«Бекітілген» Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жауапты хатшысы
Т.Б. Дүйсенованың
2012 жылғы «24» сәуірдегі
№ 156-ө-м бұйрығы
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Мемлекеттік сатып алу: 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша қызметтері.
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік мекемесі, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, СТН: 600700016283, ЖСК: KZ92070101KSN0000000, БСК: KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік мекемесі, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, СТН: 600700016283, ЖСК: KZ92070101KSN0000000, БСК: KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекемесі.
Конкурстық комиссия хатшысы: Н.Ұ. Айдаров, 8-(7172)-74-35-95, aidarov@enbek.kz.
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 234 913 000 (екі жүз отыз төрт миллион тоғыз жүз он үш мың) теңгені құрайды.
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;
3) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес айтарлықтай шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу шартының жобасы;
4) осы конкурстық құжаттаманың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер;
5) осы конкурстық құжаттаманың 37-тармағының 2) тармақшасына сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесі;
6) осы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
7) осы конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету (Банктік кепілдік) нысаны;
8) осы конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес Банк алдындағы қарызы жоқ екені туралы анықтама нысаны;
9) осы конкурстық құжаттаманың 9-қосымшасына сәйкес бағалар кестесінің нысаны;
10) осы конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (Банк кепілдемесінің) орындалуын қамтамасыз ету нысаны;
11) осы конкурстық құжаттаманың 11-қосымшасына сәйкес конкурста мемлекеттік сатып алу пәні болып табылатын қызмет көрсетуді бірге орындаушылар туралы мәліметтер.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы ЖСК: KZ980705012130001001, БСК: KKMFKZ2A, СТН: 600700016283, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекемесі;
2) осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Төлемнің базалық шарттары
5. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының (конкурстық құжаттамаға 3-қосымша) 2.2. тармағында төлемнің базалық шарттары айтылған.
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы 14 мамырда 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұраумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрауларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік мекемесі, № 801 к.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы 18 мамырдан кешіктірмей өз бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 2012 жылғы 16 мамырда «10» сағат 00 минутта, № 920 кабинетте кездесу өткізеді.
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде жариялайды.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
11. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінім;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесі:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
әлеуетті өнім берушінің қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір ай бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы не үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі.
Конкурстық құжаттама өзінің мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс:
- әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;
- әлеуетті өнім берушіні ресми биржа листингіне енгізу туралы қор биржасынан үзінді көшірме;
Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резидент болмаса, онда оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резидент емес әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер бар құжаттар беріледі.
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
- әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтер;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылар жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
- осы конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салу шартын қабылдау;
4) қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, қызметтерді көрсету көлемдері мен мерзімдерін, қызмет көрсету шарттары сипатталған техникалық ерекшеліктер;
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі де тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігінің болуын растау үшін) және әлеуетті өнім берушінің ұсынылатын тауарға, көрсетілетін қызметтерге иелік ету құқығын растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
Өтінім сондай-ақ олар болған жағдайда, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі
13. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі - конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күн.
14. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім қайтарылады.
Конкурстық өтінімнің тілі
15. Әлеуетті өнім берушінің жасаған конкурстық өтінімі, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты барлық хат алмасу мен құжаттар Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілде жасалады және ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
16. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
18. Конкурстық өтінімде ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспестен, түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателерден басқа, жолдар арасында ешқандай кірістірме, қосылған немесе өшірілген жазу болмауы керек.
19. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «2011-2013 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2012 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫР САҒАТ 11.00 ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып мына мекенжайы бойынша: 2012 жылғы 25 мамыр 10 сағат 00 минутты қоса алғандағы мерзімге дейін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 801 кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Н.Ұ. Айдаровқа береді.
21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
22. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
23. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
24. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен (егер болса жеке тұлғаға) бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
25. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын сақтай отырып, сұрау салудан бас тартуға құқылы.
27. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды өзі көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы 25 мамырда 11 сағат 00 минутта, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, № 920 кабинетте жүргізеді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына 2012 жылғы 25 мамырдың 10 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша тіркелуге тиіс Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, № 920 кабинет.
Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
31. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген конкурстық комиссия хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, төрағасы, төрағаның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
6. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары бар көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
34. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;
2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағыда көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз етуді енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
35. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болса;
2) конкурстық комиссияның:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
36. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
1) ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге тиіс.
37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді (конкурсқа қатысушылар) айқындайды;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсынымдарына әсер ететін келесідей өлшемдер бойынша проценттік мәнін қолданады;
а) әлеуетті өнім берушіде мыналардың барына:
- өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі;
- сатып алынатын көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйелері);
б) көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары;
в) жергілікті мазмұн.
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
38. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде осы конкурстық құжаттаманың 37-тармағының 2) тармақшасына айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.
Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды.
39. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.
40. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
41. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Осы өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тиіс.
42. Жергілікті мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті мазмұнның әрбір пайызы үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.
Көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушінің жергілікті мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
43. Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде бес пайызға азайтады.
44. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, төрағасы, төрағаның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
7. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
46. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қоспалар, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
47. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның бет жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «2011-2013 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» – КОНКУРСТЫҚ БАҒАЛЫҚ ҰСЫНЫМ – (конкурстық баға ұсынысы салынған конверт тапсыру мерзімі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетіледі) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».
48. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алуына не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуіне, сондай-ақ бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
8. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтауы
49. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
50. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
51. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
52. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
53. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
54. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
55. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
56. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда.
57. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
10. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
58. Конкурс тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші Заң талаптарына және осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес Үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын әзірлейді және оны өнім берушіге жібереді.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудің мына түрлерінің бірін:
1) ЖСК: KZ980705012130001001, БСК: KKMFKZ2A, СТН: 600700016283 ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ банктік шотында орналасқан ақшаның кепілдікті жарнасын;
2) осы конкурстық құжаттаманың 10-қосымшаға сәйкес банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
59. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
60. Отандық тауар өндірушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
61. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
62. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
_________________
Конкурстық
құжаттаманың
1 қосымшасы
Сатып алынатын қызметтердің тізбесі
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс
Тапсырыс берушінің
атауы
|
Қызметтің атауы*
|
Өлшем
бірлігі
|
Саны,
кґлемі
|
Беру
шарттары
(ИНК
ОТЕРМС
2000
сәйкес)
|
Қызметтер
көрсету мерзімі
|
Қызметтер
көрсету
орны
|
Аванстық
төлем
мөлшері,
%
|
Конкурс
тәсілімен
мемлекеттік
сатып алу
үшін бөлінген
сома (N лот
бойынша),
теңге
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ММ
|
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша
|
қызмет
|
1
|
|
2012 ж. маусым-желтоқсан
|
ҚР ЕХӘҚМ Астана қ.
|
30%
|
234 913 000
|
* Қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Мемлекеттік сатып алуды басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы
Жауапты хатшы Т.Б. Дүйсенова / ___________________ /
Күнi: 2012 ж. 24 сәуір
М.О.
|
Конкурстық
құжаттамаға
2- қосымшасы
2011- 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша сатып алынатын қызметтерінің
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |