Аналық тақта (плата материнская; motherboard) – дербес компьютердің негізгі платасы. Ішкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен әрекеттеседі.
Процессор – бұл ДК-дің орталық блогы (ядросы) және негізгі микросхема;
7-сурет – Процессор
Математикалық сопроцессор үтірі ауысып отыратын екілік сандармен орындалатын амалдарды жылдамдатуға арналған. Математиалық сопроцессор негізгі МП-мен қатар, бірақ оның басқаруымен орындалады.
Микропроцессорлық жиынтық (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Аналық платаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды.
Шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы.
Жедел (оперативті) жады (жедел есте сақтау құрылғысы, ЖСҚ-ОЗУ) – мәліметтерді уақытша сақтау үшін арналған микросхемалар жиынтығы.
ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін (компьютер сөндірілген кезде де) сақтау үшін арналған микросхема.
Тактілік импульстер генераторы – жиілігі компьютердің тактілік жиілігін беретін электрлік символдардың тізбегін генерациялайды. Көрші импульстар арасындағы уақыт ағымы машина жұмысының тактісін анықтайды.
Таймер – ағымдағы уақытты автоматты түрде түсіріп алуды қамтамасыз ететін, машина ішіндегі электрондық сағат. Таймер автономды қорек көзіне қосылады және компьютерді желіден сөндіргенде де жұмысын жалғастыра береді.
Сыртқы құрылғылар контроллері.
Слоттар (Slot) – қосымша құрылғыларды (видеокартаны, дыбыстық платаны, ішкі модемдерді, желілік адаптерлерді) қосуға арналған ажыратқыштар.
Сокет (Socket) – микросхема орнатылатын ұяшықтан тұрады. Оның байланыстары штырькалы шығыстардан тұратын микросхемаларға арналған.
8-сурет – Аналық тақта (жүйелік тақта) – motherboard
9-сурет – Арнайы ажыратып-қосқышқа – аналық карта «слотына» орнатылған видеокарта
Достарыңызбен бөлісу: |