Үшіншіден, 1904 жылы ағылшын физигі Джон Амброз Флеминг Эдисон ашқан жаңалығының негізінде диод жасады, кейінірек триод ойлап табылды. Төртіншіден, ағылшын математигі Джордж Буль 1848 жылы логика ережесін сипаттады, оны Буль алгебрасы деп атады. Осыған сәйкес логикалы алгебралық элемент екі мән ғана қабылдай алады – ақиқат (0) немесе жалған (1). Осы логикаға байланысты логикалық сызбанының конструкциясын ойлап тапты. Бесіншіден, 1918 жылы орыс ғалымы М.А. Бонч-Бруевич және оған тәуелсіз ағылшын ғалымдары электронды реле жасады, ол 0 немесе 1 екі жағдайдың бірінде ғана бола алады және осы база негізінде триггер жасалды. ХХ ғасырға компьютерді жасауға барлығы дайын болды. Барлық электронды-есептеуіш техниканы буындарға бөледі. Буындардың алмасуы ЭЕМ-ның элементтік базасына тәуелді, яғни оның техникалық негізіне. ЭЕМ-ның қуаттылығы элементтік базаға тәуелді, ол ЭЕМ-ның архитектурасының өзгеруіне әкелді, қолданушы мен компьютер арасындағы қарым қатынастың өзгеруіне қарай қолдану шеңбері кеңейді. Алғашқы ЭЕМ релелі есептегіш машиналалар болды. Реле екілік түрдегі ақпараттарды қосулы-өшірулі күйге кодтауға мүмкіндік берді. Мұндай машиналардың жұмыс процесінде мыңдаған релелер бір күйден екінші күйге ауысып отырған. Бұндай машиналар өте төмен жылдамдықпен жұмыс істеген (секундына 50 қосу немесе 20 көбейту амалы).
ХХ ғасырдың бірінші жартысында радиотехника жылдам дами бастады және реленің орнына электронды-вакуумды лампалар пайда болып, олар бірінші буындағы есептегіш машиналардың элементтік базасы болды.
Бірінші буынның ең алғашқы машинасы ENIAC 1945 жылы құрылды. Оның конструкторлары американ оқымыстылары Дж.Моучли және Дж.Эккерт, СССР да компьютер жасаумен академик С.А.Лебедев айналысты. Оның машиналары БЭСМ-1, БЭСМ-3М, БЭСМ-4, М-220 әлемдегі ең жақсылар болып танылды (Кесте 1).
Кесте 1. І буын компьютерлерінің сипаттамасы
| І буын | Жылдары | 1949-1958 ж.ж. | Элементтік базасы | Электронды-вакуумды лампы | Өлшемі (габариті) | Мыңдаған лампыдан тұратын, көлемі үлкен бір жүздеген квадрат метр ғимаратты алатын, жүздеген киловатт энергияны қажет ететін | | Секундына 20 мың операция | ЖЖҚ (ОЗУ) максималды көлемі | Бірнеше мың және программа командалары | | Перфолента және перфокарталар | Программалық жабдық | Программалар машиналық команда тілінде құрылған, сондықтан программалауды барлығы білі бермеген. Стандартты программалар кітапханасы болған | | Үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеумен байланыспаған инженерлік және ғылыми есептеулер | Мысалы | Mark I, ENIAC, БЭСМ, Урал |
1949 жылы АҚШ-да бірінші жартылай өткізгіштік прибор – транзистор жасалды, ол электронды лампаны алмастырды. Транзистор он есе аз орын алды, аз жылу бөлді, электроэнергияны аз мөлшерде қажет етті, сенімді түрде жұмыс жүрді. Транзисторлар радиотехникаға жылдам ендірілді және ЭЕМ-ның бірінші бунынан екінші буынға өтуіне себепші болды (Кесте 2).
Кесте 2. ІІ буын компьютерлерінің сипаттамасы
Сипаттамасы | ІІ буын | Жылдары | 1959-1963 ж.ж. | Элементтік базасы | Транзистор | Өлшемі (габариті) | ЭЕМ жинақы (компактнее), сенімді, энергия шығыны аз | Процессордың максималды жылдамдығы | Секундына ондаған және жүз мыңдаған операциялар | ЖЖҚ (ОЗУ) максималды көлемі | Жүз есеге артты | Перифериялық құрылғы | | Программалық жабдық | Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері ФОРТРАН, АЛГОЛ, КОБОЛ дами бастады. Программалар қарапайым, түсінікті, қолжетерлік және программалау жоғары білімді адамдар арасында тарай бастады | Қолданылу аймағы | Ақпараттық жүйе және ақпараттық-анықтамалар жасауда | Мысалы | М-220, Мир, БЭСМ-4, Урал-11, ІВМ-7094 |
Достарыңызбен бөлісу: |