Конференцияның мақсаты: Оқушыларға Ж. Аймауытов шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру



бет2/6
Дата08.03.2024
өлшемі29.48 Kb.
#494736
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жүсіпбек сценарий

Жүргізуші: Жазушының қызметіне де тоқталсаңыздар.
І топ: Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі орны, жеке ұстаздық қызметі мен қайраткерлігі, өмірінің соңына қарай қай жерде, қандай лауазымдық қызмет атқарғаны туралы не айтасыздар?
ІІ топ: Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп Семей қаласында қандай журнал шығарғаны, Оңтүстік өңірі, Шымкенттегі қызметі, қалдырған ізі, Кеңес өкіметі жылдарында қандай басылымдарда лауазымдық қызмет атқарғаны жөнінде не білесіздер?
Жүргізуші: Жүсіпбектің үлкен прозадағы тұңғышы – «Қартқожа» романы. Ол – жазушының ғана емес, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Ал, «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады,-деп көрнекті қаламгерлеріміз бағалағанындай жазушы ағамыздың шығармашылығының шыңы болып табылатын қос романы жайындағы біздің топ мүшелірінің толғауларына тоқталайық.
І топ: «Қартқожа» романының басты кейіпкері прототипке қалай сомдық бейне жасаған, Қартқожадан қалған ұрпақ бар ма? Бұл роман қай қалада, қай жылы жеке кітап болып шықты?
ІІ топ: «Ақбілек» романындағы оқиға, анасы, кейіпкерлері, ағасы Төлеген, әсем өлкенің суреттелуі, 1928 жылы «Ақбілек» романының қай журналдың бірінші санында жарияланғаны жөнінде айтып өтіңіздер.
Жүргізуші: «Жүсіпбек Аймауытов – творчестволық интеллегенцияның жарқын өкілдерінің бірі, романист, драматург, аудармашы»,- деп Ғабит Мүсірепов жазушы еңбегіне жоғары баға берген. Ендеше топ мүшелірінің Ж.Аймауытов драматургиясынан қалай ізденгендеріне куә болайық.
І топ: «Шернияз» пьесасы қанша бөлімнен тұрады, пьесаның басты кейіпкері кімнің пртотипі? Ж.Аймауытовтың жастардың әдеби кештерінде қойылған тұңғыш пьесалары, Қазақстан автономиялық республикасының 5 жылдығына орай өз режиссурасымен Қызылорда қаласында сахнаға қойылған пьесасы туралы әңгімелеңіздер. Сонымен бірге «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі кім, ол жайында не айтасыздар?
ІІ топ: «Ел қорғаны» деген пьесасын Жүсіпбек қай оқиғаға арнаған? 1915 жылы Аймауытовтың сахнада өзі бас кейіпкердің рөлін ойнаған тұңғыш спектаклі, оның тұңғыш баспа бетін көрген пьесасын атаңыз. Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қазақ мемлекет баспасының күншығыс бөлімі арқылы Мәскеуде 3000 таралыммен жеке кітапша болып басылып шыққан пьесасы қалай аталады? Сондай-ақ, шекпені тозып жүрген жалғыз ұлын еске алатын кемпірдің монологі түрінде жазылған өлеңін атаңыздар.
Жүргізуші: Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,
Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.
Жердің жүзін бейне ұжмаққа теңейтін
Алақай, алақай-ау жаз келді,- деп жаз мезгіліндегі табиғаттың тылсымын шебер тілмен суреттеген ақынның өлең жолдарынан алар өнегеміз орасан. Ендігі кезекте топ мүшелерінің Ж.Аймауытов өлеңдерінен мәнерлеп оқуына назар аударайық.
І топ:
ІІ топ:
Жүргізуші: «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог ағартушы» екендігін әдебиетші ғалымдар атап көрсеткеніндей Ж.Аймауытовтың мол мұраларының бір саласы аудармалары мен ғылыми еңбектері. Олай болса, зерттеуші топтардың Жүсіпбек аудармалары мен ғылыми еңбектері жөнінде жинаған мәліметтеріне құлақ түрейік.
І топ: Ж.Аймауытов сал-серілік салттың күйреуін суреттейтін «Сараң сері» аудармасының желісін қай ақыннан алды? А.С.Пушкиннің қай шығармасын аударды?
Жүсіпбек Аймауытовтың 1916 жылы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран сәттегі ауыл адамдарының психологиясы көрініс тапқан шығармасын атаңыз.
ІІ топ: Жүсіпбек Аймауытов кімдердің шығармаларын аударды? «... Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қышқыл қара түн басып, қыр арқасы торақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы...» үзінді қай шығармадан алынған?
Ж.Аймауытов мына сөзерінде кім туралы айтқан еді? «Ол жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от жалындай зулаған болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді».
Концерттік бағдарлама.
Жүргізуші: Артында өшпес із, өлмес мұра, «Комплекспен оқыту жолдары», «Психология (жан жүйесі) мен өнер тану» сынды ғылыми еңбектерін қалдырған, жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытотың өмірі мен еңбектерін танып білу бүгінгі іс-шарамен шектелмек емес. Алдағы уақытта да көптеген жастарымыз айбынды азаматымыздың шығармалары өміршең екендігін зерттеп, зерделей берері сөзсіз.
Олай болса, бүгінгі кешті қорытындылау үшін сөз:
Келесі жолы тағлымы мол танымдылық кештерде кездескенше сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет