Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Дәріс. Қыздыру бойынша қозғалтқыштарды тексеру. Эквивалентті өлшемдер амалы



бет34/36
Дата03.01.2022
өлшемі0.55 Mb.
#450457
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ дәрістер

15 Дәріс. Қыздыру бойынша қозғалтқыштарды тексеру. Эквивалентті өлшемдер амалы

 

Мақсаты: Әртүрлі жүктеме түрлері үшін қозғалтқыш қуатын таңдауды үйрену.

Жалғасу жұмыс режімінде қыздыру бойынша қозғалтқышты тексеру орташа шығын амалымен жүргізілуі мүмкін. Жүктемелік диаграмманың циклдық сипаттамасы және түрі 7-суретте көрсетілгендей болсын делік. Бұндай жағдайда циклдың басында артық алынған жылу саны, циклдың аяғында артық алынған жылу санынан айырмашылығы болмайды, яғни цикл бойынша алынған барлық жылулар қоршаған ортаға кетеді:

,                                          (15.1)

 

Цикл бойынша орташа қуат шығыны қызып кету температурасына пропорционал. Номинал режім үшін



 

.                                          (15.2)

РН – шығынның номинал қуаты, ол мынаған тең

 

                                          (15.3)

мұндағы РН – қозғалтқыштың номинал қуаты;

ηН – қозғалтқыштың номинал ПӘК-і;

τН = τДОП – қозғалтқыштың қызып кетуінің номиналды температурасы.

( 12.1) және (12.2) салыстыра отырып, орташа шығын амалының түрленуіне келеміз. Егер цикл бойынша шығынның орташа қуаты шығынның номиналды қуатынан (∆РСР ≤ ∆РН) асып түспесе, онда қызып кетудің орташа температурасы мүмкін болатын температурадан (τСРτНДОП) аспайды. Тексерудің реті келесідей. Қозғалтқыштың жүктемесінің әрбір деңгейіне (15.1 суретті қара) η(М) қисық бойынша ПӘК ηi  мәнін табамыз, қуатын Pi =Miωi есептейміз және шығынын анықтаймыз.

.

Содан кейін орташа шығынды есептейміз



және (15.3) бойынша анықталған ∆РН -мен салыстырамыз (n=3 мысалында). Егер ∆РСР ≤ ∆РН болса, қозғалтқыш дұрыс таңдалынған. Егер ∆РСР > ∆РН болып қалса, онда қозғалтқыш қызып кететін болады, ал олай болмауы керек. Ал егер ∆РСР << ∆РН болса, қозғалтқыш қатты қыздыру бойынша нашар қолданылған болады. Екі жағдайда да қозғалтқыштың басқа қуатын таңдау керек және жүктемелік диаграммасын тұрғызу керек және де тексеруді қайта жүргізу керек.

     Егер есептеу кезінде жүктемелік диаграмма тұрғызу нәтижесінде токтың I(t) екі қисығы болсаэквивалентті ток әдісін қолдана отырып, қозғалтқышты қатты қыздыру арқылы, тексерілуін шығынды есептемей жүргізуге болады.

ЭҚ-дағы шығындарды толығымен жүктеме бойынша анықталатын,  жүктемеден тәуелсіз тұрақты шығындардың  k  қосындысы және айнымалы шығын  I2R  ретінде қарастыруға болады

 

.

 

Тұрақты шығындарға кернеуден, жылдамдықтан және т.б. тәуелді, іс жүзінде жүктемеден тәуелсіз механикалық, вентиляциондық және болаттағы шығындар жатады.   



Эквивалентті ток деп жұмыс кезінде электр қозғалтқышта жүктеменің айнымалы сызба кезіндегі орташа шығынға тең шығынын бөліп шығаратын өлшемі бойынша өзгермейтін токты айтамыз, яғни

 

.

 

     Жалғасу жұмыс режімінде және қозғалтқыш жүктемесінің айнымалы сызбасында бір цикл кезінде шығынның орташа қуаты:       



 

.

Тұрақты және айнымалы құраушылар арқылы сызбаның әрбір бөлігіндегі шығынды өрнектеп және эквивалентті ток арқылы олардың мәндерін орташа шығынға ауыстырып аламыз

 

.

Жақшаларды ашып және тұрақты және айнымалы шығындарды топтағаннан кейін;

 

,

 

бұл жерден жүктеменің айнымалы сызбасы кезіндегі эквивалентті ток шығады



 

,

Немесе, жалпы жағдайда



.

Осылай есептелген ток таңдалған қозғалтқыштың номиналды тогымен салыстырылады және IЭКВ ≤ IН  кезінде қозғалтқыш қатты қыздыру шарттарын қанағаттандырады.

Егер ЭҚ магниттік ағыны циклда тұрақты болса, онда,  М = cI ескергенде, өрнек бойынша былайша есептеледі.

 

 

Қатты қыздыру бойынша тексеру шарты- МЭКВ ≤ МН .



Қуат сызбасы түрінде берілген жүктемелік диаграмма және тұрақты ағынды және іс жүзінде тұрақты жылдамдықты  ЭҚ жұмысы  кезінде, эквиваленттілік әдісін қолдануға болады, ол төмендегідей анықталады:

 

.

 

Бұл жағдайда қатты қыздыру бойынша тексеру шарты- РЭКВ ≤ РН .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет