Конференцияның мақсаты: Оқушыларға Ж. Аймауытов шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру



бет5/6
Дата08.03.2024
өлшемі29.48 Kb.
#494736
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жүсіпбек сценарий

ІІ.Өмірі
55.Ж.Аймауытов қай жылы толық ақталды? 1988 жылықазан айында толық ақталды.
56.1915 жылы «Қазақ» газетінде басылған Желкек (псевдоним) атымен алғашқы баспа жүзін көрген өлеңі? «Баяғы жұрт» өлеңі.
1929 жылы жазушы ұлтшыл деген айыппен ұсталған соң шығармаларын шығаруға мүмкіндік бермеген кездегі ақынның көп пайдаланған псевдоним есімдері? Желкек, Желкен, Жанақ.Қызылтаулық.
57.Бес томдық шығармалар жинағы қай жылы жарық көрді?1996-1999 жылдары.
58.Ж.Аймауытовтың актерлік қыры туралы қай жылы, қай журналда басылып шықты?

  1. «Ақбілек» романын «Чудесный нәрсе» деп қысқа да ұтымды бағалаған кім? Ғабит Мүсірепов.

60.1924-1925 жылдары Жүсіпбекті қазақ әдебиетінің биік шыңы деп жоғары бағалаған кім? М.Горький.
61.Жүсіпбектің әкесі Аймауыт неше ағайынды болған және ағайындарын атап беріңіз.Аймауыт бес ағайынды болған, атасы Дәндебайдың бәйбішесінен Аймауыт пен Иса, кіші әйелінен Оспан, Абайылда, Әбдіраман туған.
62.Жүсіпбек ең алғашқы өлеңін неше жаста және не жайында жазды? 13 жасында, тіленші шалға есік ашпаған кемпір мен көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қыз жайлы.
63.Жүсіпбек жазушылықтан басқа қандай қолөнер түрлерін меңгерген?Әәбзелдетіп ер-тоқым жасау, етік тігу, домбыра жасау.
64.Жүсіпбек Семей мұғалімдер семинариясында кімдермен бірге оқыды? М.Әуезов, Қ.Сәтбаев.
65.Жүсіпбектің балалары мен немерелерін атап беріңіз. Ұлдары-Бектұр, Жанақ, қызы- Муза, немерелері-Валентина, Надежда, Шурик.
66.1917 жылы 17 желтоқсанда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов қай пьесада, қандай кейіпкерлердің рөлін өздері ойнаған? «Рабиға» пьесасында, М.Әуезов Ысқақ рөлін, Ж.Аймауытов Ахмет рөлін ойнаған.
67.Жүсіпбек кезінде қандай бүркеншік аттарды қолданған? Желкен, Желкек, Жанақ, Қызылтаулық.
68.Аймауытов қандай жаламен өлім жазасына кесілді? Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды өзі пайдаланып кетті деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.
69.Қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол үлес қосқан жазушының артында қалған тұяқ туралы не білесіңдер? Бірінші әйелі Вера Волковадан Бектұр (Виктор), Жанақ (Евгений), екінші әйелі Евгения Сермұхамедовадан Муза есімді қыз қалған.
70.Аймауытов қазақ, орыс тілдерінен басқа қандай тілдерді жетік меңгерген? Семинарияда оқып жүргенде неміс тілін үйрену үшін немістердің пәтерінде тұрған. Француз тілінің мұғалімімен жақын араласа жүріп, француз тілін меңгеріп алған және татар тілінде еркін сөйлей білген.
71.Жүсіпбектің көркем сөз шебері екендігі белгілі. Оның жазудан басқа қандай өнері болған? Оның ғажап етікшілігі болатын. Сонымен бірге түйін түйетін ұсталығы да болған. Музыкалық аспаптарда (домбыра, скрипка, рояль) еркін ойнаған.

  1. «Әңгімеде қарапайым халықтың ұлттық характері мен тұрмыс-тіршілігі, ел мен жердің табиғи суреті, ең бастысы Ж.Аймауытовтың қолтаңбасына тән әуезді тіл, сұлу ырғақ анық сезіледі»,- деген жылы лебіз кімнің пікірі? Ғалым Қ.Мұхаметханов.

73.Жазушы қай жылы дүниеден өтті? 1931 жылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет