Клиникалық белгісі :
Алғашқы клиникалық белгісі бауыр тұсының ауырсынуы, ұйып, шаншып, төмен тартып тамақ ішкеннен соң организмге күш түскенде басталады. Диспепсикалық өзгерістер болады. Тамаққа деген тәбеті төмендеуі, лоқсу, құсу, метеоризм, іш өтулері байқалады. Науқас жалпы әлсізденіп, тез шаршайды. Жалпы қарағанда науқастың терісі, көз склерасы сарғаяды, жүдейді, кеудесінде тамыр жұлдызшалары, геморрагиялық қанталаулар, алақан бұлшық етінің қызаруы, тілдері жылтыр таң қурай түсіндей қызарады. Іш қуысына сұйықтық жиналады. Құрсақ тамырлары білеуленіп көзге көрінеді. Кіндігі шығады. Бұл симптомдарды "бауыр симптомдары" деп атайды. Ер кісілерде емшек бездері ұлғаяды "гинекомастия" аталық бездің атрофиясы (белсіздік), бұлшықет атрофиясы. Әйелдерде қолтықасты, қасаға маңы шаш түктерінің түсуі, ер кісілерде төстегі, сақал мұрты шаш түктері түсіп сирейді. Иық белдемесінің, қабырға аралықтарының, қол-аяқ бұлышық еттері басым атрофияланады. Перкуссияда бауыр шекераларының ұлғаюы анықталады.
Пальпацияда бауырдың ұлғаюы (гепатомегалия) бауыр бетінің тегіенстігі немесе кедір – бұдырлығы анықталады.(80-90% кездесетін белгі). Спленомегалия - портальдік гипертензия дамуының куәгері. Талақтың консистенциясы тығыз, шеті жұмыр келеді.
Лабораториялық, құралдар диагностикасы:
Жалпы қан талдауы – лейкоцитоз, жылдамдатылған ЭТЖ, тромбоцитопения
Биохимиялық қан талдауы – жалпы билирубин, тікелей билирубин көрсеткіші ұлғаяды, сілтілі фосфатаз, альбумин жоғарлайды.
Зәр талдауы – уробилиннің болмауы.
УДЗ – бауырдың жасушаларының морфологиялық өзгерістері анықталады.
Лопароскопия - бауырдың морфологиялық өзгерісі (тірідей биопсияға жасаушалар алынады)
МРТ, КТ- бауырдың жасушаларының морфологиялық өзгерістері анықталады.
Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:
цитолиздік , холестаздық , портальдік гипертензия синдромдарына және олардың бауыр жасушалық шамасыздығымен бірге жүруіне;
аталған синдромдардың лабораториялық- аспаптық зерттеулермен дәлелденуі;
бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне.
Достарыңызбен бөлісу: |