Конкурстық ҚҰжаттама


МТ деректерін қолдана отырып, ӘЕС БАЖ мен ЗТМО ААЖ-ға ауысу



бет8/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#169799
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



6.5 МТ деректерін қолдана отырып, ӘЕС БАЖ мен ЗТМО ААЖ-ға ауысу.

6.5.1 ААЖ ЗТМО мен ӘЕС БАЖ көрсетілген мекенжай деректерін МТ МДҚ-да көрсетілген деректерге сәйкес келтіру үшін бағдарламалық қамтуды әзірлеуге қойылатын талаптар.


ҚР мекенжай тізімінің жіктеуішіне ӘЖК ДҚ-дағы (20 млн. жазба ) және басқа да шағын жүйелердегі мекенжай деректерін ауыстыруға арналған бағдарламалық қамту әзірленуі тиіс.

Бағдарламалық қамтуда салымшы мен алушылардың тұрғылықты жерінің мекенжайы жөніндегі туынды бірегей типтік қазіргі мекенжай деректерін (2/3 кем емес) мәтіндік мәлімдемелерін барынша автоматты түрде ауыстыру керек. Автоматты түрде ауыстыру мүмкін емес мекенжай деректері үшін интерфейс терезелерін пайдаланушыларға ауыстыру тетігі қарастырылған.

Бағдарламалық қамтуда мыналар көзделуге тиіс:


    1. ЗТМО ААЖ қауіпсіздігіне қызмет ететін шағын жүйені қолданумен бағдарламада пайдаланушыларды авторизациялау;

    2. ДҚ кестелерде осы ақпаратты сақтаумен пайдаланушылар орындайтын әрекеттерді журнализациялау және аудиттеу;

    3. Өңделген салымшылар саны туралы қажетті мерзімді және оперативті есептілікті қалыптастыру;

Клиенттік қосымша біріктірілген ортада қолданумен 6.0.нұсқасынан төмен емес Delphi әзірлемесімен жазылуға тиіс.

6.5.2 Мекенжайларды МТ деректеріне келтіру үшін бағдарламалық қамтуды жетілдіруге қойылатын талаптар.


Қажеттілігіне байланысты мекенжай тізімінің кодификаторларын таңдау арқылы мекенжай деректерін түзету және енгізу, бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын шағын жүйенің бағдарламалық модульдерін жетілдіру қажет.

6.5.3 ЗТМО АЖ мен МТ АЖ-ның өзара әрекеттесуіне қойылатын талаптар.


ЗТМО ААЖ мен МТ АЖ арасында қажетті деректерді өзара алмасуды жүргізу үшін web-сервистер құрастырылуы, сонымен қатар тарихи деректерді қолдана отырып, мекенжай тізімі классификаторларының деректерін сақтау құрылымы әзірленуге тиіс.

6.6 ЖТ МДҚ мен ӘЕС БАЖ ақпараттық өзара әрекеттесуі.


Ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуде ЗТМО ААЖ, ӘЕС БАЖ және МО АЖ арасында қажетті деректерді өзара алмасуды жүргізу үшін web – сервистері әзірленуі тиіс.

ЗТМО АЖ барлық шығыс хабарламалары ҮЭШ-ден ЗТМО ЭЦК-мен қол қойылуы тиіс.

ЗТМО АЖ барлық кіріс хабарламалары ЭЦК МО/ немесе ЭҮП-мен қол қойылуы тиіс ( DDoS-атака болдырмау үшін)

Сервистер жауап/сұрақтарын өңдеу және қабылдау/ беру МО,ЭҮП және ЭҮШ жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуі тиіс.

Ақпараттық өзара әрекеттесу МО - ақпараттық өзара әрекеттесуге қатысушылары бекіткен және олармен келісілген ақпараттық өзара әрекеттесу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

6.7 Әлеуетті өнім берушілер ұсынған шешімдерге қойылатын талаптар.


Әлеуетті өнім беруші ақпараттық жүйенің функциясын қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын шешімнің нұсқасын (нұсқаларын) (6-бөлімде көрсетілген тармақтар ішінен әрқайсысы бойынша) беруге міндетті. 6-бөлімде әр тармақ бойынша ұсынылған шешімдер толық берілмеген жағдайда конкурстық өтінім техникалық сипаттама талаптарына сәйкес келмейді деп кері қайтарылады.

7. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

7.1 Серверлік бағдарламалық қамтуға қойылатын талаптар.


Әзірленген бағдарламалық қамту HP-UX 11 нұсқасынан төмен емес операция жүйесі белгілеген Hewlett-Packard серверінде қызмет етуге тиіс. ДҚБҚ ретінде өндірістік ДҚБҚ Oracle 11g. қолдануы тиіс.

Барлық серверлер қосымшасында орталық сервердің ең аз конфигурациясында жеткілікті өнімділігін көрсетуге тиіс.

Серверлік бағдарламалық қамту скрипті техникалық тұғырнама-сервері мен бағдарламалық-технологиялық тұғырнама рәсімі сақталатын құрамадан тұрады.

Пайдалану процесінде жүйедегі барлық іркіліс жағдайлары (жүйедегі телекоммуникация арналары, техникалық құралдар, бағдарламалық қамту) мен оларды жою үшін қызметкерлер қолданған шаралар хаттамалануға тиіс және кейін оларды жүйелерді бақылау қызметі талдауға тиіс.



ДҚБҚ серверіне арналған техникалық тұғырнама

өлшемі

ең төменгі мәні

Ұсынылған мәні

Процессор

4x PA-RISC 8900

8x PA-RISC 8900

ОСҚ көлемі

16 GB

32 Gb

Дискілік массивтер

200Gb

500Gb

7.2 Дерекқорға кіру құқығын шектеуге қойылатын талаптар.


Кіру құқын шектеудің шағын жүйесі нақты ақпараттар базасына тәуелсіз құрылады және кейіннен оған қосылады. Бұл оның қосымша логикасын жеңілдетуге, сақтаулы ақпараттар қауіпсіздігіне бақылауды қамтамасыз ету функциясынан қосымшасынан бағдарламалық кодын ажыратуға мүмкіндік береді.

Басқару және кіруді шектеу жүйесі барлық деректерді (қосымшаға қарамастан) сүзгіден өткізуге тиіс, оны нақты ақпараттар қоры жүйенің соңғы пайдаланушыларына беруі мүмкін.

Тәуелсіз жүйеде ақпаратты қорғау жүйесінің бөлінуі барлық жүйелер қорғанысын анағұрлым көбейтуге, сондай-ақ деректерді беру арнасына жүктеме азайған кезде оның жалпы өнімділігін көбейтуге мүмкіндік береді.

7.3 Резервті көшірмені қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.


Резервті көшірудің шағын жүйесінде жоспарланбаған іркіліс немесе жүйедегі басқа да іркілістен кейін деректерді өңдеу тұтастығын қолдауға арналған рәсімді, апатты жағдайда деректер қорында логикалық тұтастықты жоғалтпау және іркілістен кейінгі қайта бастау жүйесінде ақпаратқа резервті көшіруді қамтамасыз ету тиіс.

Резервті көшірудің шағын жүйесі барлық дерекқорды ақпаратты магниттік тасымалдаушыға толық көшіру режимін қамтамасыз етуге тиіс. Дерекқордың тұтастығы мен көшірме сенімділігін тексеру мақсатында ДҚБҚ резервті серверінде магнитті таратушылар жүйелі түрде тексеріледі.

Сыртқы магнитті тасымалдаушы резерв көшірмелерін құру алдында ақпараттың орынды болуына бақылау жасауға тиіс. Бұл үшін операциялық жүйедегі штаттық құралдар мен жабдықтарды пайдалануы тиіс. Резервтік файл жүйесінің көшірмесін құруда файлдың иесі туралы деректер, файл тобы мен оған серверлік рұқсаты файлдың ішіндегісімен бірге сақталуы тиіс.

Деректер қорындағы резерв көшірмесін қалпына келтіру үшін жүйеде сенімді құралдар болуы тиіс. Іркілістен кейінгі ақпаратты қалпына келтіру рәсімі жүйе басшысының нұсқаулығында қатаң регламенттелген болуы тиіс.

Тоқтаусыз резервті көшіру жүйесі бағдарламалық аппарат кешені сияқты мына қасиеттерге ие:


  1. «клиент-сервер»тәртібінде қызмет ету;

  2. барлық қажетті деректерді көшіру үшін жеткілікті сыйымды болу;

  3. түрлі тәртіптегі резервті көшіруді қамтамасыз ету (толық және дифференциалды көшірмелер және т.б.);

  4. ашық деректер қорын көшіруді қамтамасыз ету;

  5. берілген сценарий бойынша апаттан кейін сервер желісін шұғыл қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

  6. иірілген таспа механизмінің басын алдын ала тазалауды автоматты түрде орындау;

  7. басқару және мониторинг жүргізудің дамыған құралдары болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет