6.1.4 Ұқсас маңызды деректемелері (ӘЖК – ЖТ МДҚ) бар салымшыларды (алушыларды) анықтауды қамтамасыз ететін салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыруға қойылатын талаптар.
ЗТМО АТД мамандары ӘЖК ДҚ-да ұқсас салымшылар бар ӘЖК ДҚ барлық салымшылары бойынша деректер қорын мерзімді қалыптастыру (талап бойынша) құралы әзірлеуге тиіс.
Сонымен бірге, бұл қорды жасаған кезде Т.А.Ә. мен туған күнінің ұқсастығы критерийін беру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Қалыптастырылған қор бойынша қажетті статистикалық есептер іске асырылуы тиіс; есептер ЗТМО ААЖ туынды клиенттік қосымша мәзіріне қосылуы тиіс.
6.2 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН және БСН) пайдалануға көшуді және ҚР Қаржыминінің СК-не міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін ӘЕС БАЖ және ЗТМО ААЖ бағдарламалық қамтуларын жетілдіру.
ӘЕС БАЖ және ЗТМО ақпараттық жүйелерін клиенттік және серверлік бағдарламалық қамтуға жетілдіру жүргізілуі қажет:
-
Төлем хабарламаларын өңдеудің кіші жүйесі (Төлем жүйесі);
-
Республика бюджетінен тағайындалатын электрондық төлемдер (Е-макет);
-
МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
-
Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры (ОДҚ);
-
«Еңбекті қорғау» ААЖ;
-
«Еңбек нарығы» ААЖ;
-
«ШЖК» ААЖ;
-
«Әлеуметтік көмек» ААЖ;
-
«Е- собес» ААЖ;
-
Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған дерекқоры (МОДҚ).
Мыналарды қамтамасыз ету қажет:
-
ЖСН бойынша алушыларды іздеу (барлық шағын жүйелер);
-
алушылардың істері макеттерін қалыптастыру (Е-Макет, МӘСҚ);
-
тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімдерді қалыптастыру (Е-Макет, МӘСҚ, БАӨ);
-
көзделген қолданыстағы есептіліктерді қалыптастыру (барлық шағын жүйелер);
-
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге төлем құжаттарын қалыптастыруды (ОДҚ) қамтамасыз ету үшін серверлік және клиенттік бағдарламалық қамтуды жетілдіру жүргізілуі тиіс.
Төлемдерді өңдеу шағын жүйесінің жұмыс істеуін, бірыңғай тізім мен ЖЗҚ-мен шарттар қорын жүргізуді қамтамасыз ету үшін төмендегі жұмыстар:
-
ӘЖК ДҚ «ЖСН» жиегі толтырылмаған салымшыларды ЖТ МДҚ іздеу;
-
ЖСН мен ӘЖК сәйкестігі кестесін жасау;
-
СТН мен БСН сәйкестігі кестесін қалыптастыру;
-
мыналар:
-
ЖЗҚ-мен салымшылардың шарттары қоры мен бірыңғай тізімді жаңартуды;
-
қорларға салымшылардың зейнетақы жинақтарын аудару қажеттілігі туралы хабарландыру хатын қалыптастыруды;
-
агенттердің (төлеушілердің) қате аударылған зейнетақы жарналары мен өсімақыларды қайтаруға өтінімдерін уақытында өңдеуді;
-
ЗТМО ААЖ төлемдерді өңдеудің шағын жүйесінде ҚР төлем жүйесінде хабарламаларды қабылдауды, өңдеуді, қалыптастыруды және жолдауды;
-
күн сайын ҚР Қаржыминінің СК-не беру үшін міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналарының агенттер (төлеушілер) төлеген сомалары туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін серверлік бағдарламалық бірліктерді жетілдіру жүргізілуі тиіс.
6.3 ЭҮП арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін және ЭҮШ арқылы бизнес процестерді оңтайландыру, құжаттарды қысқарту шеңберінде бағдарламалық қамтуды жетілдіруге қойылатын талаптар.
6.3.1 Ақпарат алмасу шиналарын жетілдіруге қойылатын талаптар.
Қажет болған жағдайда барлық кеңейтілген web-қосымшалар мен web-сервистерді конвертациялау 10g-ден 11g дейін нұсқамен upgrade Oracle WebLogic Server жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған қызметтерді электронды түрде беру үшін веб-сервистерді әзірлеу талап етіледі (қызметтердің тізбесі 5-бөлімде көрсетілген).
6.3.2 Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды электрондық тағайындау жүйесін (Е-Макет) жетілдіруге қойылатын талаптар.
Мыналарды:
-
ЭҮП-тен электрондық өтініштерді қабылдауды және өңдеуді;
-
қабылданған электрондық өтініштерді тіркеуді;
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы МО АЖ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін талап етілетін деректерге сұрау қалыптастыруды (қызметтер тізбесі 5-бөлімде берілген);
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы МО АЖ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін талап етілетін деректерге сұрауға жауаптарды алу және сақтау;
-
алынған электрондық өтініштер (ЭҮП арқылы) негізінде ІЭМ қалыптастыруды;
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алынған МО АЖ-ден деректер негізінде ІЭМ қалыптастыруды;
-
тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы ШЭЖ қалыптастыруды және оған ЭЦҚ қол қоюды, жәрдемақы мөлшерін есептеуді;
-
тағайындау процесінде (ЭЦҚ қоюмен) ІЭМ өтудің барлық сатысында ШЭЖ және ІЭМ қарауды;
-
көзделген қолданыстағы есептіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін серверлік және клиенттік бағдарламалық қамтуды жетілдіру қажет.
6.3.3 «МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау» АЖ жетілдіруге қойылатын талаптар.
Мыналарды:
-
ЭҮП-тен электрондық өтініштерді қабылдауды және өңдеуді;
-
қабылданған электрондық өтініштерді тіркеуді;
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы МО АЖ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін талап етілетін деректерге сұрауды қалыптастыруды (қызметтер тізбесі 5-бөлімде берілген);
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы МО АЖ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау үшін талап етілетін деректерге сұрауға жауаптарды алу және сақтау;
-
алынған электрондық өтініштер (ЭҮП арқылы) негізінде іс макетін (бұдан әрі – ІМ) қалыптастыруды;
-
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алынған МО АЖ-ден деректер негізінде ІМ қалыптастыруды;
-
тағайындау және тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер жобаларын (бұдан әрі – ШЖ) қалыптастыруды және оған ЭЦҚ қол қоюды, жәрдемақы мөлшерін есептеуді;
-
тағайындау процесінде (ЭЦҚ қол қоюмен) ІЭМ өтудің барлық сатысында ШЖ және ІМ қарауды;
-
көзделген қолданыстағы есептіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін серверлік және клиенттік бағдарламалық қамтуды жетілдіру жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |