Компания туралы жалпы мәліметтер


Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар



бет3/8
Дата13.05.2023
өлшемі373.85 Kb.
#473652
1   2   3   4   5   6   7   8
Компания туралы жалпы м ліметтер

Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар белгілі көлемде және көрсетілген дәлдікпен орындалады. Олар жобалық құжаттарда көрсетілген талаптар мен ережелерге сәйкес құрылыс объектілерінің геометриялық өлшемдерін көтеру ментұрғызуда қолданылады. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар келесідей негізгі түрлерге бөлінеді: түсіріс жұмыстары,бөлужұмыстары,орындаушылық түсірістер,құрылыс объектілерінің деформацияларын бақылау.
Түсіріс жұмыстары объектіні жобалау кезінде қолданылып, инженерлік ізденістер кезінде жүргіледі. Бөлу жұмыстары құрылыс жұмыстары кезінде жүргізіліп, жобадағы ғимараттар мен жасақтардың негізгі осьтері мен нүктелерін жерге көшіруде қолданылады.
Орындаушылық түсірістер құрылыс кезінде және оның аяқталуында
орындалған құрылыстық монтаж жұмыстарының сапаларын анықтау және
бақылау үшін жасалады. Сонымен қоса тұрғызылған құрылыстың жаңа жоспарын тұрғызу үшін қолданылады.
Құрылыс объектілерінің деформацияларын бақылау жұмыстары құрылыс
кезінде және оның аяқталуына дейін жүргізіледі.
Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстардың орындалу мақсатына
келесідегілер жатады:
- құрылыс алаңындағы сызықтық жасақтар мен олардың бөліктерін,
құрылыс торын құру мен оларды жергілікті жерге көшіру, ғимараттар мен
жасақтардың негізгі осьтерін жерге көшіру. Сонымен қоса құрылыстық
технологияларды монтаждау;
- магистральдыдан басқа алаң аралық сызықтар жасақтар мен олардың
бөліктерін және уақытша ғимараттарды бөлу;
- бастапқы және монтаждық горизонттардағы ғиматтардың аралық бөлу
торларын құру, сонымен қатар технологиялық құралдарды монтаждау үшінарнайы тор құру. Егер бұл жұмыстар геодезиялық жұмыс немесе құрылыстық жұмыс жобаларында қарастырылған болса ғана жүргізіледі, сонымен қатар өндірістік бөлшектік бөлу үшінде;
- ғиматтардың геометриялық өлшемдерінің дәлдігін геодезиялық бақы- лау
және аяқталған объектілердің немесе олардың бөлшектерінің геометриялық өлшемдерін бақылау және орындаушылық түсірістер түсіру, оған арнап орындаушылық геодезиялық түсірістерқұжаттарынқұру;
- құрылымдар мен олардың бөліктер негізінің деформациясын геодезиялық өлшеу. Бұл егер жоспарлық құжаттарда қарастырылған болса, авторлық
бақылаумен бекітілген болса ғана жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген геодезиялық жұмыстар, құрылысты-монтаждық
жұмыстардың технологиясының маңызды бөлігі болып табылады және
бірыңғай кесте бойынша іске асырылады. Ол құрылыстық өндірісте анықталған уақыт бойынша және арнайы жұмыстармен іске асырылады.
Құрылыстағы геодезиялық бөлу негізін және ғимараттардың
деформациясын өлшеуді жұмыс беруші құрады. Орындаушының міндетіне
құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар өндірісі, ғимараттың геометриялық өлшемдер дәлдігін және орындаушылық түсірістердің орындалуын бақылау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет