Компьютерлік жүйелердегі мәліметтерді ұсыну



бет3/9
Дата16.03.2023
өлшемі247.67 Kb.
#470876
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Компьютерлік ж йелерге кіріспе. Компьютерлік ж йелерді архит

1945-1955 жылдарЭЕМ-ның даму тарихы бірнеше буындарға бөлінді. Бірінші буындағы машиналар (1940-1955 жылдар) бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған электрондық шамдары бар алып құрылғылар еді. Оларға бағдарламаларды енгізу үшін, перфоленталар мен перфокарталар пайдаланылды.
1955-1965 жылдар. 1955 жылдан бастап, екінші буындағы ЭЕМ-дар пайда бола бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер – транзисторлар пайдаланылды.
1965-1980 жылдар. Электрондық өндіріс орындары интегралдық сұлбалар жасай бастады. Интегралдық сұлба – бұл шағын жартылай өткізгіш криссталдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар.
Интегралдық сұлба негізіндегі ЭЕМ-дар бұл үшінші буындағы ЭЕМ-дар. ЭЕМ-дар халық шаруашылығында кеңінен қолданыла бастады.
1980 жылдар және қазіргі кезең. Қазіргі кездегі ЭЕМ-дар – бұл төртінші буындағы ЭЕМ-дар. Олар 70-ші жылдардан бастап өндіріске енді. Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ды жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі тілді, яғни “жасанды интеллект” ЭЕМ-дары болуы керек.
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
ЭЕМ құрылысы – деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады. ЭЕМ құрылысы апараттық және бағдарламалық құралдар комплексін құру және көптеген факторларға көңіл қоюмен байланысты кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Осы факторлар ішіндегі маңыздылары: бағасы, қолдану саласы, функционалдық мүмкіндіктері, пайдалануға ыңғайлылығы, ал құрылысының ең басты компоненттерінің бірі – аппараттық құралдар болып табылады. ЭЕМ құрылысының компоненттерін келесі суреттегідей көрсетуге болады.

1-сурет – ЭЕМ архитектурасы
Кең таралған архитектуралар:
1. Классикалық архитектура (Фон-нейманның архитектурасы) – берілгендер ағыны өтетін бір құрылғы (АЛҚ) және команда ағыны – программа өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ). Бұл бірпроцессорлы компьютер деп аталады. Осы типке ДК құрылғысы жатады. Ондағы барлық функционалдық бөліктер бір-бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шинамен байланысқан. Магистраль – электронды схеманы қосатын ұяшықтардан тұратын өткізгіштік линия.
Адрестер шинасы, берілгендер шинасы, басқару шинасы – магистральдік алмастыру бірлігінің топтары, шеткері құрылғылар (принтер) компьютердің аппаратурасына контроллер арқылы қосылады.
Контроллер – шеткері бұйымдар немесе каналдар қатынасын орталық процессормен байланыстыратын құрылғы.
2. Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессор болғандықтан, ол бір жұмыстың бірнеше фрагментін параллель орындай алады. Осындай машинаның құрылысы жалпы жедел жад немесе бірнеше процессордан тұрады.

2-сурет – Көппроцессорлы архитектура
Көпмашиналы есептеу жүйесі. Есептеу жүйесіне кіретін бірнеше процессорларда жалпы жад емес, әрбіреуінде жеке жад болады. Әрбір компьютерде көпмашиналы жүйеде классикалық құрылыс болады және осындай жүйе өте көп қолданылады.
3. Параллельді процессорлар архитектурасы. Мұнда бірнеше АЛҚ-лар бір БҚ-ның басқаруымен жұмыс істейді, яғни көптеген деректер бір бағдарламамен (бір команда ағынымен) өңделуі мүмкін. Осындай құрылыстың өте жылдам жұмыс істеуін біз тек қана есептерді шығаруда қолдана аламыз.

3-сурет – Параллельді процессорлар архитектурасы
Дербес компьютер (ДК) құрамында деректерді өңдеу үрдісін қамтамасыз ететін арнайы функцияларды орындайтын түрлі бөліктері бар. Бұл бөліктерді орталық және шеткері (перифериялық) құрылғылар деп атайды.
Компьютердің перифериялық құрылғыларының қызметі өте күрделі, бірақ та соның ішінде екі негізгісін атап өтуге болады: ақпараттарды түрлі мәлімет жинақтауышта сақтау және сыртқы құрылғының атқаратын функциясына сәйкес өңдеу. Компьютердің перифериялық құрылғылары ретінде сыртқы жадты және енгізу-шығару құрылғыларын қабылдайды.
Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік тақта, тышқан және сканер және т.б. есептеледі.
Ақпараттарды ДК-ден шығарушы құрылғылар: принтер, график сызғыштар, плоттерлер.
Визуалды ақпараттарды (текст, сандар, грфикалық ақпараттар және т.б.) бейнелейтін құрылғы: дисплей немесе монитор.
ДК-дің барлық функционалдық құрылғылары арасындағы байланыс интерфейс арқылы орнатылады. Интерфейс дегеніміз-осы құрылғыларды бір ережеге негіздеп байланыстыратын тәсілдер мен әрекетер жиыны.
Процессорды шеткері құрылғылармен байланыстыру арнайы құрылғы адаптер арқылы жүзеге асады. Осы арналар арқылы ДК-дің жеке бөліктерінің арасында ақпарат алмасу үрдісі іске асады. ДК құрылғыларының өзара әсерлесу мүмкіндігін қамтамасыз етуші жалпы арна – жүйелік шина деп аталады.
Компьютерлердің негізгі ерекшелігі ретінде оның “ашық архитектура” принципін айтуға болады, яғни компьютер бір тұтас монолит емес, жеке бөліктер мен түйіндерден тұрады. Компьютердің кез келген түйінін басқалармен алмастыруға, қосымша түйіндерді жалғастыруға болады.
Дербес компьютердің құрылымдық схемасы. Компьютер құрылысы әрекет ету принціпін, ақпараттық байланысты және компьютердің негізгі логикалық түйіндерін анықтайды, оларға мыналар жатады: орталық процессор; негізгі жады; сыртқы жады; шеткері құрылғылар;

4-сурет – ДК-дің құрылымдық схемасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет