Комплексті қосылыстар



бет6/6
Дата23.12.2022
өлшемі118 Kb.
#467794
1   2   3   4   5   6
Роман Гулнур МӨЖ 3-апта

Қорытынды


Халық шаруашылығында қолданады: оларды Pt металдарын, Au, Ag, Cu, Ni, Co алуға және тазалауға пайдаланылады. Сирек кездесетін металдарды бөлуге аналитикалық химияда сапалық, сандық анализдерге қолданады. Металдарды коррозиядан қорғауға қолданады. Металдарға жабысқақ қасиеті бар тұрақты және ерімейтін комплексті қосылыстар коррозия процесін баяулатады немесе мүлдем тоқтатады.
Комплексті қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестерінде үлкен роль атқарады. Адамдар мен жануарлар қанының құрамындағы гемоглобин тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобин – комплекс - белок глобинмен байланысқан күрделі протеид. Гемоглобинді қанның тыныс алу пигменті деп атайды. Ол оттегін қайтымды түрде қосып алып, оны өкпеден қан тамырлары арқылы барлық ұлпаларға жеткізеді, ол ұлпадан көмірқышқыл газын тасымалдайды. Темірдің тотығу дәрежесінің оңай өзгеруінің арқасында, гемоглобин оттегімен оңай қосылады да, оны ұлпаға ешқандай қиындықсыз береді.
Комплекс түзуші элементтерді “тіршілікті ұйымдастырушылар” деп атайды. Соңғы кезде Pt-ң және Pd-дың комплексті қосылыстарын қатерлі ауруларды емдеуге пайдалануға болады. Хелатты комплексті қосылыстарды бүйректегі тастарды ерітуге және судың кермектігін жоюға қолданылады. Комплексті қосылыстарды клиникаларда дәрі-дәрмек ретінде қолданып, әр түрлі ауруларды емдеуді хелатты терапия деп атайды. Трилон Б көптеген металл иондарымен комплексті қосылыстар түзеді. Сондықтан ағзада кальций тұздары бөліне жүретін ауруларды емдеуге пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» пәнінен дәрістер жинағы [Текст] :6М011200 - "Химия" маман. магистр. үшін / Ермаханов М.Н. - Шымкент : 0ҚМУ, 2015. - 56


2. «Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» [Текст] : 6М011200 - "Химия" маман. Магистранттарға арналған оқу құралы / Ерамаханов М.Н.[и др.]. - Шымкент: ОҚМУ, 2017. – 112
3. Химияда есептер шығару әдістемесі пәнінен оқу құралы./ Ерамаханов М.Н.[и др.]. - Шымкент: ОҚМУ, 2019. – 112
4.ЖұрқабаеваЛ.А.,Адырбекова Г.М. химияны оқыту әдістемесі. Лекция жинағы .Шымкент ОҚМУ.2015ж
5. «Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау [Текст]: 6М011200 - "Химия" маман. магистр. үшін / Ермаханов М.Н. - Шымкент: ОҚМУ, 2015. - 80 с
6. «Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» пәнінен МӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау [Текст]: 6М011200 - "Химия" маман. магистр. үшін / Ермаханов М.Н. - Шымкент: ОҚМУ, 2015. - 52 с.
7. Химиялық-технологиялық үрдістерді математикалық және компьютерлік моделдеу негіздері [Текст]: оқу құралы / Б. Р. Исмаилов, С. К. Мелдебекова. - Шымкент: ОҚМУ, 2016. - 130 с.
8. Соловьев М.Е., Соловьев М.М. Компьютерная химия. – М.: Салон-Пресс, - Пресс, 2005. – 535 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет