Септеулік шылау. Зат есімдер мен есімдіктерідің септелуінде олардың басқа сөздермен байланысуы үшін қолданылатын сөйлемнің өзгертілмейтін қызметтік бөлігін шылау деп атайды.
Орыс тілінде шылаудың рөлі септік жалғауларымен ұқсас келеді. Шылау септіктің мағынасын нақтылап септік жалғауларын толықтырады: книгу положили в шкаф.
Септеулік шылаулар – бұл дәл орыс тіліндегідей септіктерді басқаратын сөйлемнің қызметтік және өзгертілмейтін бөліктерінің бірі. Бірақ орыс тіліне қарама-қарсы қазақ тілінде септеулік шылаулар олар қатысты сөздерден кейін қойылады: приехал после работы – жұмыстан соң келді.
Орыс тілінде шылаулар арқылы білдірілетін қатынастар қазақ тіліндегідей өте көптүрлі. Зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің септіктерімен тіркесіп шылаулар мен септеулік шылаулар кеңістіктік, уақыттық, себептік, мақсаттық және басқа да қатынастар үшін қызмет етеді. Ребенок побежал к матери – Бала анасына қарай жүгірді.
Орыс тілінде шылаусыз септіктер әдетте обьект мәніне ие, ал кеңістіктік қатынастар онда шылау арқылы білдіріледі.
Қазақ тілінде кеңістіктік қатынастарды білдіру үшін негізінен шылаусыз барыс, шығыс, жатыс септіктері қолданылады. Бірақ дәл осы қатынастар қазақ тілінде септеулік шылаулар немесе қызметті атаулар көмегімен беріледі:
в деревню түсінігін екі тәсілмен жеткізуге болады: а)ауылға; б) ауылға қарай.
из деревни: а) ауылдан; б)ауыл ішінен.
в деревне: а)ауылда; б)ауыл ішінде т.с.с.
Орыс тілінде қазақ тіліндегідей шылаулар мен септеулік шылаулар арқылы сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жасалады. Орыс тілінде атау септігінде басқа барлық септіктер шылаулармен қолданылады. Қазақ тілінде орыс тіліне қарағанда атау септігінің өз септеулік шылаулары бар, ал табыс септігі мен жатыс септіктері, керісінше септеулік шылаусыз болады, яғни өз септеулік шылаулары болмайды.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулар
Орыс тілінде көпшілік шылаулар қолданылады:
1.Бір қандай да бір септіктен:
а) без, близ, вне, до, для, из, от, ради, кроме, у, серди, из-за, из-под шылаулары барыс септігімен ғана қолданылады.
б) к – шылауы дательный септігінде;
в) про,через,сквозь – тек табыс септігінде;
г) над, перед – тек көмектес септігінде;
д)при – шылауы тек көмектес септігінде
2.Кейбір шылаулар орыс тілінде екі септіктен қолданылады.
3.Орыс тіліндегі кейбір шылаулар әр жағдайда түрлі қатынастарды білдіре тін үш септіктен өзара әрекет ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |