Жұмыс барысынан суреттер:
Практика өту барысында мен компаниядағы бригадамен бірге Шу қаласына командировкаға барған болатынмын. Бұл командировка арқасында тәжірибемді арттыра түстім. Орындалған жұмыстарға қысқаша тоқтала кетсек: GPS көмегімен топосъмка, тахеометрмен жұмыс және де программаларда обработка.
AutoCAD бағдарламасының көмегімен геодезиялық жұмыстарды
атқару
Қазіргі таңдағы түрлі бағдарламалық кешендердің дамуы олардың
арасындағы бәсекелестікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар геодезиялық атрибутивті және кеңістіктік мәліметтерді де өңдеу саласында көптегенжетістіктерге жетіп отыр. Солардың арасында елімізде кең тараған әмбебап әрі экономикалық тұрғыдан тиімді бағдарлама AutoCad болып табылады. Оның ерекшелігі әркімнің қолы жете алатын бағасының болуы және жеңіл интерфейсті жұмыс орны. Жұмыс үстелі орталық сызба орнынан, меню жолынан, қасиеттерді көрсету терезесінен, сызу құралдары немесе приметивтер, командалар жолы және т.б бірнеше қызметке керекті жабдықтарды орналастыруға болатын бос орындардан тұрады.
Негізгі сызба жұмыстары приметивтердін көмегімен іске асырылады. Ал
импорттау немесе басқа бағдарламалардан тасымалдау шараларына келетін болсақ, олар тікелей импорт не арнайы қосымшалар арқылы жасалынады. Бірақ Credo_Dat сияқты арнайы бағдарламалардан эспортталған мәліметтерді әдейі жасалынған қабаттар бойынша өңдеу үшін осы әмбебап AutoCad арқылы түзету жұмыстарын атқарады да баспаға береді. Ең алдымен бағдарламаны жүктеп, содан кейін нақты форматтағы материалды көрсетіп бағдарламада ашу керек. Одан әрі тек құрал саймандармен сызу керек. Ыңғайлы болу үшін арнайы қабаттарда сызып, керек емес кезінде алып тастауға болады. Төменде келтірілген суретте бұл бағдарламаның толық көрінісін көруге болады. Бағдарламаның басты ерекшелігі оның әмбебаптылығы болып есептеледі және кез келген адамға түсінікті жұмыс атқару мүмкіндігінің болуы.
Енді осы бағдарламадағы негізгі түсіріс жұмыстарын өңдеуге арналған,
горизонталь сызуға және шикі өңделмеген нүктелік форматтағы материалдарды өңдеуге арналған қосымша EZYsuf-ке қысқаша тоқталып өтсек. EZYsurf – қосымшасы Excell форматындағы нүктелік координаталы
мәліметтерді тасымалдап, оны қабаттар бойынша орналастырады. Сонымен қатар горизонтальдарды автоматты түрде сызады, олардың иректігін түзетеді. Бұл айтылғандар төмендегі көріністен көруге болады.Одан әрі керекті масштабтағы планды немесе картаны кез келген ыңғайлы түрде сызуға болады.
Осы қосымша негізгі геодезиялық мәліметтерді тасымалдаушы болғандықтан оның мүмкіндіктері мен атқарушы командаларына да тоқталып өтсек. Ең алдымен бағдарламаны жаңадан жүктеп, одан соң EZYsurf меню жолындағы атауға кіріп DataInput → XYZ-in (Points) командаларын орындаған кезде Excell есептік бағдарламасындағы *.prn форматындағы керекті көрсетілген файлды EZYsurf – LoadDataFileasPoints терезесінде SelectFile командасы арқылы енгіземіз. Содан соң керекті қабаттардың номерленуін жасаймыз және көрінуге тиісті қабаттар жанына белгі соғамыз. Жүктелген мәліметтің мәтінінің биіктігін енгіземіз де үтірден кейінгі сандар санын көрсетуіміз керек. Барлық енгізілген мәндерді тексеріп болған соң, LoadDataFileкоман-дасына барып жұмыс үстеліне нүктелер жиынын жүктелуін қадағалаймыз. Ары қарай тышқанның панорамдау батырмасын екі рет шерту арқылы координаталар
бойынша орналасқан орнын қараймыз. Егер аталған мәлімет дұрыс бейнеленсежұмысты жалғастыра беруге рұқсат. Кей жағдайларда бұл мәліметтер дұрысжүктелмеуі мүмкін, ондай кезде мәтіндік редакторда немесе кестелік редакторда ақпараттың дұрыс енгізілгенін және форматының дұрыстығын тексеру керек.
Тоқталайын деп отырған бұл бөлім EZYsurfқосымшасының ерекше күрделі геодезиялық өңдеуде керекті жұмыс интерполяция жасау немесе обьект аумағындағы горизонтальдарды сызу жайлы болмақ. Яғни, автоматты горизонталь жүргізу циклі қалай жүргізілетіндігін командалар бойынша көрсетеміз. Алдымен EZYsurf→Create TIN/TRN командасын орындаған кезде терезе ашылады. Ол жерде жер бетінің көрінісін көрсетеді және керекті түсті көрсетеді, соны растап ОК батырмасын басамыз. Горизонталь сызу аумағын белгілеп пробел батырмасын шертеміз де растаймыз. Сол уақытта бағдарлама
автоматты түрде белгіленген аумақтың үшбұрыштар торын сызып береді.
Ары қарай қайтадан EZYsurf→Contours→CreateContours командаларын
орындағанда терзе ашылады. EZYTIN-Ground белгілеп ОК батырмасы арқылы растаймыз. Горизонталь аралығын беретін көрсеткішті беріп оны да растау керек. Бұл көрсеткіш тапсырма бойынша немесе масштабқа сәйкес болады. Горизонтальдар қисық сызықтар арқылы бейнеленіп тұрады, осыны түзету үшін, яғни ауыстыру командаларын орындаймыз. Ол келесідей командалардан тұрады: EZYsurf→Contours→EnhanceContours → OK батырмасын басып растау керек. Сол кезде қосымша горизонтальдар туралы мәліметтер енгізу терезесі шығады. Сол жерге қалыңдатылған горизонтальдардың аралығын және горизонтальдар түсін, мәтін биіктігін, үтірден кейінгі сандарды көрсету керек.
Жұмыс терезесінің аумағында айқын әрі түсі боялған қалың және жай
горизонтальдар көрініп тұрады. Ал үшбұрыштар тізбегін қабаттар басқармасы арқылы ағытып қоюға немесе көрінбейтіндей етіп жасауға болады. Құрылыста бұл бағдарлама ұстындар, жабулар, бағандар және қабырғалар сияқты әртүрлі темірбетон құрылыс бөліктерін координаталары бойынша дәл, нақты дұрыс орналастыру үшін қолданылады. Ол алдын ала сызылған жобадағы отметкалар мен координаталар бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс кезеңінің алдында болатын инженерлік-геодезиялық ізденістерден соң жасалған бас жоба бойынша құрылыстың негізгі геодезиялық қамтамасыздандыруы да автоматты бағдарламалық қамтамасыздандырумен сүйемелденеді. Кез келген ұстынның координатасын жобадан алып, оны қосымшалар арқылы немесе қолмен енгізу арқылы жасауға болады. Кейінгі тахеометрмен атқарылатын жұмыс өздігінен іздеу және табу функциясы бойынша жалғасады. Яғни бөлу жұмыстары автоматтандырылған деуге толық негіз бар. Өйткені құрылыс барысында мұндай бөлу мен шығару жұмыстары өте көп. Сондықтан осындай ыңғайлы бағдарламалар ойластырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |