Компьютерлік жүйелердегі мәліметтерді ұсыну



бет8/9
Дата16.03.2023
өлшемі247.67 Kb.
#470876
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Компьютерлік ж йелерге кіріспе. Компьютерлік ж йелерді архит

Ішкі жады деп аналық платада орналасқан сақтау құрылғыларын айтады. Оларға жедел жады, тұрақты жады және энергияға тәуелді жады жатады.
Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖСҚ), RAM (Random Access Memory). Жедел жады компьютер жұмысының бір сеансында процессор, сыртқы жады және шеткері құрылғылар арасындағы ақпараттарды (командаларды және мәліметтерді) сақтау және алмастыру үшін қолданылады. Компьютерді сөндіргенде мәліметтер жойылады.
Конструкторлық тұрғыдан ЖСҚ кристалл ұяшықтар қатары (интегралдық микросхемалар) түрінде орындалған. Одан процессор өзінің регистрінде өңдеу үшін процессор бағдарламалар мен мәліметтерді есепке алады, оған алынған нәтижелерді жазады. ЖСҚ-ның жұмысының жылдамдығы процессор регистрінің жұмыс істеу жылдамдығынан төмен, сондықтан командаларды орындамас бұрын процессор мәліметтерді ЖСҚ-нан өзінің регистріне жазып алады.
Әрекет ету принціпі бойынша динамикалық жады - DRAM және статикалық жады – SRAM болып бөлінеді.
Динамикалық жады ұяшықтары микроконденсаторлардан тұрады, ол элеткрлік зарядтарды жинақтайды. DRAM жадысының кемшіліктері: мәліметтерді оқу және жазу баяу орындалады, қайта-қайта зарядтауды талап етеді. Артықшылықтары: тарату қарапайымдылығы және бағасы төмен.
Статикалық жады ұяшықтары транзисторлардан тұратын триггерлерден тұрады. Триггерде заряд емес, ал оның жағдайы (қосылған/ажыратылған) сақталады. SRAM жадысының артықшылықтары: аса жылдам жұмыс жасауы. Кемшіліктері: бұйымды әзірлеу технологиялық тұрғыдан аса күрделі процесс, сәйкесінше бағасы да жоғары болады.
DRAM микросхемалары жедел жадыда, ал SRAM - кэш-жады үшін қолданылады.
Жедел жады модульдері аналық тақшадағы сәйкес ажыратқыштарға орнатылады. Конструкторлық тұрғыдан жады модульдері екі орындаудан тұрады – бір қатарлы (SIMM - модульдер) және екі қатарлы (DIMM - модульдері). Pentium процессорлы компьютерлерде бір қатарлы модульдерді тек қана жұбымен ғана қолдануға болады (оларды аналық платада орнатуға арналған ажыратқыштар саны әрқашанда жұп болады). DIMM – модульдерін жеке-жеке орнатуға болады. Бір платада әр түрлі модульдерді жинақтап орнатуға болмайды.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы ТСҚ (ПЗУ), ROM (Read Only Memory). Компьютерді қосқаннан кейін процессор өзіне әйгілі арнайы старттық адрес бойынша алғашқы командаға назар аударады. Бұл адрес тұрақты ROM жадысын көрсетеді. ТСҚ микросхемасы ақпараттарды ұзақ уақытқа, компьютер сөнгеннен кейін де сақтайды. ТСҚ-да болатын бағдарламалар, микросхеманы әзірлеу кезеңінде жазылады. ТСҚ-ғы бағдарламалар жиынтығы негізгі BIOS (Basic Input Output System) енгізу-шығару жүйесін құрайды. Негізгі қызметі – жүйенің жағдайын және жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру және пернелік тақтамен, монитормен, қатты дискімен өзара байланысын қамтамасыз ету.
Энергияға тәуелді жады CMOS. CMOS – бұл BIOS бағдарламасы үшін жүйенің ағымдағы жағдайы туралы барлық ақпараттарды сақтайтын, аналық платадағы энергияға тәуелді жадының микросхемасы. Оның жедел жадыдан айырмашылығы, компьютерді сөндіргенде ондағы ақпараттар жойылмайды, ал тұрақты жадыдан айырмашылығы – жабдықтар құрамына байланысты оған өз бетінше мәліметтерді енгізуге және өзгертуге болады.
CMOS микросхемасы аналық платада орналасқан шағын батарейкамен қоректенеді. Бұл жадыда иілгіш және қатты дискілердегі, процессордағы және т.б. мәліметтер сақталады. Сонымен қатар ағымдағы уақыт пен мерзім әрқашанда CMOS жадысында сақталады (және түзетіледі). Ендеше BIOS бағдарламасы CMOS микросхемасынан компьютерлік жүйе құрамы туралы мәліметтерді алады, сосын қатты дискіге және басқа құрылғыларға назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет