7.4 Ақпараттық және бағдарламалық үйлесімділігіне қойылатын талаптар.
Жобаны іске асыру алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы тиіс:
-
бір мезгілді өңдеудегі көптеген сұратуды қолдау;
-
үлкен көлемді ақпаратты қолдау;
-
қауіпсіздік;
-
сенімділік;
-
қолданыстағы ақпараттық және бағдарламалық тұғырнаманы қолдау.
Жоба Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БКО деректерін беру корпоративті желі жағдайында жұмыс істеуге, ашық жүйе стандарттарымен сәйкестендіре орындалуға тиіс.
Жобаны іске асыру шегінде xml-файл түріндегі деректерді сақтау және басқа да кең таралған пішімде ұсынылған экспорт-импорт ақпараты мүмкіндігін қарастырылуы тиіс.
Сонымен қатар қазақ тілінде,орыс тілінде есеп түрлері басылып, деректерді сақтау мен енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету тиіс.
7.5 Сенімділігіне қойылатын талаптар.
Жетілдірілген ақпараттық жүйеде арна байланысы мен ДҚ серверлерінің қолжетімділігін есепке ала отырып, тәулік бойы жұмыс істеуі тиіс. Техникалық және алдын алу жұмыстарды орындау үшін қарапайым ақпараттық жүйе уақытын регламенттеу әзірлеу барысында келісілуге тиіс.
Мыналар ақпараттық жүйенің сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс:
-
сенімді жабдықтар мен өнеркәсіптік бағдарламалық жүйені таңдау;
-
ДҚ резервтік көшірмені қоса алғанда, негізгі аппараттық және бағдарламалық құралдарды резервтеу;
-
Сенімді байланыс арналары – сыртқы және жергілікті есептеу желісінде;
-
үздіксіз қорек жүйесін ұйымдастыру;
-
ішкі желілік ресурстарға кіруді регламенттеу;
-
вирусқа қарсы бағдарламаны қамтамасыз ету және желілік экранды қолдану жолымен бағдарламалық жүйені қорғау;
-
ДҚ мен орталық серверлерге кіру бөлігінде, желілік ресурстарды қолдануда тұрақты бақылау.
Сәйкестендірілген пайдаланушы нұсқамасында қызметкердің қате әрекетінен деректер қорын қорғауға қойылатын талаптары ұсталуы тиіс. Осы нұсқамалар:
-
қызметкер функциясын біржақты шектеуге;
-
қайшылықсыз болуға;
-
қолмен істелетін технологиялық операцияларды үйрену қажеттілігінде және автоматтандырылған жұмыс тәртібін, іркіліс жағдайында болған әрекеттер туралы нұсқауды қамтуға тиіс.
7.6 Ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар.
Жетілдірген ақпараттық жүйеде қауіпсіздік деңгейінің талаптарына сәйкес қайта жіберілген ақпарат байланысының сыртқы арналары бойынша қорғанысты қамтамасыз етуге тиіс. Корпоративтік желіде ақпаратты бергенде Министрлік деректерін беру ресурстар жүйесі мен деректер қорын пайдаланушылар кіру құқығын шектеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Ақпараттық жүйе модульдері мыналардан қорғалуға тиіс:
-
ақпаратты сырттан рұқсатсыз пайдалану;
-
апатты жағдайда ақпаратты бұзу;
-
байланыс арнасы бойынша беру рұқсат етілмеген деректерді бұрмалау және қолдану;
-
механикалық операторлар қатесі;
-
технологиялық операцияларды орындаудағы техникалық іркіліс.
Рұқсатсыз кіруден қорғау жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
-
желіге қосылған кезде жүйені пайдаланушыларды сәйкестендіру (анықтау, тану);
-
әр пайдаланушының енгізу, түзету, деректі қарау, есептерді генерациялау құқын анықтау;
-
ресурстық жүйеге кіруде пайдаланушылар құқығын анықтау;
-
пайдаланушылар жұмысын хаттамалау режимі, соның ішінде деректер қорындағы өзгерістерді авторизациялау.
7.7 Ақпаратты сақтауға қойылатын талаптар.
Жетілдірілген ақпараттық жүйе мынадай жағдайларда анықтамалық дерекқор мен электрондық мұрағаттарда ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс:
-
ақпаратты өңдеудің кез келген кезеңінде электр энергиясы толық немесе жарым-жартылай өшірілген кезде үздіксіз қоректендіру көзін пайдалану арқылы, олар жүйенің осы кезеңінде жұмысты табысты аяқтауға мүмкіндік береді;
-
телекоммуникация желісінде ақау болған кезде;
-
ақпарат жүйесіне рұқсатсыз кіруге әрекет жасалғанда;
-
техника жұмысында ақау болған кезде.
7.8 Ақпаратты сақтау тәсіліне қойылатын талаптар.
Деректерді қалпына келтіру мен резервті көшіру ЗТМО-дағы қолданыстағы бағдарламалық-технологиялық тұғырнаманың штаттық бағдарламалық қамтуының құрамына кіретін құралдардың көмегімен орындалуға тиіс.
Дерекқор әкімшісіне аптасына бір рет толық экспорт және инкременталды экспорты деректерді (соңғы экспорттау кезінен бастап өзгертілген барлық кестелер экспортталады) күн сайын орындау тапсырылуға тиіс.
Әкімшілік ету жүйесінің тәртібі мен резервті көшірме жасау электронды мұрағат көшірмесін жасау кезінде ақпаратты толық қайта орнына келтіруді қамтамасыз етуі тиісті, бірақ қайта жасау осы жүйенің жалпы тұтастығын бұзбауы қажет.
7.9 Мақсат көрсеткіштеріне қойылатын талаптар.
Жетілдірілген ақпараттық жүйеде бизнес-процестерде қолданылатын пайдаланушыларды қолдау регламентіне сәйкес, технологиялық жабдықтар, нысан параметрлері, процестерді өзгертуге ыңғайланған мүмкіндік болуы тиіс.
Жетілдірілген ақпараттық жүйенің мақсатына сәйкес дәрежесін сипаттайтын параметрлерге талаптар мен техникалық тапсырмаларда қамтып көрсеткен көрсеткіштер талаптарының сәйкестігін анықтайтын параметрлер жатады.
Көрсеткіштердің мақсаты:
-
Деректерді сақтау қоймасының ауқымдылығы – іс жүзінде бағдарламалық қамтумен шектелмейді, тек қана техникалық құралдардың қуаттылығына тәуелді;
-
Қажетті есептерді құру – қолданыстағы бағдарламалық-технологиялық тұғырнамаға арнаулы құралдармен қамтамасыз етіледі;
-
ЗТМО АЖ барлық жүйесі үшін икемділігі мен бейімделгіш дәрежесі жалпы сақтау болып табылады. Мұнда:
-
Логикадағы өзгерістердің тәуелсіз болуы;
-
Нормативтік анықтамалық ақпарат жүргізуде жалпы әмбебап механизм;
-
Есептік үлгісін қалыптастыруда әмбебап механизмі беріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |