Коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет2/7
Дата27.06.2022
өлшемі122.68 Kb.
#459498
1   2   3   4   5   6   7
ауылшаруашш Силлабус

Пәнді оқудың мақсаты - Шикізат, жартылай фабрикаттар мен азық-түлік өнімдерінің сапасы мен азық-түлік қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыратын пән болып табылады
Пәнді оқудың міндеттері: ауылшаруашылық саласында бағалы да, сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде биология білімдерін мен биотехнологиялық әдістерінің дәстүрлі түрде қолданылу жолдарын түсіндіру; генетикалық және жасушалық инженерияны ауқымдайтын, қәзіргі заманғы технологиялық процесстерді игерту; биотехнологиялық әдістермен алынатын ауылшаруашылық өнімдері және шикізаттардың көп және әртүрлі болатынын жеткізу; азық түлік және тамақ жасау технологиясының ауылшаруашылық биотехнологиясымен тығыз байланысын студенттерді түсіңдіру; ауылшаруашылығы биотехнологиясының келешегімен студенттерді таныстыру;практикалық және зертханалық сабақтарды теориялық біліммен нақтылау;


Пререквизиттер: Адам және жануарлар физиологиясы, Жануарлар биотехнологиясы.
Постреквизиттер: Диплом алдындағы тәжірибе, дипломдық жұмысты жазу және қорғау


Пән бойынша қалыптасқан оқу нәтижелері:



МЖБС бойынша деңгейдің дескрипторлары
( 6, 7.8).

Пән бойынша оқыту нәтижелері ((п)ОН)

оқу саласындағы озық білімге сүйене отырып, оқу саласындағы білімі мен түсінігін көрсету

ОН 5 Биологиялық қауіпсіздік талаптарын, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, олардың құқықтық негіздерін, сонымен қатар, ағзалардың қауіп-қатерін бағалау мәселелерін, практикалық дайындық шеңберінде қызметтің ықтимал қоғамдық, этикалық және экологиялық салдарын талқылау, биотехнологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде техникалық құралдардың сенімділігін, қызмет көрсететін қызметкерлердің қауіпсіздігі мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету әдістерін қолдану.

білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді тұжырымдау және оқу саласындағы мәселелерді шешу

ОН 6 Әр түрлі мақсаттағы биотехнологиялық өнімдерді өндіру және жаңа биотехнологиялық процестерді әзірлеу бойынша мәселелерді шешу мақсатында биологиялық жүйелерді зерттеудің заманауи әдістерін талдау, технологиялық процестерді бақылау, реттеу және басқарудың тиімді кезеңдерін ұсыну, зертханадағы жұмыс техникасының негізгі тәсілдерін меңгеру негізінде қарапайым оқу-зерттеу тәжірибесін жүргізу, есептерді орындау, нәтижелерді ресімдеу, қорытынды жасау.

әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;

ОН 9 Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары негізінде өнімдер синтезінің биотехнологиялық принциптерін қалыптастыру, шикізат пен өнім сипаттамалары мен биотехнологиялық процестер арасындағы байланысты зерттеу және анықтау, жануарлардың жоғары өнімді өнеркәсіптік тұқымдарын алу әдістерін, сонымен қатар, оларды өндіру әдістерін қолдану, өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық регламентін әзірлеу.



оқу саласындағы оқу, практикалық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолдану




оқу саласында одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу дағдылары




ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу және оларды оқу саласында қолдану




фактілер, құбылыстар, теориялар және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктер туралы білім мен түсінуді зерттеу саласында қолдану;




академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет