1.1 Жобаның толық атауы.
Жобаның толық атауы – «2011- 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту».
Қысқартылған атауы – ӘЕС БАЖ мен ЗТМО ААЖ дамыту.
1.2 Жобаның тапсырыс берушісінің атауы және оның деректемелері.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) жобаға тапсырыс берушісі болып табылады.
Еңбекминінің мекенжайы: 010000 Астана қ, Орынбор 8, № 6 кіреберіс, «Министрліктер үйі».
1.3. Жұмысты қаржыландыру көздері.
Жүйені әзірлеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмысты қаржыландыру тәртібі тиісті шарттармен анықталады.
1.4 Жобаның құны. Жобаны іске асыру құны 234 913 мың теңгені құрайды.
1.5. Қолданылатын ұғымдар, терминдер және қысқартулар.
Р/с №
|
Қысқаша
|
Мағынасы
|
1
|
ЗТМО ААЖ
|
ЗТМО автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мынадай ақпараттық жүйелерден тұрады:
1. «Төлем хабарламаларын өңдеу жүйесі» (Төлем жүйесі және бірыңғай тізім);
2. «ӘЖК тіркеу»;
3. «Жәрдемақылар мен зейнетақыларды электрондық тағайындау» (E-Макет);
4. «МӘСҚ тағайындалатын әлеуметтік төлемдер»;
5. «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер базасы (ОДБ)»;
6. Ақпарат алмасу шинасы.
|
2
|
МО
|
Мемлекеттік орган (-дар)
|
3
|
Мемлекеттік қызмет
|
Азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдар көрсететін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімдерді орындауға бағытталған қызмет.
|
4
|
ЖТ МДҚ
|
Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры
|
5
|
ЗТ МДҚ
|
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры.
|
6
|
МТ МДҚ немесе МТ
|
«Мекенжай тізімі» мемлекеттік дерекқоры
|
7
|
ӘЕС БАЖ
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі –мынадай ақпараттық жүйелерді қамтиды:
- «Еңбекті қорғау» АЖ;
- «Еңбек нарығы» АЖ;
- «Шетел жұмыс күші» АЖ;
- «Әлеуметтік көмек: МБЖ, АӘК және ТЖ» АЖ;
- «Е-Собес» АЖ.
- Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған дерекқоры (МОДҚ)
|
8
|
Бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – БКО)
|
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi
|
9
|
Ақпараттық жүйе (АЖ)
|
Аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты ұсыну, жіберу, тарату, іздестіру, өңдеу, сақтауға арналған жүйе.
|
10
|
ЖСН
|
Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде осы жеке тұлғаға қатысты мәліметтер жөнінде жазбаларды жүргізуге мүмкіндік беретін, 12 цифрлы белгі тізбегі түрінде берілетін, жеке тұлға үшін қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру коды.
|
11
|
Еңбекмині
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
12
|
ККМ
|
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
|
13
|
ҚМ СК
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
|
14
|
ЖЗҚ
|
ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорлары
|
15
|
ҰКО
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығы
|
16
|
ЭҮП
|
«Электрондық үкімет» порталы
|
17
|
ӘЖК
|
Азаматқа, сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығын иеленетін адамдарға берілетін (16 белгіден тұратын) әлеуметтік жеке код. ӘЖК жеке тұлғаның бірегей сәйкестендіргіші болып табылады.
|
18
|
Ақпараттық алмасу шинасы
|
(Oracle Service Bus) веб-сервистерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық өнім.
|
19
|
ЭҮШ
|
«Электрондық үкімет» шлюзы
|
20
|
ЗТМО немесе Орталық
|
Еңбекминінің «Зейнетақы төлеу жөнінде мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
|
21
|
ОДҚ
|
ЗТМО арқылы төленетін барлық жәрдемақы түрлері мен зейнетақыны төлеуді қамтамасыз ететін зейнетақы мен жәрдемақыны төлеудің (ЗТМО ААЖ ішкі жүйелерінің бірі) орталықтандырылған дерекқоры (ОДҚ).
|
22
|
ЭЦҚ
|
ҰКО тіркеу орталығында берілетін жеке және заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы. ҰКО тіркеу куәліктері (цифрлы сертификаттар немесе ЭЦҚ) ҚР электрондық үкіметінің ақпараттық жүйесінде қолданылады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |