Конференцияның мақсаты: Оқушыларға Ж. Аймауытов шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру



бет4/6
Дата08.03.2024
өлшемі29.48 Kb.
#494736
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жүсіпбек сценарий

«Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында.

  1. Жүсіпбектің өзі «күйлі сөз» деп атаған шығармасының атын және жарық көрген жылы мен қаласын атаңыз.

1929 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Нұр» күйі.
27.Жүсіпбек реализмінің сыры неде? Ел тірлігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттеуінде. Мысалы, «Қартқожа» романы мен «Күнікейдің жазығы» хикаятындағы ауыл өмірі мен «Әнш»і әңгімесіндегі қала кедейлерінің тұрмысы.
28.1915 жылы Жүсіпбектің сахнаға қойған, бас кейіпкердің рөлін өзі ойнаған тұңғыш спектаклін атаңыз. «Біржан – Сара» спектаклінде Біржанның рөлін өзі ойнаған.
29.Ж. Аймауытовтың тұңғыш баспа бетін көрген пьесасы қайсы және қашан жарық көрді?1922 жылы жарық көрген « Сылаң қыз» комедиясы.
30.Жүсіпбектің балаларға арналған ертегілерін атап беріңіз. «Үш қыз», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Жаман тымақ».
31.Жүсіпбектің 1926 жылы Қазақ мемлекет баспасының күншығыс бөлімі арқылы Мәскеуде 3000 таралыммен жеке кітапша болып басылып шыққан пьесасының аты. «Рабиға» пьесасы
32.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы суреттелетін әсем өлкені атап беріңіз және аталған өлке жайлы өзіңіз не білесіз? Алтай, Марқакөл аймағы
33.Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар, соған сенем мен.
Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем мен өлмен!- деген жыр жолдарын жазуға Жүсіпбекті қандай жағдай итермелеген? 1930 жылғы әйгілі Бутырка түрмесіндегі ауыр азап.
34.Жүсіпбектің түлік төресі жылқы атымен байланысты әні қалай аталады? «Екі жирен»әні.
35.Жүсіпбектің қазақ тілінің сапалы оқытылуы мәселесін көтерген мақалаларының аты. «Ана тілін қалай оқыту керек?», «Емлені өзгертуге жоба»

  1. Қазағым, қақтықпа, қамалма,

Ел болар қамыңды амалда! – деген өлең жолдары Ж.Аймауытовтың қай өлеңінен алынған? «Ұран» өлеңінен.
37.Ж.Аймауытовтың қай өлеңі 1918 жыл «Абай» журналында басылып шығады? «Ұран», «Әскер марсельезасы»
38.Қызылордада Жүсіпбектің қай шығармасы жеке кітап болып басылып шықты? «Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылды. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
39.Аймауытовтың 1916 жылы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген шығармасы қайсы? ХХ ғасыр басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болып саналатын «Қарқожа» романы 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шықты.

  1. Жазушының «Шернияз» пьесасындағы басты кейіпкер кімнің пртотипі? Аймауытов пьесаларының ішіндегі көркемі – «Шернияз»пьесасы. 1926 жылы Қазақстан Оқу комисарияты семей баспаханасынан жарық көрді. Пьеса ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған.

41.Ақын «Көшу» өлеңінде нені суреттеген? Қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты.

  1. «Нұр күйі» поэмасындағы ақынның айтпақ ойы? «Нұр күйі» поэмасында ақын адамның көңіл күйін, қуанышы мен мұңын жырлап, жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

  2. «Қартқожа» романындағы жазушының көтерген тақырыбы. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктердің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.

  3. «Ақбілек» романында не жайлы баяндалады? Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады.

  4. «Әнші» әңгімесіндегі негізгі кейіпкер Әмірқанның прототипі кім?Әйгілі Әміре Қашаубаев – қазақтың жезтаңдай әншісі.

  5. «Жол үстінде» әңгімесі қай жылы, қандай жинақта жарық көрді? 1925 жылы «Терме» жинағының бірінші санында.

47.Мамырбай, Бекболат, Балташ, Ақбілек, Ұрқия бұл кейіпкерлер жазушының қандай шығармасымен байланысты? «Ақбілек» романының кейіпкерлері.
48.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған? Әдебиет теориясының натурализм үлгісінде.

  1. «...Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қышқыл қара түн басып, қыр арқасы тарақтай ирек,-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы...» үзінді жазушының қай шығармасынан алынған? «Қартқожа» романынан.

  2. «Қартқожа» романындағы басты кейіпкер шынайы өмірде болған ба және өмірде қандай қызмет атқарған? Өмірде болған адам, педагогтік қызметатқарған. Қартқожадан қалған ұрпақ- Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев –техника ғылымының кандидаты болған, қазақ ауылшаруашылық институтында қызмет атқарған

51.Ж.Аймауытов Мағжан Жұмабаев туралы қандай пікір білдірген? Мағжан–сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті.
52.Ж.Аймауытов адам мінездерін неше түрге және қалай бөледі? 8-ге бөледі. 1-күйгелек, 2-аяныш жанды, 3-ыстық қанды, 4-салқын қанды, 5-қызбалы, 6-құмартпалы, 7-«ұйтқымалы»8-сарыуайымшыл.
53.12 бөлімнен тұратын, оқу құралы үлгісінде жазылған қазақ тіліндегі зерттеу жұмысы қалай аталады? «Психология» кітабы, осы бағыттағы алғашқы жемісті ізденістердің, олжалы табыстардың қатарына жатады.
54.Ж.Аймауытов мына сөздерінде кім туралы айтқан? «Ол жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от жалындай зулаған болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді». Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет