Кез-келеген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. “Қағазсыз” технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағаз басылып жатқан мәліметтер көбеймесе әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кейде, түрлі-түсті принтер қажет болып қалады. Егер баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты әрі лезерлік принтер алу қажет. Оның құны 1000 долларға жетіп артылады.
Әрине, әрбір компьютерге қосылатын лазерлік принтерлер ала беру қажетті емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез-келген фирмада бола бермейді. Сондықтан бір мекемеде бір әрі кетсе екі принтер болады. Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге жалғауға болады. Оның бірнеше тәсілдері бар:
- біріншіден көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетікті сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан екінші компьютерге бірден жалғанады. (Суретте көрсетілген). Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмеде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын принтерді ортақтаса пайдалану компьютерлік желінің артықшылығын айтпаса да түсінікті шығар. Бірнеше принтер сатып алудың орнына бірақ принтер алып, оны кез-келген бірнеше компьютерге қосуға болады. Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі ақ есептеп алады.
Желіге кіру:
“Пуск” кнопкасын басып, “Завершение сеанса” командасын таңдаймыз.
“Да” батырмасын басамыз.
“Ввод сетевого пароля” терезесінде қолданушының атын және парольін енгізіңіз.
Желіден шығу:
. “Пуск” кнопкасын басып, “Завершение сеанса” командасын таңдаймыз.
“Отмена” батырмасын басамыз.
Басқа осы компьютерден қолданушыға желіге кіру мүмкіндігін бергіңіз келсе,“Ввод сетевого пароля” терезесінде қолданушының жаңа атын және праольін енгізіп “ОК” батырмасын басыңыз.(Алдынғы суреттегідей)
Достарыңызбен бөлісу: |