Конференцияның мақсаты: Оқушыларға Ж. Аймауытов шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру



бет3/6
Дата08.03.2024
өлшемі29.48 Kb.
#494736
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жүсіпбек сценарий

Сұрақтарға жауаптар
І.Шығармашылығы
1.«Қартқожа» романындағы басты кейіпкер прототипке қалай сомдаық бейнк жасаған?
Бас кейіпкер прототип өмірде болған адам, мұғалім болып қызмет жасаған. Ж.Аймауытов Қартқожаның балалық кезін суреттеуде бала молда ретінде өз өмірінің жастық шағындағы оқиғаларды пайдаланған.
2.Қартқожадан қалған ұрпақ бар ма?
Бар, Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев, техника ғылымдарының кандидаты, қазақ ауылшаруашылық институтында қызмет атқарған.

  1. «Ақбілек» романындағы Ақбілектің туып өскен жері қайда орналасқан? «Ақбілек» романында қай кезеңдегі оқиға суреттеледі?

Алыстағы Алтай тауларыныда орналасқан кішігірім қазақ ауылы, Шығыс Қазақстан облысының Күршім мен Марқакөл ауданын жалғастыратын Қалғұты жері. Ақтар қашып, қызылджар қуып, аласапыран күрес жүріп жатқан азамат соғысы жылдарындағы оқиға суреттеледі.
4.Ж.Аймауытовтың қазақ драматургиясына қосқан үлесі қандай? Драматургиялық шығармалар қатарына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның «Қанапия-Шәрбану» 1917 жыл, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» 1925 жылы пьесалары азамат соғысы жылдарындағы кедей мен байлардың тартысын, ескілік пен жаңашылдықтың күресін суретттейді.
5.Ж.Аймауытовтың ғылыми еңбектерін атаңыз.
«Комплексті оқу жолдары», «Психология (жан жүйесі) және өнер тану», «Мағжанның ақындығы туралы, «Тәрбиеге жетекші».
6.Байман, Тұяқ, Құлтума, Шәмши, Шекер,Жұматай кімдер, қай шығарманың кейіпкерлері?
«Күнікейдің жазыға» шығармасы. Байман-Күнікей ғашық болған жігіт, Құлтума -әкесі, Шәмши-Күнікеймен қатар байдың қызы, Шекер - анасы, Жұматай-ағасы.
7.Ақбілектің анасының қазасынан кейінгі ең жақын сырласы, жанашыры кім болды? Жеңгесі Ұрқия.
8.Ақбілек ағасы Төлегеннің арқасында қай жерлерде оқып келді?
Орынбордың рабфагында, Семейде, кейіннен тағы да Орынборда
9.Ақбілекке үйленем деп зыр жүгіріп, кейіннен қыздың басынан кешкенін есіп тастап кеткен жігіттің есімі кім? Ақбала.

  1. «Абайдан соңғы ақындар» (1918ж), «Мағжанның ақындығы туралы» 1923ж, «Аударма туралы» 1925ж, «Сұңқар жыры» 1925ж атты сын мақалаларды Жүсіпбек қай ақынмен бірігіп жазды? Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовпен бірге.

11.Шекпені тозып жүрген жалғыз ұлын еске алатын кедей кемпірдің монологі түрінде жазылған өлеңі. «Ұршығым» өлеңі.

  1. «Жаңа өріс» газетінде 1920 жылы басылған, аяғына «Жүсіпбек Аймауытов» деп қол қойған, қазақ қызының теңсіздіктегі өмірін суреттеген өлеңі. «Жәмилә»

  2. «Ел қорғаны» деген пьесасын Жүсіпбек қай оқиғаға арнады? Қазақ Республикасының 5 жылдығына арнады.

14.Жүсіпбектің драматургия саласындағы алғашқы тәжірибесіне жататын дүниесі. «Қанапия мен Шәрбану» пьесасы.

  1. Сал-серілік салттың күйреуін суреттейтін «Сараң сері» аудармасының желісін қай ақыннан алды? А.С.Пушкиннің «Скупой рыцарь» деген пьесасының аудармасы.

  2. «Қартқожа» романы қай жылы, қай қалада жеке кітап болып шықты?

Қазақ әдебиетінде роман жасауға ұмтылыс өткен ғасырдың 20 жылдардың орта тұсынан басталады. Оның алғашқы үлгісін Ж.Аймауытов жасады. «Қартқожа» романы тек жазушының бұл жанрдағы алғашқы туындысы емес, бүкіл қазақ романының төлбасы. Ол 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты.

  1. «Шернияз» пьесасы қанша бөлімнен тұрады? Қай жерде жарық көрді? Бес бөлімнен тұрады, семей қаласында, 1926 жылы жарық көрген.

  2. А.С.Пушкиннің қандай шығармасын қазақ тіліне аударған?

«Тас мейман»
19.Ж.Аймауытов қай қалада оқып жүріп, ойын-сауық кештерінде өнер көрсетіп, басты рөлдерде ойнаған? Семей қаласында
20.Ж.Аймауытовтың жастардың әдеби кештерінде тұңғыш пьесалары қай жылы, қай айда сахнаға қойылды? 1917 жылы 17 желтоқсанда
21.Ж.Аймауытов кімдердің аудармаларын аударды? А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Дюманың. Дж.Лондон, Мопассаның шығармалары мен аудармаларын аударды.
22.1928 жылы «Ақбілек» романы қай журналдың бірінші санында жарияланды? «Әйел теңдігі»
23.Ж.Аймауытовтың жаңа дүниенің есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесетін еңбегін атаңыз. «Жан жүйесі және өнер таңдау»
24.1925 жылы Ташкент қаласында жеке кітап болып басылып шыққан, Қазақстан автономиялық республикасының 5 жылдығына орай Жүсіпбектің өз режиссурасымен Қызылорда қаласында сахнаға қойылған пьесасының аты? «Ел қорғаны» пьесасы

  1. «Кім де кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, береклі болмақ» деген сөздері Жүсіпбектің қай еңбегінде жазылған?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет