«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім емлесі» бөлімі 1-нұсқа



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі23 Kb.
#488083
1   2   3
«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім е-emirsaba.org

Бағалау критерийі


Тапсырма


Дескриптор


Балл

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, сұрақтар құрастырады.


1

Есім перифразаларға 2 сұрақ құрастырады.
Етістік перифразаларға 2 сұрақ құрастырады.

1
1


Мәтіннің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін (аннотация) жазады.


2

Мәтіннің баяндау желісін сақтайды.
Мәтінді бөліктерге бөледі.
Жинақы мәтін жазады.

1
1


1

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.


Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды табады.


Орфографиялық нормаға сай жазады.

1
1




Көркем жазу
Сауаттылық


3


Әріптердің дұрыс жазылуы
Таза, қатесіз жазу

1
2




Барлығы




10



«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім емлесі» бөлімі
2-нұсқа



Оқу мақсаты:

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;


8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу;
8.4.1.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.






Бағалау критерийлері:

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, сұрақтар құрастырады.


Мәтіннің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін (аннотация) жазады.
Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану



Орындау уақыты:

20 минут




1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, есім перифразаға 2 сұрақ, етістік перифразаға 2 сұрақ құрастырыңыз.


Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И.фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 жылы З.Байердің «Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында» жарық көріп, Еуропадағы барлық шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды.

1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанымен, қандай да бір қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және тым қысқа, сонымен қатар жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.


1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 жылы Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. (199 сөз)
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BD%D0%B5_%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96_%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D1%83%D1%8B


2-тапсырма. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазыңыз. Сөз саны – 70-80. Күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет