, тұрмыстық, атмосфералық.
Өндірістік ақаба сулар - технологиялық процесте пайдаланылған сулар. Олар
екі негізгі категориядан тұрады: ластанған және ластанбаған. Ластанған төгінді
сулар минералды, органикалық, бактериялық, биологиялық қоспалардан тұрады.
Тұрмыстық ақаба сулар - бұл өндірістік және өндірістік емес ғимараттар-
дың санитарлы желілерінен және душ қондырғыларынан шығатын сулар.
Атмосфералық ақаба сулар - жаңбыр және қар сулары. Атмосфералық
жауын-шашын құрамында 100 мг/л қоспалар бар.
Су – өнеркәсiптiк өндiрiсте пайдаланылатын ең маңызды табиғи ресурс.
Технологиялық процестерде суды қолданудың төрт категориясын, яғни өте
мағыналы бағыттарын ерекшелеуге болады:
- 1 категорияның суы сұйық және жылу алмастырғыш аппараттардағы
газ сияқты өнiмдердiң конденсациясының сууы үшiн қолданылады;
2 категорияның суы әртүрлi ерімейтiн (механикалық ) және еритiн (су
қызбайды, бiрақ тиiстi қоспалармен ластанады) қоспаларды игере алатын орта
болып табылады; 
- 3 категорияның суы 2 категория суы сияқты пайдаланылады, бірақ
қыздырылумен (мысалы, скрубберлердегi газ тазарту мен
кокстi сөндiру және т.б.);
- 4 категорияның суы экстрагент және реагенттердiң ерiткiшi ретінде
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет