Фракция мүшесі: Сәлеметсіздер ме, дебатқа қатысушылар, қонақтар және қарсы фракция. Бүгінгі «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» тақырыбындағы пікірталаста компьютер не үшін керек? Дегенде,
Расында, сіз осыншама «жапа шектіруші» компьютердің залалын біле тұра, балаңызға оны қолдануға рұқсат беруді әрі қарай жалғастыра берер ме едіңіз? «Жоқ» деп кесіп айтуға асықпаңыз. өйткені, сіз оған мүлдем жоламай қой дегеннен гөрі, қалай дұрыс пайдалануды білім алғаныңыз әбден орынды. Мәселен, компьютерде балаларға арналған қандай бағдарламалар бар деген сұрақты бірінші қоялық. Ондай бағдарламалар жеткілікті. Шет тілін, соның ішінде ағылшын, француз, неміс, түрік, корей, қытай тілін үйрететін бағдарламалар ойымызға бірден түсіп отыр. Сосын балалар танымын арттыратын әртүрлі суреттерге толы компьютерлік энциклопедиялар, табиғат әлемі, өсімдік, жан-жануарлар, мухит пен тау-тасты, аспан әлемін тағы басқа тақырыптарды қамтып білімін толықтыратын бағдарламалар бар. Және ой – қиялын дамытуға арналған, тілін жаттықтыратын сұрақ-жауап түріндегі ойындар, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жетілдіретін ойындардың компьютерлік нұсқасы толып жатыр. Тек әттеген-ай, мұның барлығы орыс тілінде. Қазақ тілінде әзірге бұл бағдарламалар жоқ. (Біздің елімізде бар болғаны мектеп бағдарламасына арналған пәндік оқулықтардың электронды нұсқасы ғана бар). Әрине, жаңа ғасырдың тынысына айналған компьютерге қазақша балалар бағдарламасын енгізу керек. Бұл осы күйі «бос кеңістік» болып қалмайды. Күндердің күнінде мұндай бағдарламалардың сансыз түрлері қаптап шығатынына, оны балалар игілігі үшін пайдаланатынымызға сенімдіміз. Уақыт қалайда заманның талабын орындайды.
Міне, түрлі ойын түріндегі бағдарламалардың бар екенін айтыққ. Оны қолданып көруге кеңес береміз. Енді компьютер-ұстаз балаға адам-ұстаздан асып түсіп, не бере білуі мүмкін деген сұрақты тереңірек зерттеп көрейікші.
Алдымен, компьютердегі балалар бағдарламасының қайсысы болмасын ойын түрінде ұсынылады. Бірақ, қандай ойын-сабақ болса да, бала белгілі бір шамада жалығады. Сол себепті, баланың ынтасын жоғалтып алмау үшін қызықтыру амалдарын ойлап табу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |