Компьютерлік графика түсінігі


Үйдегі фотостудиялық құрылғылар



бет7/10
Дата03.01.2022
өлшемі417.7 Kb.
#451498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Үйдегі фотостудиялық құрылғылар

Цифрлық фототехниканың және онша қымбат емес түрлі түсті принтерлердің көмегімен әрбір адам өз үйінде компьютерлік фотостудия жасауына болады. Суреттерді компьютерлік сыртқы тасымалдаушыларда сақтап қана қоймай, оны өз қалауы бойынша өңдеуіне болады. Ол үшін ең MS Office пакетіне кіретін қарапайым Photo Editor атты программаны қолдана алады. Бұрын түсірілген суреттер компьютерге сканердің көмегімен енгізіледі. Мысалы Polaroid сияқты арнайы слайд-адаптері бар фотокамерадан суретті бірден компьютерге енгізуге болады. USB арқылы да цифрлық фотокамерадағы суреттерді компьютерге енгізуге болады. Суреттер компьютер жадысында орынды көп алатындықтан оларды сақтау үшін сыйымдылығы көп дискілер керек. Сондықтан да оны компакт-дискілерде сақтаған дұрыс. Сонымен қатар ақпаратты магниттік лентаға жазып, сақтауға арналған құрылғы стриммерлерде сақтауға болады.

Тек ғана жазуға арналған дискілер (CD-R) мен бірнеше рет жазып-өшіруге болатын дискілерді (CD-RW) қолдануға болады. Жұмыс істеу жылдамдығына байланысты дисководтар әр түрлі болады: мысалы CD-RW – 52/32/52 – дискіні 52000 жылдамдықпен айналдырады, дискіні 32000 жылдамдықпен жазады, 52000 жылдамдықпен қайта оқиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет