Компьютерлік жүйелердегі мәліметтерді ұсыну


Контроллер (адаптер, карталар) –



бет7/9
Дата16.03.2023
өлшемі247.67 Kb.
#470876
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Компьютерлік ж йелерге кіріспе. Компьютерлік ж йелерді архит

Контроллер (адаптер, карталар) – жедел жады және сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасуды орындайтын құрылғы. Контроллердің, адаптерлердің немесе карталардың өзінің процессорлары және өзінің жадысы болады, яғни арнайы процессорды береді.
Контроллер немесе адаптерлер (компьютердің сыртқы құрылғыларын басқаратын схема) аналық плата слотына орнатылатын жеке платаларда орналасады.
Жүйелік магистраль (шина) – ол ДК-дің барлық құрылғыларының байланысын (қосылуын) және олардың өзара әрекеттесуін беретін өткізгіштер мен ажыратқыштар жиынтығы.
Шиналардың негізгі үш түрі бар:
 мәліметтер шинасы,
адрестік шина,
 командалық шина (басқару).
Мәліметтер шинасы арқылы жедел жадыдан процессор регистріне және керісінше мәліметтерді көшіру орындалады. Intel Pentium процессор негізіндегі ДК-де мәліметтер шинасы 64-разрядты, яғни бір өңдеу тактісіне бірден 8 байт мәліметтер түседі.
Адрестік шина арқылы жедел жады ұяшықтарының адресі жіберіледі. Осы шина арқылы процессор орындауға қажетті команда адрестерін, сонымен қоса команда орындайтын мәліметтерді оқиды.
Командалық шина арқылы жедел жадыдан процессормен орындалатын командалар келіп түседі. Командалар байттар түрінде ұсынылады. Қарапайым командалар бір байтты, ал күрделі командалар екі және одан көп байт орынды алады. Көптеген қазіргі кездегі процессорлар 32-разрядты командалық шинадан тұрады, дегенмен де 64-разрядты шиналар да бар.
Интерфейс дегеніміз – ол компьютер құрылғыларының байланысу және қосылу құралдарының жиынтығы. Шеткері құрылғыларды қосу порттар деп аталатын арнайы интерфейстер арқылы орындалады. Порттар жүйелік блоктың артқы жағына орналастырылады, мысалы:
 COM – асинхронды тізбектелген (СОМ1-СОМЗ). Олар арқылы тышқан, модем және тағы басқа құрылғылар қосылады;
 PS/2 – асинхронды тізбектелген пернелік тақтаны және тышқанды қосуға арналған порттар;
 LPT – параллельді (LPT1-LPT4 деп белгіленген), оларға принтерлер жалғанады;
 USB - 127 құрылғыны қосуға арналған әмбебап интерфейс;
 Bluetooth – 10 метрге дейінгі ара қашықтықта мәліметтерді жіберу мүмкіндігін беретін жоғары жылдамдықтағы микротолқынды стандарт.
 Дыбыстық картаны қосқыштар: колонканы, микрофонды қосуға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет