3. Комплексті қосылыстарды алу жолдары.
Комплексті қосылыстарды алудың бірнеше әдістері бар.Тұздармен негіздерді , амфотерлі гидроксидтермен негіздерді немесе тұздарды тұздармен әрекеттестіріп алуға болады.
4. Комплексті қосылыстардың күйреуі – ерітіндіні күшті сұйылту, қыздыру , диссоциациаланбағанда түзілген иондармен аз еритін қосылыстар түзәлетін реагенттер қосу арқылы жүреді.
[ Ni(NH3)6 ]2+ + S2- ↔ ↓ NiS + 6 NH3
( натрий немесе калий сульфидін, қышқыл қосқанда)
[ Ni(NH3)6 ]2+ + 6H+ ↔ Ni2+ + 6NH4+ тепе – теңдік оңға ығысады.
5. Комплекс қосылыстардың изомериясы:
- геометриялық: [Pt(NH3)2Cl4] (лигандалар бір жақта немесе жақын орналсса – цис, қызғылт, ал қарама – қарсы жақта орнлсса – транс , сары ).
- гидраттық ( лиганда – nH2O - ішкі, сыртқы сфералард орнласады): [Cr(H2O)6 ]Cl3 - қызыл - көк ; [CrCl2(H2O)]•Cl 2H2O- жасыл.
- ионизациялық: ( лигандалар – қышқыл қалдықтары - ішкі, сыртқы сфераларда орналасады), диссоциациялануы әртүрлі болады , [CoBr(NH3)5] SO4- қызыл – көк;[ CoSO4(NH3)5 ]Br - қызыл.
Комплекс қосылыстарының ішкі және сыртқы сфераларының расында байланыс иондық болады. Сондықтан оларды суда еріткенде комплекс ионы мен сыртқы сфера иондарына ыдырайды.
[Ag(NH3)2]Cl↔ [Ag(NH3)2]+ +Cl-
Түзілген комплекс ионлдары әлсіз электролиттер сияқты аз мөлшерде болса да иондарға ыдырауы мүмкін. Олардың иондарға ыдырауын сандық жағынан тұрақсыздық константасы (Кт.з.) анықтайды. [Ag(NH3)2]+↔Ag+ + 2NH3 Комплекс иондарының диссоциациялануы аз мөлшерде және қайтымды процесс болғандықтан оларға әрекеттесуші мссалар заңын қолданып диссоциациялану константасын (тұрақсыздық константасын ) жазуға болады.
Тұрақсыздық константларының сандық мәндері комплекс иондарының беріктілік немесе тұрақтылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |