Фракция мүшесі Армысыздар, құрметті көрермендер, дебатқа қатысушылар, қарсы фракция. Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезде-ақ ғылыми негізде дәлелденген. Сонымен, компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлар мыналар: 1) Көздің көру қабілетін төмендетеді. 2) Омыртқалардың қисаюына әкеледі. 3) Жүйкеге салмақ түсіреді. 4) Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып «байланады». Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады. Тек компьютермен шектелгендіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады. Компьютер жасөспірімдерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Казір компьютерде неше түрлі ойындар бар. әрине, олардың көбі төбелес немесе соғыс турады. Ойынды балалар, көбінесе 5-6 сынып оқушылары, күні бойы ойнайды. Ертеңіне осы ойындардан үйренген әрекеттерін достарына немесе жалпы адамдарға қолданбайтытына кім күмән келтіреді. Сондан кейін оны кіші інілері қайталайды. Тағы да компьютер арқылы кинолар көруге болады. Әсіресе дисктің көбі тәлім-тәрбиесіз, зорлық-зомбылық, ұрыс, соғыс турады. Бәрі осылай жалғаса берсе біз мәдениетімізден, ұлтымыздан, салт-дәстүрімізден айырыламыз. Тағы да бір айтып кететін жайт- қазір қаланың кез келген бұрышында компьютерлік салондар қаптап кетті. Балалар таңертең сабаққа шығады, бірақ жете ме, жетпейді ме білмейміз және де оған қосымша ақшаларын жұмсайды. Жүргізуші: сонымен негізгі бөліміміз аяқталды. Біз әр фракцияның ақпараттық кейін тыңдадық. Ендігі кезекте дебатқа келіп отырған көрермендерге өз ойын айтуға мүмкіндік берейік. Көрермендер сөйлейді.
Жүргізуші: сонымен, құрметті көрермендер, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Сіздер қазір екі фракцияның біреуіне ғана дауыстарыңызды бересіздер. әр фракцияның столында сайлау жетондарын салуға арналған қорапшасы бар. Дауыстарыңызды беруді сұраймын. (сайлау өтеді. Жеңімпаздар анықталады)