Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Ақаба суларды тазалау әдістері



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

5 дәріс. Ақаба суларды тазалау әдістері
Дәрістің мазмұны. Ақаба суларды тазалау әдістерінің сипаттамалары
және ақаба суларды залалсыздандыру процестері қарастырылады.
18


Дәрістің мақсаты. Өндірістік ағын сулардың негізгі дәрежелерімен
және оларды тазарту әдістерімен таныстыру.
Ақаба суларын тазалау әдістері механикалық, физика-химиялық және
биологиялық болып бөлінеді. 
1. Ақаба суларды механикалық тазалау.
Механикалық тазалау, әдетте, өндірістік ақаба суларды алдын-ала
тазалаудың тәсілі болып табылады. Ерітілмейтін минерал және органикалық
қоспалар жоғары шоғырланатын сулар үшін қолданылады. Механикалық тазалау
үшін сүзгілеу, тұндыру және сүзу операцияларын қолданады.
5.1 кестеде ақаба суларын тазалау әдістері, олардың құрамы мен
ластандыратын заттардың шоғырлануынана байланысты тазалаудың әдістерін
таңдау бойынша ұсыныстар келтірілген.
5.1 кесте – Ақаба суларын тазалау әдістері
Ластан-
дыратын
заттардың
шоғыр-
лануы, мг/л
Заттары бар ақаба суларын тазалау әдістері
Қайнау температурасы бар органикалық,
0
С
Органикалық
емес
< 120
120-250
> 250
1-500
Биологиялық, химиялық, сорбциялық
Химиялық,
сорбциялық
Механикалық
химиялық,
сорбциялық
500-5000
Химиялық (озондау,
хлорлау), сорбция-
лық, биологиялық
тазалауы бар сұйық-
фаздық тотығу,
пештегі жану
Химиялық, сорб-
циялық, экстрак-
циялық, биология-
лық тазалауы бар
сұйықфаздық тоты-
ғу, пештегі жану
Сорбциялық,
биологиялық
тазалауы бар
сұйықфаздық
тотығу,
пештегі жану 
Механикалық
сорбциялық,
буландыру
5000-30000
Химиялық, экстракциялық, биологиялық тазалауы бар
сұйықфаздық тотығу, пештегі жану
Механикалық,
буландыру,
теңізге тастау,
жерге жерлен-
діру, қайнала-
тын қабатта
кептіру
>30000
Экстракциялық, тазалаудың түрлі әдістері бар
сұйықфаздық тотығу, пештегі жану
Механикалық,
буландыру,
теңізге тастау,
жерге
жерлендіру,
қайналатын
қабатта
кептіру
Сүзгілеу ақаба сулардан 100-250 мкм мөлшерлі механикалық бөлшектерді,
сондай-ақ құйылыстарды арықарай өңдеу барысында жабысып тұратын және
19


тазалайтын жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі беретін аса майда
талшықты ластануларды бөлуге арналған.
Тұндыру ақаба сулардан органикалық және минералдық текті ерітілмейтін,
әрі жартылай-коллоидті механикалық ластануларды бөлуге арналған. Ол
сұйықтағы қатты бөлшектерді тұндыру заңына негізделген. Сонымен тұндыру
барысында түйірленетін және сол кезде өзінің формасы мен мөлшерін
өзгертетін бөлшектерді еркін тұндыру іске асырылады. Еркін тұндыру 1 %
немесе 8 кг/м
3
дейін бөлшектерді шоғырлаған кезде байқалады. Тұндыру
құмұстағыштарда және тұндырмаларда іске асырылады.
Сүзу – ақаба суларды қалықтаған бөлшектерден терең тазалауға
арналған. Фазаларды бөлу сұйықты өткізетін және қатты бөлшектерді ұстап
қалатын кеуекті қалқа арқылы жүргізіледі. Қалқаларды таңдау ақаба судың
қасиетінен, температурасынан және басқа факторлардан байланысты болады.
Әсіресе торлы элементтері (микрофильтрлері және дағыра торы) бар сүзгілерді
жиі пайдаланады.
Тазартылған ақаба сулардың сапасына қойылатын талаптардан байланысты
түрлі тазартатын құрылғыларды: сүзгілеу үшін - қоспалардың арна бойынша
жылжитын ірі бөлшектерін ұстауға арналған торлар мен торкөздерді; суда
қалықтайтын майда қоспаларды ұстау үшін - тұндырмаларды, сүзгілерді,
гидроциклондарды және б. қолданады. Құмұстағыштарды есептеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет