социоцентристік тұрғыға негізделген дәстүрлі педагогикаға тән. Бұл көзқарас бойынша тұлға дамуының мақсаты оның қоғамға неғұрлым максималды пайдалылығы позициясынан қарағандағы әлеуметтенуі.
Бұл тұрғыдағы тәрбиенің мақсаты сырттан талап етілетін нормативтерге сәйкес тұлғаның жан - жақты және үйлесімді дамуы. Бұл жағдайда оқу -тәрбиелік педагогикалық үрдіс тұлғаның өзіндік даму факторын есепке алмайды. Педагогикадағы тәрбие туралы келесі бағыт қазіргі заманғы Еуропалық қоғамдағы философиялық көзқарастар эволюциясын бейнелейді, яғни әлемнің ғылыми бейнесі ортасына адам тұлғасы қойылады (Антропоцентризм). Гуманистік идеялардың дамуы жаңа педагогикалық парадигманың туындауына яғни баланың тәрбие субъектісі ретіндегі жаңа көзқарастың пайда болуына жағдай жасады. Осы жаңа парадигмаға сәйкес тәрбиенің заңдылықтарын атай кетсек, 1) Тәрбие – қоғам мәдениетімен детерминацияланған; 2) Тәрбие мен оқыту тәрбие айқындаушы рөл атақаратын екі өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді үрдістер; 3) Тәрбиенің тиімділігі мен нәтижелілігі тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі болып табылатын ( мақсат, мазмұн, форма, әдістер, құралдар) бала мен педагогқа адекватты болып табылатын барлық құрылымдық элементтердің үйлесімді өзара байланысына тәуелді.
Гуманистік педагогикадағы тәрбиенің мақсаты рухани және физикалық тұрғыдан өзін - өзі дамытуға, жетілдіруге және өзіндік жетістіктерге жетуге қабілетті неғұрлым мәдени тұрғыдан қолдану. Тәрбиенің мазмұны – тұлғаның мәдениеттілігі болып табылады. Өзегі – руханилық болып табылатын ішкі мәдениет және қарым - қатынастан, міңез - құлқынан, сыртқы түрінен көрінетін сыртқы мәдениет. Әрбір адамның қабілеттері өзін-өзі анықтауы, дамытуы мен жетістігіне жете алуы. Тәрбиенің құралдары – бұл қоршаған ортаның құбылыстары мен объектілерінен тұратын бай жиынтық. Осы құралдардың көмегімен тәрбие іске асырылады. Оларға іс-әрекеттің барлық дерлік түрлері: ойын, еңбек, спорт, шығармашылық, қарым – қатынас және тағы басқалары жатады.
Әдістер бір жүйеге келтірілген, практикада тексерілген, дәлелденген жалпы және нақты мақсаттарға сәйкес не істеу керек екендігін нұсқайтын тәсілдердің жиынтығы. Н.Н. Гончаров, Ф.Ф. Коралев, Н.И. Болдарев Ресей ғалымдары әдістердің 4 тобын бөліп көрсетті: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау. В. А. Сластенин тәрбиенің әдістері ретінде тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен барлық тәсілдерін қарастырады. Ғалым мұндай әдістердің 4 тобын көрсетеді: 1) Тұлғаның санасын ( көзқарастар, идеалдар, сенімдер) қалыптасуы; 2) Іс - әрекетті, қарым – қатынасты, қоғамдық міңез - құлық тәжірибесін ұйымдастыру; 3) Іс - әрекет пен міңез - құлықтағы стимул мен мотивация; 4) Бақылау, өзін -өзі бақылау және өзін - өзі бағалау.
Тәрбие әдістері ұғымын, анықтамаларын талдау және осыған сәйкес олардың классификациялары дәстүрлі педагогикаға бірте-бірте авториторизммен тұлғаның өзіндік дамытуына жол беретін әдістер жиынтығына деген көзқарастардың барған сайын басым позицияға көшіп отыратындығын көреміз. Тәрбиенің гуманистік теориясында балалардың өзін - өзі дамытуы мен өзін - өзі жетілдіруіне жол ашатын әдістерді көбірек қолданады. Оларға субъект, субъект, субъектілік қарым – қатынастарға жағдай жасайтын педагог пен тәрбиеленушіге өзара қарым – қатынас үрдісінде тең партнерлық дәрежеде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін бірлесе қызмет ету әдістері тән. Қазіргі кезде осыған сәйкес педагогикада «Өзара бірлескен қызмет ету педагогика концепциясы» ( Педагогика соотрудничества) қарқынды дамуда.