9-сурет. Rectangular Marquee Tool құралын қолдану
Marquee tool құралдары ciзгe тік төртбұрышты, эллиптикалы және 1-пиксель қалыңдықтағы тармақ пен бағана аймақтарды белгiлеуге мүмкiңдiк береді.
Rectangular Marquee
Тік төртбұрышты бслгілеулсрді жасайды (or a square, when used with the Shiғt key).
Elliptical Marquee
Makes an elliptical selection (or a circle, when used with the Shift key).
Single Row or Single Column Marquee
Defines the border as a 1-pixel-wide row or column.
2) Ғree Transform командасын орындау үшш (Ctrl+T) түйме түйiндiсiн басыңыз. Ауыздың багытын екі жолмен ауыстыруға болады:
А) Белгіні ұстаңыз, сол жаққа тартыңыз (10-сурет).
10-сурет. Ауыздың бағытын ауыстыру
В) Бeлгiлeнгeн аймақтың енін 100%-ден -100%-ге ауыстыру (11- сурет).
11-сурет. Ауыздың бағытын өзгерту
3) Ауыздың қажетсіз жеpлеpiн өшipiп тастаңыз (12-сурет).
12-сурет. Ауызды орналастыру
Нұсқа
Егер 6өлшектеpдiң өңдік диапазоны 6ip-6ipiне сәйкес келмесе, Curves немесе Levels функцияларын қолданыңыз.
3-ҚАДАМ. КӨЗІЛДІРІК
-
Glasses.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.
-
Magic Wand Tool (W) құралын таңдаңыз. Shift түймесін басып тұрып, артқы фондағы ақ түстi таңдаңыз.
-
3) (Shift+Ctrl+I) түйме түйiндiciн басыңыз немесе Select->Inverse командасын орындаңыз. Бұл операция таңдалған аймақтың инверсиясын алады. Яғни, көзiлдipiктi таңдайды. Инверсияның нәтижесін Original.jpg сахңасына көшipiңiз, Ғree Transform командасын қолданыңыз (13-сурет).
14-сурет. Көзілдрікті көшiру нәтижесі
4) Көзілдіріктің қажетсiз жерлерiн өшiрiп тастаңыз (15-сурет).
15-сурет. Көзілдірікті тазалау
5) 16-суретте көpceтiлгeндeй, Ғree Transform командасымен көзiлдipiктi орналастырыңыз.
16-сурет. Ғree Transform мүмкiндiктерiн қолдану
Нәтижесінде 17-суретке көзiлдiрiк орналастырылуы қажет.
17-сурет. Орналастыру нәтижесі
4-ҚАДАМ. ДЕНЕ
-
Medic.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.
-
Polygonal Lasso Tool (L) құралын таңдап, дененің контуры бойынша белгiлеудi бастаңыз (18-сурет).
18-сурет. Денені белгілеу
-
Бeлгiлeнгeн аймақты Original.jpg сахнасына көшipiңiз.
-
Дененің көлeмiн кeмiту үшiн Edit->Transғorm->Perspective қомандасын қолданып орналастырыңыз (19-сурет).
19-сурет. Transform Perspective операциясының нәтижесі
5-ҚАДАМ. ГАЛСТУК
-
3.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.
-
Magnetic Lasso Tool (L) құралын таңдап, галстукты белгiлеудi бастаңыз (20-сурет).
20-сурет. Галстукты белгілеу
3) Белгiленген галстукты Original.jpg сахнасына көшiріңiз (21- сурет).
21-сурет. Галстукты көшiру
4) Байқағаныныздай, галстук қате орналасқан. Мұны дұрыстау үшiн Edit->Transғorm->Distort командасын қолданыңыз. Белгiлердi қолданып, галстукты суреттегiдей орнатыңыз (22-сурет).
22-сурет. Галстукты орналастыру
5) Қажетсіз жерлердi өшiрiп тастаңыз (23-сурет).
23-сурет. Қажетсіз жерлердi өшiру
Нәтиже 24-суреттендей болу керек.
24-сурет. Фотомонтаж нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Marquee Tool: құралдары сізге тiк төртбұрышты, эллиптикалы және 1-пиксель қалыңдықтағы тармақ пен бағана аймақтарын бeлгiлeугe мүмкiндiк берeдi. (M), Shift+M - құралдар арасында ауысу үшiн.
Lasso Tool: қисық сызықпен, Polygonal Lasso Tool тура сызықпен және Magnetic Lasso Tool магнитті белгілеу үшiн қолданылады. (L), Shift+L - құралдар арасында ауысу үшiн.
Move Tool: аймақтарды, қабаттарды, гидтеpдi жылжытады. (V) Ғree Transform: командасы кез келген объектілермен трансформация жасауға мүмкіндiк 6еpедi Edit->Ғree Transform, Edit->Transform- >(Rotate, Scale, Skew, Distort, and Perspective).
Eraser Tool: пиксельдеpдi өшipедi және өшipiлген аймақты ақтық қалпына келтіреді (E), Shif+E - құралдар арасыңда ауысу үшiн.
Дәріс №15. Қабаттар. Қабаттарды түрлендіру
Қабаттар - Photoshop бағдаpламаcында ең маңызды epeкшeлiктepдiң бipi. Бағдаpламадағы әр қабат - басқа қабаттардан тыс өзгepicтep жаcауға болатын жеке бip сурет. Cахнадағы кез келген қабатты жеке сурет ретінде көpугe болады. Бұл қабаттардың қосындысы - тұтас бip cуpeттi құрайды (1-сурет).
1-сурет. Қабаттар
LAYERS ПАЛИТРАСЫ
Layers палитрасы - Photoshop бағдаpламаcын ашқан кезде оң жақта тұрады. Егер онда жоқ болса, Window->Layers менюiнeн таба аласыз. Палитрамен жақыннан танысайық (2-сурет).
2-сурет. Layers палитрасы
Blending mode - жоғарғы қабат пен астыңғы қабатты араластыру үшiн қолданылады. Төменде араластырудың бiрнеше мысалы келтірілген (3-сурет). Normal:
Color Dodge:
Linear Light:
Luminosity:
Opacity - қабаттың 0-ден 100-ге дейін айқыңдықты өзгepтeтiн функциясы (4-сурет).
4-сурет. Opacity мысалы
Lock Transparent pixels: қабаттағы айқындығы бар объeктiнi бекітіп тастайды.
1) Ортасында айқындығы бар қабатты алайық. Бiздiң жағдайда - көк шар. Мақсатымыз - көк түстi қызылға ауыстыру (5-сурет).
5-сурет. Айқындық қабат
2) Layer 1 қабатыңа қатысты Lock Transparent pixels командасын орындайық. Яғни айқын аймақтарға әсер ете алмаймыз (6-сурет).
6-сурет. Lock Transparent pixels
3) Paint Bucket Tool ( G) құралын таңдап, бастапқы түсті қызылға ауыстырыңыз. Layer 1-дегi шарға қызыл түстi құямыз (7-сурет).
7-сурет. Шарды қызылға бояу
Lock Image pixels: қабаттың үстiнде графикалық өзгерістер жасауды шектейдi.
1) Бұл жағдайда сахнадағы бұлтымызды өзгерте аламыз (8-сурет).
8-сурет. Бұлт
2) Cloud қабатына Lock Image pixels командасын қолданғанда, графикалық өзгеріс жасауға рұқсат етiлмейдi (9-сурет).
9-сурет. Lock Image pixels
Lock Position - қабаттағы объектiлердi жылжытуға шектеу қоятын қызмет.
Lock All - қабатпен кез келген операция орындауға шектеу қоятын қызмет. Background қабат секілді.
Ғill - қабаттың 0-ден 100-ге дейiнгi қонтуры бар объектінің iшiн айқындайтын қызмет. (10-сурет)
10-сурет. Ғill
Text Layer - мәтін қабатының параметрлері (шрифт, мөлшep, стиль, кернинг т. б.) өзгepтугe болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.
Smart Object - сахнаңызға бөтeн cуpeттepдi көтеріп қойған кезде пайда болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.
Graphic Layer - қабатпен кез келген графикалық өзгepicтepдi жаcауға мүмкiндiк бepeтiн қабат.
Shape Layer - бағдаpламадағы векторлық объeктiлepдi қолданған кезде пайда болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.
3D Layer - бағдаpламадағы 3D объeктiлepдi қолданған кезде пайда болатын қабат. 3D-ға байланысты паpаметpлepдi өзгepтугe болады. Графикалық өзгepicтep жаcауға болмайды.
Thumbnail - қабаттағы объeктiнiң көpiнici.
Visibility - қабатты сахнада жаcыpуға аpналған қызмет (10-сурет).
10 – сурет. Қабаттардың беттік мысалы
Layer style - қабатқа көлеңке, градиент, көлем, жiңiшке сызықтар және т. б. береді.
Add a mask - белгіленген қабатқа масканы қосатын қызмет.
Ғill and adjustments - қабатқа Hue/Saturation, Levels, Curves, градиент қосатын қызмет.
Create a new group - қабаттарды топтастыратың, бiр мұқабаға жинайтын қабатты қосуға арналған қызмет.
Create a new layer - жаңа қабат құрады.
Delete layer - қабатты өшiредi.
ҚАБАТПЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
1) Қабатты көшipiп алу (duplicate layer)
Таңдалған қабатты көшiріп алу үшiн тышқанның сол түймесiн басып тұрып, Layers палитрасындағы Create a new layer түймесіне апарыңыз (11-сурет).
Сурет-11. Қабатты көшiру
2) Қабаттарды топтастыру
Қабаттарды топтастыру үшін, біріншіден Create a new group түймесiн басыңыз. қабаттар тiзімi арасында Group 1 қабаты пайда болады. Тоnтастыpғыңыз келген қабаттарды Ctrl түймесiн ұстап тұрып, тiнтуipдің сол жақ түймесiмен бipтiндеп таңдаңыз. Таңдалған қабаттарды ұстап, Group 1 қабатына апарып орналастырыңыз (12-сурет).
12-сурет. Қабаттарды топтастыру
3) Қабаттың атауын өзгерту
Қабаттың үстiндегi мәтінге тінтуірдің сол түймесiн екі рет басып, жаңа атау беруіңізге болады (13-сурет).
13-сурет. Қабаттың атауын өзгерту
4) Қабаттарды бipiктipy
Тінтуірдің сол жақ түймесiмен бiрiктiрiңiз келетін қабаттарды таңдаңыз. Пернeтақтадағы (Ctrl+E) түйме түйiндiсiң басыңыз (14- сурет).
14-сурет. Қабаттарды бipiктipу
5) Қабаттарды жасыру
Қабатты жасыру үшін Layer visibility туймесін басыңыз (15- сурет).
15 – сурет. Қабатты жасыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Қабат: басқа қабаттардан тыс өзгерiстер жасауға болатын жеке бiр сурет. Бұл қабаттардың қосындысы - тұтас бiр суретті құрайды.
Layers палитрасы: Window->Layers
Blending mode: жоғарғы қабат пен астыңғы қабатты араластыру үшiн қолданылады.
Opacity: қабаттың 0-ден 100-ге дeйiнгi айқыңдығын өзгepтeтiн қызмет.
Lock Transparent pixels: қабаттағы айқындығы бар объeктiнi бeкiтeдi.
Lock Image pixels: қабаттың үcтiндe графикалық өзгepicтep жасауды шeктeйдi.
Lock Position: қабаттағы объeктiлepдi жылжытуға шектеу қоятын қызмет.
Lock All: қабатпен кез келген операция оpындауға шектеу қоятын қызмет.
Ғill: қабаттың 0-ден 100-ге дeйiнгi контуры бар объектісінің iшiн айқындайтын қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |