«Намыс» фракциясы
Біздің ұран:
Сендерменен ойнаймыз,
Тереңге біз бойлаймыз
Қалпы қалма қарсылыс,
Жеңбей біздер қоймаймыз!
«Жеңіс» фракциясы
Біздің ұран:
Жеңіспен асуға біз өрлейміз,
Қарсыласты жеңіп төрге төрлейміз,
Әдеппенен сәлем беріп баршаға
Жеңіс қойған дебатты көр дейміз!
ІІ. Негізгі бөлім.
Тақырыппен жұмыс.
Пікір таластың ережелері мен, мазмұнымен таныстыру.
Мазмұны:
1) пікірталасқа екі фракция (пайдасын және зиянын айтатын) қатысады.
Конструктивті бөлімде фракция басшысы мен мүшесі ақпарат баяндайды. Баяндауға әр фракция басшысына 5 минут, фракция мүшесіне 7 минут беріледі.
Конструктивті бөлімнен кейін пікірталасқа келіп отырған көрермендерге 10 минут сөз беріледі.
Аналитикалық бөлімінен кейін сайлау жүреді. Сайлауға көрермендер және жюрилер қатысады.
Пікірталас ережелері
Пікірталас кезінде екі фракция да
өз ойларын баяндаған кезде бір-бірімен мәдени сөйлеуге;
сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,
сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,
бір-бірін ренжітпеуге,
қарсы фракцияның ойын кекетпеуге,
берілген уақыттан аспауға міндетті.
Жюрилер және көрермендер сайлау кезінде өз дауысын бергенде фракциялардың
сөйлеу мәнеріне,
шешендік қасиетіне,
сендіре білу қасиетіне,
қарсылас фракциямен қарым-қатынасына назар аудару керек.
Жюрилер және көрермендер сайлау кезінде өз даусын берген фракциялардың баяндап отырған көзқарасына назар аудармау керек.
Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
Сонымен дебатымызды бастайық! Алдарыңызға « Намыс» фракцияның басшысын шақырамын. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.
«НАМЫС« фракция басшысына сөз беріледі.
Фракция басшысы. Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер, және қарсы фракция.
Біз бүгін Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба? Деген мәселені қарастырамыз.
Қазіргі балабақша жасындағы балаға дейін компьютермен жақсы таныс. Оның құлағында ойнайды демесек те, ондағы ойындарды бес саусағындай жатқа біледі. Заманға сай «алдыңғы қатарлы» ата-аналар лі бұтынан жөргегін тастамаған екідегі баласын монитор алдында отырғызады. «Артта қалған» ата-аналар, мейлі баласы жоғары сыныпта оқитын-ақ болсын, сонда да компьютерден шетқақпайлап отырады. Себебі, оны қолдану зиян деп санайды. Осы керағар пікірдегі ата-аналардың қайсысы болмасын, ең әуелі балаларының денсаулығын мықты, түбінде жетістікке жетіп, келешегінің даңғыл жолдай кең болғанын қалайтыны рас. Енді ата-аналарға мына сұрақты алға тартып көрелік: бірінші, бала күнұзақ компьютер алдында отырса, оның денсаулығына ешбір кері әсері болмайды деп ойлайсыз ба? Екінші, сіз балаңызға компьютерді пайдалануға тыйым салдыңыз, ертең өз мамандығын кәсіби тұрғыда игеріп кете алады.
Біздің пікіріміз: компьютер пайдалы. Неге? Осыған байланысты біздің аргументтеріміз:
уақытты үнемдейді.
ойындар (бос уақыт өткізбеу)
сана сезімді жетілдіреді.
Қазіргі кезде адам өмірінде компьютерді пайдаланбайтын сала жоқ деуге болады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарынан бастап, ғылыми, экономика, басқару, өндіріс, мәдениет және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
1. Уақытты үнемдейді.
Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уақытта жеткізетін. Ол бір күн, бір апта, кейде бір жылға дейін созылатын. Компьютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатта жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге асырады. Адам бір жерде отырып компьютер арқылы көптеген мағлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді. Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің кітапханаларынан кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып барып жатпайды. Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүретін құралдарды да компьютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитофон және т.б.. соны ескерсеңіз.
2. Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі бар. Сіздердің көкейлеріңізде «Ойынның қандай пайдасы бар? Деген сұрақ тұрған шығар. Бұл сұраққа көптеген жағдайлар, мәліметтер бар. Компьютер арқылы балалар, жастар үйлерінде, салондарда бір орындарында отырады. Әрине, кейбір балаларда жағдайлары бар өздеріне компьютер сатып алуға, ал кейбір балалардың жағдайлары келмейді. Бірақ балалар компьютер алдында отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді. Ол тамағын ішіп алып, бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп, тамағын іше салып далаға безіп шығады. Ол оған зиян. Өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін, қандай жағдайларға тап болғаннын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен, не істеп жүр екен?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмысты жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін баланы далаға шығармай үйде компьютер арқылы ұстауға болады. Осы жағдайды қарастырып кетіңіз.
3. Компьютер адамның сана-сезімін дамытады.
Адам компьютер алдында отырып басқа мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениетке т.б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан-жақты дамытады. Жанағы айтып өткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешемін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер.
Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз "Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор". Алдымен компьютерге анықтама берейік. Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп "Компьютер - уақыт талабы" біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.
Сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат.
Достарыңызбен бөлісу: |