1 Дәріс. Автоматтандырылған электржетек жүйесінің белгілеулері мен құрамы. Электржетек қозғалысының теңдеуі
Мақсаты: электржетектің негізгі механикалық және кинематикалық сұлбаларын оқып-білу. Есептеу механикалық сұлба құрылуын, денелердің қозғалуы мен байланыс қаттылығы және жүктеменің есеп жылдамдығын келтіру.
Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру үшін және түрлендірілген электр энергиясымен басқарудағы электрмеханикалық құрылғы электржетек деп аталады.
1.1 суретте өндірістік механизмдегі автоматтандырылған электржетектің толық функционалды сұлбасы көрсетілген. Жетектің басқару ЖБ жүйесі, күштік КЖБ және ақпараттық құраушыларымен бірге, қоректі Uc,Ic,fc параметрлерімен және оларды ЭД қозғалтқыштың қоректенуі үшін соңғы жұмыс режіміне сәйкес түрлендіреді. Беру механизмі БМ, ЭД білігіндегі механикалық параметрлер мен моменттің МВ және айналу жиілігінің ωВ түрлендірілуі үшін және олардың орындаушы механизмге ОМ жіберу қызметін атқарады.
Тұйық жүйелерде АЭЖ сигнал басқаруының қою құрылғысының (ҚҚ) және кері байланыс датчигі КБД сигналдарымен салыстыру кезінде болады. Нақты агрегаттарда сүлбенің бөлек элементтері болмауы мүмкін.
БМ мысалына, жіберу санына i= ωВЫХ/ωВХ сәйкес айналудың бұрыштық жиілігін (1.2 а суретті қара) түрлендіру үшін қолданылатын редукторды айтса болады. Сонымен қатар БМ – ω жиілікті қозғалтқыш білігінің айналу және де керісінше - сызықты жылдамдықты V (1.2 б, с суретті қара) түзетін қозғалысын түрлендіру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |