Тезистер
Әмір Темір – моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген.
Әмір Темір 1370 жылы Мауренахрдағы билікке ие болып, 35 жыл бойы жеке-дара билік жүргізген.
Әмір Темірдің жалпы Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылады.
Әмір Темір Ақ Орда мен Моғолстанды басып алу үшін Тоқтамысты пайдаланып, оны әскермен жасақтап, 1374-1376 жылдары үш рет Ақ Ордаға аттандырады. Әмір Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады.
1371 жылы Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды, ол бұл жолы Алмалыққа дейін жетті.
1375 жылы Әмір Темір әскері Моғолстанға тағы да жорыққа аттанып, Шарын өзені шатқалында Қамар әд-Динмен шайқасты. Қамар әд-Дин жеңілгеннен кейін Әмір Темір әскері моғолдарды Іле өзеніне дейін қуып, Самарқанға мол олжамен оралады.
Әмір Темір Моғолстанға 1372 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасады.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылы одақ құруға әрекет жасады.
Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға және 1390-1391 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады.
Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды.
1391 жылы Әмір Темір 200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенінен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп, оны тас-талқан етіп жеңеді.
Әмір Темір Алтын Орданың Еділдегі астанасы Сарай Беркені, Еділ бойы мен Қырымдағы ірі қалалар – Астрахан, Каффа, Азақ тағы басқаларды қиратады.
Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді.
Әмір Темір ұзақ жылдарға созылған жорықтардан соң 1405 жылы Отырар қаласында дүние салады.
Жалпы Әмір Темір XIV ғасырдың 90 жылдары 27 мемлекетті жаулап алады. Иран, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Орта Азияны қамтитын империя құрды.
Әмір Темір сауатсыз болғанымен өнерді, көркем әдебиетті жан-тәнімен сүйген. Ислам дінін барынша қолдап, мешіт, медреселер салдырған.
Сондай-ақ 1397 жылы Түркістан топырағында Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салдырып, қазақ қауымы үшін аса құнды мұра қалдырған.
Қазақ халқының қалыптасуы
Конспект
Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
Конспект
Қазақ жүздерінің шығуы
Конспект
Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты
Конспект
Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі
Конспект
Қазақ хандары – Тәуекел, Есім, Жәңгірдің ұстанған саясаттары
Конспект
Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
Конспект
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты
Конспект
ХVІІ ғасырдағы қазақ мемлекетінің нышандары
Конспект
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі
Конспект
XVI-XVII ғасырлардағы қазақ халқының материалдық мәдениеті: баспанасы
Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. «Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».
Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный қазақ атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов осы пікірді қолдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде, қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш қас пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |