«Біреу (ихрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шашын алдырса, ол өтем ретінде ораза ұстауы, не садақа беруі, немесе құрбандық шалуы керек» («әл-Бақара» сүресі, 196-аят).
(Әл-Бухари ‘Абдуллаһ ибн Ма’калдан жеткізген хадисте былай деп айтылады: «Мен Ка’б ибн ‘Ужраның жанына осы мешітте, яғни Куфа мешітінде, келіп отырып, одан (осы) «...ол өтем ретінде ораза ұстауы...» (деген аят) туралы сұрадым. (Ка’б) былай деді: ”Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанына келтірілдім әрі сол кезде (менің басымнан) бетіме биттер төгіліп түсіп жатқан болатын. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен сені осыншалықты мен көріп тұрғандай қиындыққа түседі деп ойламаппын. Сенде бір қой табылады ма?», - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - деп жауап бердім. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Үш күн бойы ораза ұста немесе алты кедейді тамақтандыр. Әрбір кедей үшін – жарты са` тамақ. Әрі басыңды қырып таста», - деді. (Ка’б былай деді:) «(Бұл аят) мен туралы жеке түсті, бірақ сендер үшін ол жалпы күшке ие»” Әл-Бухари №4517, Муслим №1201. – аудармашыдан (қаз.))
Кейбір ғалымдар қияс (ұқсастық бойынша салыстыру) жасап, қажылық рәсімдерінің қайсысын болса да тастаған әрбір адам құрбан шалуға міндетті деп айтқан. Бұл – дұрыс емес пікір, өйткені оған дәлел жоқ. Бұл аз болса, дәлелдер бұған кері нұсқайды. Мысалы, Муздалифада түнеуді қалдырған Аббастың уақиғасы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны құрбан шалумен міндеттемеді. Сондықтан да дәлел келмейінше адамды қан ағызумен (құрбан шалумен – аудармашыдан (қаз)) міндеттеуге болмайды. Дәлел тек төрт нәрсеге келген: 1- қиран не тәматтуғ қажылығын жасайтын адамның құрбандығы; 2- егер адам ұсталып қалса (ихсар) әрі осыны алдын ала шарт етіп белгілемен болса, онда ол құрбан шалмастан, ихрамнан шыға алмайды; 3 – ихрам халінде қажеттілікке сәйкес шашты алып тастауға мәжбүр болғанға байланысты шалынатын құрбан; 4 – аңшылық жасағаны үшін жаза ретінде құрбан шалу.
Сондай-ақ ихрамға кірген қажылық жасаушы адам денесіндегі түктер мен шаштарды алуға не қысқартуға, тырнақтарын алуға, бас киім киюге (қол шатыр пайдаланудың оқасы жоқ), денеге сәйкес пішіп тігілген киімдер киюге, хош иістер пайдалануға, аңшылық жасауға (тышқан, шаян, қарға, сауысқан, қабаған итті өлтіруден басқа), құда түсуге, некелесуге, жыныстық қатынас және оған алып келетін амалдар жасауға, бетін жабуға (келіспеушілік бар) тыйым салынады.
|