Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде



Дата08.07.2016
өлшемі65.62 Kb.
#185667
түріКонкурс
Сарқан ауданының әкімдігі «Б» корпусындағы әкімшілік

мемлекеттік бос орындарына жалпы конкурс жариялайды
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі №111, телефондары 8(72839) 2-10-61, факс 8(72839) 2-10-61, БСН: 050140007237.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).



Жұмыс тәжірибесі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;



Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
1. Қарашыған, Бақалы, Аманбөктер ауылдық округтері әкімі аппаратының бас маман-есепшілері, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін, E-G-3 санаты, (3 бірлік).

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда тұрған ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің директивтік нұсқауы бар құжаттарының уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімінің аппараттың бухгалтерлік есептердің жүргізілуін қамтамасыз етеді, банктегі шоттар бойынша төлемдер жасайды, №2, №8 аударылымды қорытындылайды, іссапар және бензин шығындарын есептейді, баланстар қорытындысына сәйкес есеп шоттар бойынша төлемдер жасайды, негізгі қорларды есепке алады, олардың тозу мөлшерін есептейді, қорытынды жинақ жасайды, материалдық құндылықтар қозғалысы, актив қозғалысы туралы есепті әзірлейді, сметаның орындалуын есептейді, еңбекақыны есептейді, табыс салығын аударады, әлеуметтік қауіпсіздендіру төлемдерін аударады, еңбекақы есебін қорытындылайды, №5 аударылымды әзірлейді, әлеуметтік салық бойынша декларация жасайды, жеке табыс, төленген табыс бойынша есептеу жүргізеді, құндылығы төмен мүлікті есепке алады (071 есеп), ауылдық округ әкімінің аппаратын кеңсе тауарларымен, компьютерлік және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ауылдық округінің әкімі аппаратында инвентаризация және еңбек табелін жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің мөрі мен мөртабаның сақталуына жауапты. Мерекелік іс-шараларды дайындауға қатысуға міндетті. Мемлекеттік тәртіп пен ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуына жауапты, техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге жауапты, ақпараттық қауіпсіздік сақталуын қамтамасыз етуге жауапты.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары: экономика және бізнес (экономика, қаржы, есеп және аудит). Осы қызметті орындау үшін қойылатын арнаулы талаптар мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
2. Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін, E-G-3 санаты, (1 бірлік).

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының орындалуын бақылайды,бақылауда тұрған ҚР Президентінің,ҚР Үкіметінің , облыс әкімінің директивтік нұсқауы бар құжаттарының уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді, «Электронды Үкімет» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Жасалынып жатқан індетке қарсы іс-шаралар жоспарын ескере отырып,ветеринарлық препараттарға тапсырыс жасайды және оларды ауданның Бас ветеринарлық дәрігеріне қарауға ұсынады. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды, есепті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және уәкілетті органға табыс етеді. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорын жүрзізуді ұйымдастырады.Қазақстан Республикасы бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді,мал сою орындары мен мал көмінділерін(биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді.Ауылдық округтің аумағында мал асылдандыру жұмыстарын жүргізеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Әскери міндеттілер қозғалысы жөнінде есеп беруге жауапты,шақырылғандар мен келмей жүргендерді іздестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жауапты.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, құқық, техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, педагогикалық. Осы қызметті орындау үшін қойылатын арнаулы талаптар мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
3. Черкасск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін, E-G-3 санаты, (1 бірлік).

Қызметтік міндеттері:

Бақылауда тұрған ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің директивтік нұсқауы бар құжаттарының уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді.



Аудан әкімі аппаратының экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық бөлімдеріне бақылауда тұрған құжаттардың орындалуына жауапты. Ауылдық округі көлемінде инвестициялық саясат, сауда, шағын бизнес, ауыл шаруашылық саласындағы жұмыстарға жауапты. Аудандық статистика бөліміне қатысты жұмыстарға /есептер, анкеталар т.б./ жауапты. Шаруа /фермер/ қожалықтарының есеп кітаптарын жүргізу, кітаптарды сақтау, малдарын, техникаларын кітапқа тіркеу және тіркелген шаруа қожалықтарының кітаптарындағы деректердің дұрыстығына жауапты. Техника саны жөніндегі деректерге сәйкес есептер беруге жауапты. Мерекелік іс-шараларды дайындауға қатысуға міндетті. Мемлекеттік тәртіп пен ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуына жауапты, техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге жауапты, ақпараттық қауіпсіздік сақталуын қамтамасыз етуге жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, құқық, техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, педагогикалық.

Осы қызметті орындау үшін қойылатын арнаулы талаптар мемлекеттік тілді білу, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет