Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны атынан, Қ.Р.Мусин, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын _____________________________________________________атынан
__________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________________
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ өткен осы конкурс тәсілімен Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Шарттың мазмұны
-
Өнім беруші____________________ ( ______________________________________) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) ________________________________ қызметті Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды. Шарттың бағасына Өнім берушінің қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындары кіреді
1.2.Қызметтің сапасы Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келуі керек.
-
Төлем жүргізу тәртібі
-
Төлем түрі: Өнім берушінің есеп шотына аудару.
-
Төлем мерзімі: қаржы түсуіне қарай
-
Көрсетілген төлемнің қажетті құжаттары: шот-фактура және көрсетілген қызмет акты
-
Осы келісім отандық Өнім берушілермен бекітілген жағдайда, толық төлем мерзімі осы шарт міндеттерін төлеген күннен бастап, отыз күнтізбелік күннен аспауы керек.
-
Жеткізу тәртібі және шарттары
-
Қызметтің көрсетілу орны: ШҚО, Семей қаласы, Жамақаев көш. 100.
-
Қызметтің көрсетілу мерзімі: «___»__________20___ж.
-
Тапсырыс берішінің талаптарына және осы келісімнің шарттарында көрсетілгендей қызметтерде кемшіліктер, көрсетілген қызметтерде сәйкессіздіктер кездескен жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілген қызметті қабылдаудан бас тартып, кемшіліктер жойылғанға дейін көрсетілген қызметтер туралы актқа қол қоюдан бас тартуға құқылы.
-
Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі көрсетілген қызметтің техникалық ернекшелікке сәйкестігін нақтылау үшін, егер ол техникалық ерекшелікте қарастырылған болса, техникалық бақылау және/немесе тексеру жүргізе алады. Бұл тексерулердің бәрінің шығынын Өнім беруші өз мойнына алады. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге тексеру мен бақылаудың қандай түрі талап етілетіні, сондай-ақ олар қай жерде өтуі керек екені көрсетілуі керек. Тапсырыс беруші жазбаша түрде және дер кезінде Өнім берушіге осы мақсатта жұмыс атқаратын өзінің уәкілетті өкілі туралы дер кезінде мәлімет беруі керек.
-
Егер техникалық бақылаудан немесе тексеруден өткен қызмет техникалық ерекшелікке сәйкес келмесе, сонымен қатар Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтен қызметті қабылдағаннан кейін 14 күн ішінде кемшіліктер тапса, Өнім беруші Тапсырыс беруші жағынан ешқандай қосымша шығын шығармай, кемшілкті жояды.
-
Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тарауы Өнім берушіні осы келісім бойынша кепілдемеден немесе басқа міндеттерден босатпайды.
-
Өнім беруші көрсетілген қызметке қабылдағаннан кейін __________________ кезден бастап кепілдік мерзімін көрсетеді. Тапсырыс беруші осы кепілдемеге байланысты барлық кемшіліктер туралы шұғыл мәлімет беруге міндетті. Мұндай хабарлама алғаннан кейін Өнім беруші жеті күннің ішінде тапсырыс беруші жағынан қандай да бір шығын шығармай кемшіліктерді орнына келтіруге міндетті.
-
Егер Өнім беруші хабарлама мен кемшіліктерді алғаннан кейін, Тапсырыс берушінің талап қойған кемшілікьтерді дер кезінде орындамаса, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты ие бола алатын басқа құқыларына нұқсан келтырмей, кемшіліктерді жою бойынша тиісті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
-
Қызмет көрсету бойынша келісім құжаттарына екі жақ қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, ешқандай кері қайтарулар немесе өзгерістер жүргізілмейді.
3.10. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
3.11. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.
4. Келісімге өзгерістер енгізу және бұзу
-
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған, сапа мен басқа шарттардың өзгермеуі жағдайында осы келісімге өзгерістер еегізуге болады:
-
көрсетілетін қызмет көлемінің азаюы немесе ұлғаюына байланысты келісім сомасының азаюынан, осы келісімде көрсетілген қызмет бірлігінің бағасының өзгермеуі жағдайында. Қызметті мемлекеттік сатып алу туралы бекітілген келісімнің мұндай өзгерісі осы қызметті сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында қарастырылған сома шеңберінде жүргізіледі.
-
осы бекітілген келісімді орындау процесінде өнім беруші қызмет бірлігінің бағасын өзгертпей, біршама жақсы сападағы және (немесе) техникалық сипаттағы мерзімде және (немесе) жағдайда осы келісімнің негізі болып табылатын қызметті жеткізу жағдайында;
-
Осы бекітілген мемлекеттік сатып алуды орындау процесінде көрсетілетін қызметтің бағасы төмендеу жағдайында, келісім бағасын азайту жағынан екі жақтың келісімімен.
Осы келісімге мемлекеттік сатып алудың шартының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) осы тарауда қарастырылмаған өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылатын ұсыныстар енгізуге болмайды.
-
Өнім беруші банкрот немесе төлеу қабілетінен айрылса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта келісімді бұза алады, және Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарламаны жібереді. Бұл жағдайда келісімді бұзу ешқандай шығын әкелмесе және соңында Тапсырыс берушіге көрсетілетіндей, санкция қабылдауда немесе әрекет етуге қандай да бір құқына тимейтін болса, келісімді бұзу дереу жүргізіледі де, Өнім берушіге қатысты Тапсырыс беруші ешқандай қаржылық міндет алмайды.
-
Тапсырыс беруші кез келген уақытта қызмет көрсетуге қажеттіліктің жоқтығынан және ары қарай орындалуының пайдасы жоқтығынан келісімді бұза алады, және Өнім берушіге жазбаша хабарлама жібереді. Хабарламада Келісімнің бұзылу себебі, күші жойылған келісім міндеттерінің көлемі, сонымен қатар Келісім бұзылуының күшіне ену күні айтылуы керек.
-
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың салдарынан келісім жойылғанда, Өнім беруші келісім бойынша бұзылуға байланысты, нақты шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы
Осы келісім ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабында қарастырылған бұзушылық жағдайлары анықталса, сонымен қатар мемлекеттік сатып алушы Өнім берушіге Заңда қарастырылмаған көмек көрсетуінде бұзылуы мүмкін. өнім беруші осы негізде келісімнің бұзылуына байланысты шығындарды ғана төлеуді талап етуге құқы жоқ.
-
Екі жақтың жауапкершіліктері
-
Өнім беруші жағынан жеткізуді орындауды кешіктіру оған жүктелетін келесі санкциялардың бұзылуына әкеледі: Тапсырыс берушінің келісімді бұзу немесе дер кезінде жеткізбегені үшін айып төлеу.
-
5.2. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
5.3. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.
-
Қосымша шарттар
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе
оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
6.2. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
6.3. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімге осы келісім бойынша өз міндеттерін толығымен де, жартылай да беруіне болмайды.
6.4. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай
оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
6.5. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
6.6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
6.7. Өнім беруші көрсетілетін қызметті қазақстандық мазмұнда жүргізуді міндетіне алады.
-
Қорытынды ережелер
7.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
7.2. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
7.3. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
7.4. Хабарлама қолмен жеткізілгеннен кейін, поштамен, факспен, жеделхатпен жеткізгеннен кейін немесе хабарламада көрсетілген күннен кейін күшіне енеді.
7.5. Осы келісімнің барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
7.6. Осы келісім екі жақтың әрқайсысы үшін екі дана етіп жасалды.
7.7. Осы келісім қол қойылғаннан кезден бастап күшіне енеді және екі жақтың алған міндеттерін орындағанға дейін күшінде болады.
-
Екі жақтың мекендері мен реквизиттері:
Тапсырыс беруші :
«Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» КМҚК
070004, ШҚО, Семей қаласы,
Жамакаев көш., 100
РНН :
БИН
ИИК
_____________
БИК
____________________Мусин К.Р.
|
Өнім беруші
____________________________
____________________________
РНН _______________________
БИН _______________________
ИИК ________________________
____________________________
БИК ________________________
Тел (факс) ___________________
__________________
|