Конкурстық ҚҰжаттамасы тапсырыс беруші


Инженерлік қамтамасыз ету, желілер мен жүйелер



бет3/4
Дата11.07.2016
өлшемі427.5 Kb.
#190697
түріКонкурс
1   2   3   4

2.4.4. Инженерлік қамтамасыз ету, желілер мен жүйелер

Жылумен жабдықтау

ЖЭО-2 тұрғын үй кешенін жылыту көзі болып табылады.

Жылу беруші – 130-700С өлшемдерімен су.

Техникалық шарттарға сәйкес 2Ø200 мм қолданыстағы желіге қосылу жерінен жеке бөлінуге дейін желіні 2Ø100 мм-ден 2Ø150 мм-ге ауыстыру арқылы қайта жаңартумен құрылыс салушы Басшыбаеваның қонақ үйіне бұрын жобаланған 2Ø100 мм желілеріне жылу желілерін қосу көзделген. Б. Момышұлы даңғылынан өтетін жылу желісін 2Ø325х7/450 мм-ден 2Ø800 мм-ге жылу магистраліне қосылуға дейін ауыстыру көзделген. Желі қосалқы футляр құрылғысымен болат футлярында салыну тиіс.

Жылу желісі – екіқұбырлы, 10704-91* МемСТ бойынша 30732-2006 МемСТ-ымен полиэтилен сыртымен индустриалдық пенополиуретан оқшалауымен болат электрмен пісірілген құбырлардан салынады.

Жылу желісі құбырларының жылу ұзындауын өтеу П үлгісіндегі өтеуіш пен трасса бұрылатын бұрыштар есебінен көзделген.

Жылу желісін салу тәсілі – жерасты арнасыз. Жылу желісі құбырларын салу тереңдігі оқшалау үстінен жер үстіне дейін 1,0÷1,5 м шегінде болады. Жылу желісі трассасының астына негіз ретінде қалыңлығы 0,15 м орташа ірі нығыздалған құмды алады.

П үлгідегі өтеуіштер темірбетонды лоток сияқты бөліктерден өтпейтін арналарда салынуы тиіс. Жолдың көлік жүретін бөліктеріне астына құбырлар көтергіш плиталар астынан салынуы тиіс.

Жұмыс жобасында ұзартылған штоктармен тірек, құрғату және әуелік арматурларды құдықсыз орнату көзделген. Тірек арматуралары ретінде қолмен іске қосылатын ТУ 7100 РК 05851636 сәйкес келетін болат шардық крандар орнатылатын болады.

Құбырларды босату құрғату құдығы арқылы жүзеге асырылады.

Оқшалау қабатының ылғалды жай-күйін бақылау жедел-дистанциялық бақылау (ЖДБ) жүйесі арқылы жүзеге асырылады. ЖДБ жүйесі үшін тұрақты бақылау құралы ретінде тұрғын үйдің ИТП орын-жайында орнатылған стационарлық детектор пайдаланылады.

Жылыту мен желдету

Жылу желісінің құбырлары техникалық қабатқа енгізілетін болады:

- 1-ші секцияны жылыту жүйесі үшін ИТП-1 орнатылған;

- 2-ші секцияда орнатылған ИТП-2 2 және 3-ші секцияларды жылыту жүйесін қамтамасыз етеді.

Жылу торабына жылыту желісін қосу пластиналық жылу айырбастағыштар арқылы тәуелсіз сызба арқылы жүзеге асырылады. Басқару тораптарында жылу шығысын есепке алу құралдарын орнату көзделген. Жылу жүйесі бойынша жылу таратушының айналымын қамтамасыз ету үшін 1 және 2-ші секциялардың әр ИТП-сында екі сорғы (1 жұмыс, 1 резервтік) орнату көзделген.

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі – жабық. Ыстық суды дайындау екісатылық аралас сызба бойынша жылу желісіне қосылған пластиналық жылу айырбастағыштарда жүзеге асырылады.

Жекелеген тәуелсіз жылу жүйелері төмендегілер үшін қарастырылған:

- баспалдақ орын-жайлары мен қоқыс жинау камерасы – бірқұбырлы тік жүйе астында құбырды таратумен;

- пәтерлер – тік құбырмен бірқұбырлы үстінгі тарау жүйесі.

Жылыту құралдары ретінде шойын МС-140 радиаторлары алынған. Жылыту құралдарындағы жылу беруді реттеу термостатикалық бөліктері бар клапандармен жүзеге асырылады. Қоқыс жинау камераларында икемді құбырлардан регистрлер орнатылған.

Ауаны жою жылу жүйесінің үстінгі нүктелерінде орнатылған автоматты ауашығарғыштармен жүзеге асырылады.

Жылу жүйесінің құбырлары 3262-75* МемСТ бойынша болат су мен газ өткізетін құбырлардан жасалған.

Техникалық қабаттардағы тарату құбырлары және бас тікқұбырлар жылумен оқшаланады.

1 және 3-ші секциялардағы пәтерлерді жалпы ауыстырып желдету өзіндік ықпалмен ағынды - шығармалы. Ауа ағыны үйымдастырылмаған, қоршау конструкциялары мен есік пен терезелердегі тесіктер арқылы инфильтрация есебінен болады. Ауаны шығару өзіндік ықпалмен ас бөлмесі мен саниатрлық орын-жайлардағы ауа тарту арналары арқылы жүзеге асырылады.

2-ші секцияда механикалық ықпалмен жалпы ауаны алмастыратын ағынды – сорғыш желдету көзделген. Ағынды ауаны әр тұрғын секцияға беру көзделген. Ағынды ауаны өңдеу ғимараттың техникалық қабатында орналасқан ағынды агрегатта жүзеге асырылады. Ауаны сору желдетуі механикалық және өзіндік ықпалмен ас бөлмесі мен саниатрлық орын-жайлардағы ауа тарту арналары арқылы жүзеге асырылады. Ауа тартқыштар 14918-80 МемСТ бойынша қалайы жайма болаттан жасалады.

Лифт шахтасында болуы мүмкін өрт кезінде тірек үшін ауа беру әр секцияның техникалық қабатында орнатылатын радиалдық желдеткіштермен жүзеге асырылады. Ір қабаттың дәліздерінен түтінді шығару үшін әр секция үшін ұшқыннан қорғалған шатырлық желдеткіштер көзделген.



Сумен жабдықтау және кәріз

Сумен жабдықтау және кәріздің сыртқы жүйелері.

Қалалық су дайындау станциясы тұрғын үйді сумен жабдықтаудың көзі болып табылады. Техникалық шарттарға сәйкес тұрғын үйді сумен жабдықтау шаруашылық-ауыз су құбырының қолданыстағы желісінен көзделген. Жұмыс жобасында Б. Момышұлы даңғылында салынған қолданыстағы сумен жабдықтау желісін (Ø500 мм) Қарқабат көшесінде салынған (Ø200 мм) су құбырымен айналдыру көзделген.

Аумақта екі бірлескен сумен жабдықтау желісін орнату көзделген:

- шаруашылық-ауыз су өндірістік құбыры;

- өртке қарсы құбыры.

Су құбырының сыртқы желілері 18599-2001 МемСТ бойынша полиэтиленнен айналма түрінде жобаланған. Су құбыры желісінің құдықтары ТПР 901-09-11.84 бойынша қабылданды.

Техникалық шарттарға сәйкес тұрғын үйден ағынды суды қолданыстағы шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлі кәріз коллекторына өзіндік ағын бойынша ағызу көзделген.

Шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлі кәріздің алаңішілік тораптары 6942-98 МемСТ және 9583-75* МемСТ бойынша кәріздік шойын құбырларынан жобаланған.

Кәріз желісіне құдықтар ТПР 902-09-22.84 бойынша қабылданды.

Сумен жабдықтау және кәріздің ішкі жүйелері.

Жұмыс жобасында пәтерлердің ас бөлмесінде, ваннасы мен саниатрлық бөлмелерінде орнатылған сантехникалық құралдарға, сондай-ақ тұрғын блоктардың ішкі өрт сөндіру жүйесіне суық және ыстық су беру көзделген.

2-ші секцияға су құбырын енгізу екі желі арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үйге бас су есептегішін қоспағанда, әр пәтерге суық және ыстық су есептегіштерін орнату да көзделген.

Ыстық суды дайындау жеке жылу пункттерінде орнатылған пластиналық жылу ауыстырғыштарда әр блок үшін көзделген. Ванна бөлмесінде орнатылған орамал кептіргіштері ыстық сумен жабдықтау құбырларына қосылған.

Тұтынушыларды шаруашылық-тұрмыстық және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету үшін 2-ші секцияның техникалық орын-жайында мынадай жабдық орнату көзделген:

- шаруашылық-тұрмыстық және өртке қарсы сумен жабдықтаудың бірлескен жүйесі үшін үш сорғысы бар көпсорғылы көтеру құрылғысы (2 жұмыс, 1 резервтік);

- мембрандық-кеңейту багы.

Секциялардың ыстық сумен жабдықтау жүйесінде құралдардың жұмыс өлшемдерін қамтамасыз ету үшін екі көтеру-циркуляциялық сорғы (1 жұмыс, 1 резервтік) көзделген.

Су тарату құбырлары және суық және ыстық сумен жабдықтау, сондай-ақ ішкі өрт сөндіру жүйесінің тікқұбырлары 3262-75* МемСТ бойынша болат су мен газ өткізетін қалайы құбырлардан, ал санитарлық-техникалық құралдарға жеткізгіштер полипропиленді құбырлардан жасалады.

Техникалық қабаттарда салынған су тарату құбырлары, суық және ыстық сумен жабдықтау тікқұбырлары жылу оқшауланған.

Шаруашылық-тұрмыстық ағындарды бағыттау кәріздің сыртқы желілеріне жекелеген жол арқылы өзіндік жүзеге асырылады. Ішкі кәріз құбырлары 22689-89 МемСТ бойынша полиэтилен құбырлардан, ал жеңсырықтар – 6942-98 МемСТ бойынша шойын құбырдан жасалған.

Ғимарат шатырынан жаңбыр және еріген қар суларын ішкі су ағыны жүйесіне ағызу көзделген. Ішкі су ағу құбырларынан су нөсерлі кәріздің аулалық жүйесіне құйылады.

Ішкі су ағу жүйесі 10704-91* МемСТ бойынша болат электр пісірілген құбырлардан және 6942-98 МемСТ бойынша шойын құбырлардан жасалған.

Электртехникалық шешімдер

Тұрғын үйге электр энергиясын беру шиналардың әртүрлі секциясынан РУ-0,4 кВ №3007 ТП-дан көзделген. №3007 ТП-да РУ 0,4 кВ панельдерінде предохранительдермен екі рубильник орнату көзделген. АПвБбШв-4х120 – 1,0 кВ маркалы кабель траншеяда салынған. Кабель желісінің тереңдігі жоспарланған белгіден 0,7 метрде. Жерасты инженерлік коммуникациялармен қиылысу диаметрі 100 мм асбестцементті құбырларда көзделген.

Жобада құрылыс аймағынан 10 кВ желісін шығару көзделген. Шығарылатын КЛ-10 кВ салу қосу муфталарын орнатумен траншеяда қарастырылған. Кабельді механикалық зақымдануынан қорғау үшін 10 кВ кабелі кірпішпен қапталады.

Ғимаратқа кіреберісте ВРУ1-13-20 үлгісіндегі кіреберіс панелін және ВРУ1-50-01 үлгісіндегі тарату панелін орнату жобаланған. Өрт сөндіру жүйесін тұтынушыларды қоректендіру үшін АВР құрылғысымен ВРУ1-18-80 УХЛ14 үлгісіндегі панельді орнату көзделген.

Пәтерлерді электр энергиясымен жабдықтау үшін кіреберістегі тарату құрылғысынан тікқұбырлар бойынша ЩЭ-3402 УХЛ4 үлгісіндегі әр қабаттағы құрылғыларға қоректену желісі тарайды. Қабаттағы құрылғыларда әр пәтерлік есептеу үшін бірфаздық есептегіштер және пәтерлерді қоректендіру желілерін қорғау үшін автоматтар орналастырылады. Жалпы үйлік жүктемені есепке алу ВРУ-да қарастырылған.

Жалпы үйлік тұтынушылардың қоректендіру мен топтық желілері ПВ-1 маркалы сымнан және ВВГп маркалы кабельден орындалады, олар ПВХ құбырлары мен тікқұбырларда сылақ астына жасырын және техникалық орын-жайларда ашық түрде салынады. Қабаттағы құрылғылар желілері қосылған бес сымнан орындалады.

Пәтерлердегі топтық желілер ПВХ құбырында сылақ астында қабырға бойында жасырын және полиэтилен құбырында, аражабын тақтасының қуысында ПВ1 маркалы қосылған үш сымнан орындалады.

Жалпы үйлік орын-жайларды жарықтандыру үшін жобада жұмыс, авариялық (эвакуациялық) және жөндеу жарықтандыруы көзделген.



Найзағайдан қорғау.

ҚР ҚН 2.04-29-2005 «Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғауды орнату жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес ІІІ санат бойынша найзағайдан қорғау көзделген.



Әлсіз ток құрылғылары және өрт сигнализациясы

Өрт сигнализациясы

Автоматты ӨС жүйесі «шина» үлгісіндегі торап құрылымын пайдаланумен С2000М бақылау және басқару пульті негізінде «Болид» ҒӨФ фирмасының жабдығында қолдану көзделген. Пультқа «Сигнал-20П» қабылдау-бақылау құралдары, «С2000-СП1» релелік модульдері қосылған.

Өрт туралы хабарландыру құралы ретінде пәтерлердің холлдарында (дәліздерде) орнатылатын ИП 212-45 үлгісіндегі автоматты түтін хабарлағыштар, ал баспалдаққа шығу мен ғимараттан шығуда ИПР-ЗСУ үлгісіндегі қолмен басылатын хабарлағыштар қолданылады. 2-ші блокта (жатақхана) барлық орын-жайларда ҚР ҚН 2.02-11-2002 сәйкес ИП 212-44 үлгісіндегі хабарлағыштарды орнату жобаланған.

Өрт сигнализациясының шлейфтері КСПВ 1х2х0,5 мм сымнан жасалған.



Өрт туралы хабарландыру

Адамдарды өрт туралы хабарландыру үшін ҚР ҚН 2.02-11-2002 сәйкес хабарландырудың екінші түрі көзделген. Хабарландыру жүйесі «ТОН-1С» электрондық тоналдық дыбыс негізінде жобаланған, оны басқару ғимараттың өрт сөндіру постында орнатылған хабарландыру жүйесінің контроллері арқылы жұмыс істейді. Хабарландырудың дыбыс құралдары әр қабат дәліздерінде орнатылады. Хабарландыру желісі ВВГ 2х1,5 мм кабелімен жасырын Ø25 мм гофроқұбырда орындалады.



Телефондандыру

Жобада жақын жердегі қолданыстағы телефон құдығынан жобаланған темірбетонды құдықты орнатумен диаметрі 110 мм полиэтилен құбырларынан 4 тетікті телефон кәрізін салу көзделген. «Караван» тұрғын үй кешенінде орналасқан 36/11/8 АД-дан ОКГ-0,22-12 маркалы кабельді жобаланған ғимаратқа дейін алу ішінара іске қосылған арна арқылы қолданыстағы телефон кәрізі және жобаланған телефон кәрізі бойынша орындалуды.

Тұрғын үй кешенін телефондандыру үшін GRON жабдығын орнату көзделген. Сплитерлік шкафтардан тарату желісі ОК кабелімен орындалады. Абоненттік желі Ø25 мм гофроқұбырда талшықты кабельмен жасырын орындалған.

Теледидар

Телевизиялық бағдарламаларды қабылдау үшін UHF, VHF (жергілікті хабар сигналдары үшін) антенналары орнатылады. Телевизиялық жабдықтан жиілігі жоғары RG-58 кабелі тікқұбыр бойынша күшейткішке дейін, ал одан әрі телевизиялық розеткаларға дейін RG-6 абоненттік кабелі салынған.



Домофон байланысы

Домофон байланысы сөйлесу – құлыпты құрылғы негізінде ұйымдастырылған. Қабат арасындағы ССК-30 тарату желілері ТПП кабелімен салынған. Коммутация блоктары арасында және әр пәтердің сөйлесу құрылғысына дейін - полиэтилен құбырындағы КСВП 2х0,5, кабелімен. Пәтердегі аппарат кіреберіс бөлмеде орнатылады, подъездегісі – тамбур қабырғасында. Электрмагнитті құлып подъездің кіреберіс есігіне орнатылады.



Сатып алынатын жұмыстарды орындаушыға

қойылатын қажетті талаптар
Конкурсқа қатысушы конкурстық бағаны белгілеу үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес «Астана қаласында Б. Момышұлы даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үй» объектісін салу жөніндегі жұмыстарды орындауға шарттық бағаны есептеу ведомосін ұсынуға міндетті.

Құрылыс құнына төмендегілер кіреді:



  • барлық жұмыс түрлерін орындау құны, ЖСҚ-ға сәйкес;

  • құрылыс барысында қажеттілігі пайда болатын ЖСҚ-ны түзетуге арналған шығындар;

  • бүлінген жер учаскелерін қайта құнарландыруға байланысты шығындар;

  • жүктерді тасымалдау мен сақтау шығындары;

  • кеден алымдары шығындары;

  • іске қосу - жөндеу жұмыстарының шығындары;

  • құрылыс аумағындағы инженерлік желілерді шығару шығындары;

  • сытрқы инженерлік коммуникацияларға желілерді қосу шығындары;

  • жасыл екпелерді жою және қайта отырғызу шығындары;

  • материалдарға, өнім мен жабдыққа сертификаттар мен паспорттар алу шығындары;

  • осы ашық конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманың тармақтарында аталған шығындар;

  • объектіні техникалық түгендеу, тұрақты жер пайдалану құқығы актісін ресімдеу, актілерді әділет органдарында тіркеу шығындары.

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім



(заңды тұлғалар үшін)

 

Кімге ______________________________________________________________________________



                                                 (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен _______________________________________________________________________________

                                                             (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:



 

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

 

 

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

 

Толтырылған күні___________________________________

 

М.О.

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

 

Кімге __________________________________________________________________



(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен __________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:



 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы

  

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне

сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі



  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық

почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)



  

 

2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

__________________________________________________________________

______________________________/__________________/

(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)

 

Толтырылған күні_____________________________________________

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

 
 


Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)

 

1. Әлеуетті өнім берушінің атауы ____________________________________________________________________



2. Әлеуетті өнім беруші соңғы бес жыл ішінде орындаған жұмыстарының  көлемі (ол бар болған кезде), теңгемен

____________________________________________________________________________

 

Объектілердің атауы мен

орналасқан жері

Тапсырыс берушілердің атауы

мен олардың телефондарының

нөмірлері

Жұмыстардың түрлерімен

объектілердің аяқталу жылы

Шарттың құны, теңге

(көрсетілмесе де болады)

  

  

  

  

  

  

  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет