Дифференциалды дагностикасы: гепатиттер, біріншілік бауыр қатерлі ісігі, сублейкемиялық миелокейкоз, эхинококкоз.
Бауыр циррозының көрінісі бір қарағанда кейбір ауруларға ұқсайды. Созылмалы гепатиттен айырмашылығы - архитектоникасының айқын бұзылыстары, портальдік гипертензияның клиникалық белгілеріне.
Емдеу принципі:
№ 5 диеталық стол тағайындалынады.
Этиологиялық ем:
Дәрі дәрмектер:
І. Гепотопротекторлар:
Эссенциал 5-10 мл қан тамырына енгізу (эссенциал форте 1 капсуладан)
Хофитол 10 мл вена ішіне 3 рет
Силибинин,силимарин (легалон) әдетті дозада 2-3 апта.
Гепадиф 5 мл 5% - 400 мл глюкоза ертіндісімен қан тамырға тамшылатып енгізу.
Гептрал 1-2 капсуладан 3 рет тәулігіне қабылдайды.
ІІ. Витаминдер: Витамин , никотин қышқылы схема бойынша тағайындалады.
ІІІ. Десенсибилизация: супрастин, пипольфен 1-2 таблеткадан 3 мезгіл
ІV. Энтеральді оксигенотерапия (оттегі коктейлі)
V. Дезинтоксикациялық терапия:
Инфизол, Трисоль, Дисоль, 5% -400 мл глюкоза ертінділерін қан тамырға тамшылатып енгізу.
VI. Симптомдық ем:
Қақпа венасында қан қысымын төмендету үшін: вазодилятатор (анаприлин, капотен, ұзартылған нитраттар, кальций антагонистер)
Ай сайын 200-400 мл плазма немесе 40 г альбуминді құяды.
Үлкен дәрет күн сайын жүрмесе, дәрет күн сайын болғанға дейін күніне 1-3 қасықтан лактулоза, дюфалак ішкіземіз.
Асцит болғанда (зәр қуатын дәрілер) –верашпирон, лазикс 40 мг аптасына 2 рет.
Верошпирон, асцит болмаған кезде күніне 3таб,асцит болғанда-6 таблеткадан.
VІI. Ас қорытылуын қамтамасыз ету үшін өтсіз ферменттік дәрмектерді – креон, панцитрат, мезим –форте т.б. 2 дражеден немесе 2 капсуладан.
VІIІ. Декомпенсация кезінде глюкокортикоидты гормон (преднизалон, Пульс терапия)
IX. Үш айда бір, мына дәрмектердің біреуімен 7-10 күндік ішектің деконтаминация емі жүргізіледі:канамицин 0,25г 4 рет;стрептомицин 0,25г 4рет:сульгин 0,5гр 4рет; фталазол 0,5г 4 рет.
X. Парентеральдік витоминотерапия ең кемінде жылына 2 реттен:витамин В12 аптасына 2 рет + витамин В1 – 2мл күн ара + витамин В6 – 2мл күн ара бұлшық етке , қышқылының 5 % еретіндіндісінің 2-4мл күн сайын вена ішіне.
XI. Хирургиялық ем: мүшені трансплантация жасау
Асқынуы:
Жұтқыншықтан, тік ішектен қан кету
Бауыр комасы
Бауыр қатерлі ісігі
Портальдік криз
Өңеш веналарыныан қан кету
Алдын – алу шаралары:
Біріншілік: жеке басының жалпы тұрғындардың (мектептерде, бала- бақшаларда ) санитарлық – гигиенасын сақтау. Ішімдікке салынбау, дұрыс тамақтану.
Екіншілік: скренинг жүргізу.
Үшіншілік: "Д" тізімге алып, жалпы науқастың жағдайын қадағалау, әр 6 ай сайын бауырдың көрсеткіштерін тексеріп тұру, қажетті жағдайда клиникаға жатқызып, емдеу іс-шараларын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |