Топырақ зоналары
Жалпы топырақ географиясында топырақты аудандастыру деген ұғым бар. Топырақты аудандастыру - топырақ құрамына қарай аумақтарды кішігірім таксономикалық бірліктерге бөле отырып қарастыру. Осы топырақ аудандастырудың бөлігі – топырақ зонасы болып табылады.Топырақ зоналары – топырақ түрлері мен оның қасиеттері арқылы және климаттың өзгеріске ұшырауының әсерінен пайда болады. Яғни, әлемде аумаққа байланысты климаты да, топырақ жамылғысы да әртүрлі болып келетіні мәлім. Өсімдік дүниесі де, жануарлар да, топырақ түзуші факторы да әр аумақта өзгеріске ұшырап отырады. Топырақ зоналылығы белгілі бір ретпен, бір заңдылықпен жүреді. Топырақтану ғылымының атасы атанған В.В.Докучаевтың айтуы бойынша топырақтың таралуы тек қана жазық жерде ғана емес, таулы аймақтарда да топырақтың зоналылығы қалыптаса алады. Бұл ғалымның айтуына мысал ретінде Кавказ тауларын алсақ болады. Себебі, Докучаев Кавказ тауына зерттеу жүргізіп, оның төменнен жоғары қарай табиғаты, топырақ жамылғысы, флора мен фаунасы өзгеріске ұшырайтынын анықтаған. В.В.Докучаевтың зерттеуінше, жер беті биіктеген сайын табиғат құбылыстары өзгереді. Яғни, климат, флора мен фауна барлығы өзгереді. Бұл факторлар топырақ түзуші негізгі факторлар болып табылған соң, тікелей топырақта үлкен өзгеріске ұшырайды. Сондықтан да, жер бетінде зоналық пайда болады. Топырақтың әр түрі белгілі бір аймақта үстемдік ететінін және топырақ аймағын немесе топырақ белдеуін құрайтындығын көрсетеді. Топырақ зоналалығы көлденең және тік белдеулік болып ажыратылады. Көлденең белдеулік бір-бірін солтүстіктен оңтүстікке қарай ауыстыратын топырақ аймақтары. Тік белдеулік тау бөктерінен бастап тау жоталарының шыңдарына дейінгі таулы аймақтардағы топырақтың үнемі өзгеруін білдіреді. Сондықтан кез-келген топырақ зонасын бір-бірін солтүстіктен оңтүстікке ауыстыратын субзондарға, сондай-ақ кейде батыстан шығысқа қарай орналасқан провинцияларға бөлуге болады.
Қазіргі кезде жер бетінде зоналар топырақ – климаттық белдеулер бөлініп қарастырады. Осы белдеулер қатарында полярлық, бореалдық, суббореалдық секілді белдеулерге бөлінеді. Полярлық белдеу – арктикалық белдеу деп те аталады. Бұл белдеу Ресейдің солтүстігін алып жатыр, картада бұл жер Солтүстік мұзды мұхит және оның жанындағы кішігірім аралдар кіреді.
Жалпы бұл полярлық белдеуде тундра зонасы қалыптасқан. Тундра зонасының көлемі 180 млн гектарды құрайды. Бұл аймақ мұз басу дәуірінен кейін пайда болған. Полярлық белдеудің басқа белдеулерден айырмашылығы - бұл белдеудің көп бөлігін әлі де мұз басып жатыр. Қысы өте ұзақ, жазы қысқа. Қысы ұзақ болғандықтан мұнда өсімдік, егін егу мүмкін емес,яғни вегетациялық мерзімі өте аз. Ылғал аз түседі. Қысы, жазы жер бетінде қар жатқандықтан, топырақ ішіне ылғалдың жерге енуі мүмкін емес. Бұл жерде тіршілік жоқ, себебі, күн суық, күн сәулесі жетіспейді. Тундра зонасының өзі кішігірім зонашаға бөлінеді. Олар:
Арктикалық зонаша
Кәдімгі зонаша
Орманды зонаша.
Арктикалық тундра немесе зонаша – қар мен мұз басқан аумақтар. Бұл аумақтар кең, ашық алаңдар және бұл аумақтар дамымаған.
Кәдімгі тундра немесе зонаша – дұрыс дамымаған, батпақты топырақты аумақтар, ойдым-ойдым біркелкі емес аумақтар. Кәдімгі тундрада глейлі топырақтар да бар. Жалпы, полярлық аймақта жаңа айтып өткендей, булану аз, топырақтың астына ауа бармайды. Ауа бармағандықтан топырақ ішіндегі химиялық қосылыстар тотықсызданып, топырақтың түсін өзгертіп жібереді. Көкшіл түске айналған топырақ глейлі топырақ болып өзгереді. Бұндай топырақтарға мүктер мен қына секілді арктикада өсетін өсімдіктер өседі.
Орманды тундра – оңтүстікке қарай жылжый берген сайын қалыптасады. Бұл жақта мүк, қына, бұта секілді өсімдіктер өскенімен, оңтүстікке қарай қайың секілді ағаштар өседі. Орманды зонаша да өсетін ағаштар жарамсыз.
Тундра зонасының басқа зоналардан айырмашылығы бұғы шаруашылығында. Басты қасиеті бұл бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Ал егін шаруасын қолдану мүмкін болмайды. Кейде, жел,суық аз болатын ық жерлерде тез өсетін, суыққа төзімді өсімдіктерді өсіруге болады.
Келесі топырақ белдеуі бізде бореалдық белдеу. Тундра зонасының оңтүстігіне қарай бореалдық белдеу орналасқан. Бореалдық белдеуде тайга зонасы қалыптасады. Тайга зонасының көлемі шамамен 11000 ды құрайды.Тайга зонасында әлі де мұз басып жатыр. Себебі, өткен дәуірлерде топырақ бетін мұз юасып жатқан. Бұл зона тундрамен салыстырып қарағанда жылы, бірақ негізінен суық.Негізінен, тайга зонасының көп бөлігін орманды жерлер алып жатыр. Орманды жерлержің солтүстігінде қылқан жапырақты ағаштар өседі, ал оңтүстігінде керісінше жай ағаштар өседі.Бұл зонада жаңбыр мол жауғандықтан вегетациялық кезеңі әлде қайда көп уақытты қамтиды. Сонымен қатар, бұл жерде органикалық заттар жеткілікті болғандықтан, олар ыдырап, топыраққа сіңіп кете береді. Жаңа айтып өткендей ағаш жапырағы топыраққа жақсы әсер ететіндіктен, топыраққа жапырақтар түсіп,сол жер қалыңдай береді, ол жәймендеп минералдарға айнала береді. Тундра зонасы секілді тайга зонасы да өздігімен 3 зонашаға бөлінеді:
Күлгінді топырақтар
Шымды- күлгінді
Шымды – шалғынды.
Күлгінді топырақтар. Бұл қабат орман төсенішіне(бетіне) жақын орналасады.Оның қалыңдығы 30-35 см болуы мүмкін.
Келесі шымды- күлгінді топырақтар – күлгінді топырақтардан айырмашылығы бұл жерде топырақ төсеніші дұрыс емес, 2-3 смді ғана құрайды.Шымды- күлгінді топырақтардың төсеніші қураған, шіріген өсімдіктің қалдығынан құралады. Бұл қабат аяқталған соң шымды қабат басталады. Шымды қабат – қоңыр немесе сұр түстерден құралады.
Шымды – күлгінді топырақтардан соң шалғын көп өсетін , ормансыз жерлерде шымды-шалғынды топырақ қалыптасады. Бұл қабатта өсімдік өсіруге болмайды, себебі бұл аймақта қарашірінді аз. Және бұл зонада орман шаруашылығы жақсы дамыған. Ал егін егуге Еуропа жақ қана ыңғайлы. Бұл жерлерде ылғал мол түскендіктен арпа, бидай деген сияқты өсімдіктер өседі. Ал күннің көзін керек ететін, олсыз өспейтін өсімдіктерді өсіруге болмайды.
Осы күлгін топырақ пен қара топырақтың арасында өтпелі белдеу суббореалды белдеу қалыптасады. Бұл белдеуге сілтісізденген топырақтар жатады. Белдеу орманды дала зонасына кіреді. Оның көлемі 150 млн дай. Айтқандай, орманды зоналарда сұр топырақтар, ал ормансыз жерлерде шалғынды сілтісізденген топырақтар кіреді. Орманды зона мен далалы зонаның өзара айырмашылықтары да бар. Мысалы, орманды зонада ауа райы жылы, дала зонасында керісінше суықтау. Бұл зонаданың батыс бөлігінде жауын-шашын көп жауады, ылғал мол. Ал шығыс жағында ылғал азаяды, себебі бұл жақта күн суық. Суббореалдық белдеуде қара шірінді мол, қоректік заттар көп. Қарашірінді мөлшері шамамен 9-10% . Егін шаруасына жақсы. Бұл жердің негізгі егіні – бидай болып табылады. Бұл жерде өсетін өсімдіктер қалың, тамырлары ірі болып келеді. Және бұл жерлерде самал жел еседі, күннің көзі де жақсы түседі. Жаібыр да жаз айында аз жауады, сол үшін өсімдіктер баяу шіриді де, топыраққа сіңе береді. Сондықтан да бұл жердің топырағы қап-қара және жыл сайын егін егуге ыңғайлы болып тұрады. Осы қара топырақ негізгі үлкен 3 бөліктен тұрады:
Қара шіріндісі мол қабат
Өтпелі қабат
Топырақ түзуші аналық жыныстар.
Қара шіріндісі мол қабат деген – қара немесе қанық қоңыр түстегі топырақтар, ондағы қарашірінді 20-60 см қалыңдықта. Өтпелі қабатта сұр және қоңыр түсті топырақтар, олардың қалыңдығы 40-80 см-ді құрайды. Топырақ түзуші аналық жыныстар – шаңды жыныстардан, лесс тектес топырақтан, карбонатты топырақтан тұрады.
Келесі белдеу субтропикалық белдеулер. Бұл белдеу де өтпелі белдеулер қатарына кіреді. Бұл белдеу көбінесе тау баурайларында, бөктерлерінде кездеседі. Бұл жерде топырақтар жазы ыстық әрі ұзақ, қысы да жылы болғандықтан субтропикалық деп аталады. Зонаның көлемі 32 млн гектар.Бұл жерде көктемге ылғал мол түседі. Бұл зона көптеген тауларда жататындықтан, тау баөктерінде ылғал мол,жер мен салытырып қарағанда 200-400 мм жоғары. Бұл зонаның үлкен бір ерекшелігі тау бөктерінде ылдиға қарай біраз еңістірек келеді. Бұл жер асты суының қалыптасуына септігін тигізеді. Бұл зонадағы субтропикалық саванналы, ауыспалы ылғалды алқаптарында қоңыр, сұр-қоңыр түсті топырақтан тұрады. Тмд елдерінде бұл топырақтар таулы аудандырдың сирек орманды жерлерінде кездеседі. Бұл зонаға Жерорта теңізінің ауа райы ықпал жасайды.Яғни, қысы жылы, жазы да ыстық, тіпті қыс жоқ деп есептеуге де болады. Қысқы және көктемгі мол ылғалдан соң қалың шөпті өсімдіктер мен сирек жапырақты бұталар да өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |