Байланысу моделінің деңгейлері - Хат қағазда жазылды. Оның мазмұны анықталды.
- Хат конвертке салынды. Конверт толтырылды. Маркасы бар. Клиент жөнелту протоколының барлық талабын орындады.
- Хат почтамтқа жеткізілді. Ол көліксіз баратын жергілікті хаттардан бөлінді.
- Хаттар сұрыпталып қапшыққа салынды. Енді тасымалдана-тын хат емес, қапшық болады.
- Қапшықтар вагонға тиелді. Енді тасымалданатын вагон болды.
- Вагон электровозға тіркелді. Енді поезд тасымалдана-тын болды. Хатты жеткізуге басқа ведомство кірісті, ол басқа протоколмен (ережемен) жұмыс істейді.
- ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады.
- 1. Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.
- 2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұр-ғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.
- 3. Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.
- 4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамала-ры талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы фор-матқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
- 5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану марш-руты анықталып, пакеттер адреспен толықтырыла-ды. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.
- 7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерін-де осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқы-лы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жо-лымен атқарылады.
- 6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.
- Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады.Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән протоколы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.
|