إن الصفا والمروة من شعائر الله
«Иннә әс-сафа уәл-мәруата мин шә’аириЛләһ» (мағынасы: «Расында, әс-Сафа мен әл-Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен»)67, (содан соң):
أبدأ (نبدأ) بما بدأ الله به
«Әбда’у (хадистің басқа бір нұсқасында: нәбда’у) би-мә бәдә’а-Ллаһу би-һи», - (деп айтты) (мағынасы: «Мен Аллаһ бастағаннан бастаймын») (хадистің басқа бір нұсқасында: «Біз ... бастаймыз», - деп келтірілген)). Ол әс-Сафадан бастады да, оған (Аллаһтың) Үйін көргенге дейін көтеріле берді.
30- Ол Қыблаға бетін бұрып тұрды, бірқұдайшылық куәлігін айтты, Аллаһты [үш рет] ұлықтады [, Аллаһқа мақтау айтты]68 және былай деді:
لا إله إلا الله وحده لا شريك له له الملك وله الحمد [ يحيي ويميت] وهو على كل شيء قدير لا إله إلا الله وحده [ لا شريك له] أنجز وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده
«Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһуль мулк, уә ләһуль хамд [юхьи уә юмит], уә һуа алә кули шәин қадир. Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдаһу [лә шарикә ләһ]. Әнжәза уаъдаһу, уә нәсара абдаһу, уә хазамәл ахзабә уахдаһу»
(мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, (Ол) серігі жоқ Жалғыз! Билік пен мақтау-мадақ Оған тән, [Ол тірілтеді және өлтіреді], әрі Ол барлық болмыс үстінен билікке ие! [Серігі жоқ] Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ! Ол уәдесін орындады, құлына көмектесті және жалғыз Өзі дұшпан тайпаларды талқандады!»)69.
Ол мұны үш рет қайталады, ал әрбір екі реттің арасында Аллаһқа дұға етіп жалбарынды70.
31- Кейін ол түсіп, әл-Мәруа (төбесіне) қарай [жаяу] бет алды71. Оның аяқтары кеуіп кеткен (арнаның) (уади) ішіне басқан кезде, ол жүгіре жөнелді (сағи)72, ал ол көтеріле бастаған кезде [бұл «сайдың арғы жағына] [түсіп»] [дегенді білдіреді], жүруге көшті де, әл-Мәруаға жетті. [Ол оған (Аллаһтың) Үйін көргеніне дейін көтеріле берді].
32- Әл-Мәруаның үстінде ол тура әс-Сафада істегендерін істеді73.
Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:
-
Меккеге кіру;
-
Мүмкіндік болса, ғұсыл құйыну;
-
Мешітке оң аяқпен кіру және мешітке кірерде айтылатын дұғаларды айту;
-
Қағбаны тауап жасау;
-
Осы тауапты жасау барысында ер кісілердің оң иықтарын жалаңаштап жүрулері;
-
Қағбаны осы тауап жасау кезінде алғашқы үш айналымды жылдам жүріспен (әр-рамл) жүріп өту;
-
Қара тастың жанында: «Аллаһу Әкбар!», - деп айту;
-
Қағбаны тауап жасау кезінде әрбір айналымда Қара тасты сүю және Йемен бұрышына қол тигізу;
-
Қағбаны (осы) тауап жасап болған соң екі ракағат намаз оқу. Бірінші ракағатта («әл-Фатихадан» кейін) «әл-Кәфирун» сүресін (№109), ал екінші ракағатта «әл-Ихләс» сүресін (№112) оқу;
-
Осы намазды Ибраһимнің (тұрған) орнының (мақам Ибраһим) артында тұрып оқу;
-
Зәм-Зәм бұлағынан су ішу және оны басқа құю;
-
Қара тасты ұстау үшін оған қайта оралу;
-
Белгілі аятты оқып, әс-Сафа төбесіне қарай бет алу;
-
Әс-Сафа (төбесінде) жүзді қыблаға қаратып тұру;
-
Әс-Сафа төбесінде Аллаһты зікір ету; бірқұдайшылық (таухид) куәлігін үш рет қайталау, Аллаһты ұлықтау (тәкбір), Аллаһты мадақтау (тахмид) және «Лә иләһа илләЛлаһ» (тәхлил) сөздерін айту;
-
Әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын жеті рет жүріп өту;
-
Әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын әрбір жүріп өткен кезде кеуіп кеткен арнаға (уади) басқан кезде рәсімдік жүгіру (сағи) жасау;
-
Әл-Мәруа (төбесінде) (қыблаға қарап) тұру;
-
Әл-Мәруа төбесінде әс-Сафадағыдай зікірлерді айту;
-
Рәсімдік жүгіруді (сағи) әл-Мәруада аяқтау74;
-
Әт-Тәматтуғ немесе әл-қиран қажылығын жасаушы адамның, егер ол өзімен бірге құрбандыққа шалынатын малды айдап алып келмеген болса, шашын алуы, жай киім кию арқылы ихрамнан шығуы;
-
Әт-Тәматтуғ қажылығын жасаушы адамның шашын қыруы емес, оны қырқуы арқылы ихрамнан шығуы.
ҚАЖЫЛЫҚТЫ УМРА ЖАСАУ ҮШІН ҮЗУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ
33- Әл-Мәруада соңғы жүгіруді аяқтап болған соң (хадистердің бірінде: «...бұл жетінші (сағи) болатын», - деп хабарланады), ол былай деді: “[Уа, адамдар!] Егер мен бұрынырақ қазір білген нәрсемді білгенімде, өзіммен бірге құрбан шалатын малдарды айдап келмес едім әрі [міндетті түрде] умра жасар едім. Егер сендердің қайсыларыңда өзімен бірге (айдап келе жатқан) құрбандық малы болмаса, сол өзі жасаған рәсімін умра етіп, ихрам халінен шықсын". (Хадистің басқа риуаятында: “Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Сендер (Аллаһтың) Үйін тауап жасап, әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасап болсаңдар және шаштарыңды қысқартсаңдар75, ихрам халінен шыға беріңдер де, әдеттегідей өмір сүре беріңдер, ал әт-тәруия күні76 келгенде, қажылық жасау ниетімен (қайтадан) ихрам халіне кіріңдер. Ал өздеріңмен алып келгендеріңді умра етіңдер77!”)
34- Сонда [әл-Мәруа етегінде отырған] Сурака бин Мәлик бин Жу’шум орнынан түрып: “Уа, Аллаһтың елшісі! [Осы (басқа бір мәтінде: “біз (умра үшін) үзген (қажылық)”, - деп келтіріледі)] біздің умра бізге тек осы жылы ғана бұйырылды [ма] әлде мәңгіге ме [, мәңгі замандарға ма]?” [Ол (яғни Жәбир) былай деді:] «Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолының саусақтарын бір-біріне байлап (тіркеп), былай деді: “Умра қажылыққа [Қиямет Күніне дейін] кірді78, әрі бұл (сендерге) мәңгі замандарға [, мәңгі замандарға”] бұйырылды» [(, - әрі осыны) үш рет (қайталады)]79.
35- [Ол (Сурака) былай деді: “Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге дініміздің (мәнін) біз енді ғана туылғанымыздай түсіндіріп берші. Біз бүгінгі амалдарымызды неге сәйкес (жасаймыз): тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге ме, (енді ғана жазылатын) нәрселерге ме?” Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жоқ, тағдырға жазылған және алдын ала белгіленген нәрселерге сәйкес”, - деді. (Сурака): “[Онда] бірдеңе істеудің қажеті не?”, - деп сұрады.80 Сонда (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: “Амал етіңдер, ал әркімге [ол не үшін жаратылған болса, соны (істеу)] жеңілдетіледі”81.
36- [Жәбир былай деді: “Ол бізге ихрам халінен шыққаннан кейін құрбан шалуымызды бұйырды82. Сонда біз малдармызды құрбандыққа шалуымыз үшін топтарға жинала бастадық]. [Жеті адамнан тұратын әр топқа бір жануардан (бадана83) тура келді]. [Қім құрбандыққа шалатын мал таппаған болса, (қажылық кезінде84) үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстауға міндетті еді]”.
37- [Ол былай деді: “Біз: “Уа, Аллаһтың елшісі, ал ихрам халінен қалай шығуымыз керек?”, - деп сұрадық. Ол: “Толығымен”, - деді”]85.
38- [Ол (яғни Жәбир (Аллаһ оған разы болсын)) былай деді: “Әрі бізге (бұл) жүрегіміз қысылатындай ауыр болды].
ӘЛ-ӘБТАХҚА ЖЕТІП КЕЛУ
39- [Ол былай деді: “Біз (әл-Батха) алқабына қарай жүрдік”86. Ол былай деді: “(Сол кезде) бір адам: «Бүгін мен өз отбасыма қайтамын», - дей бастады”]87.
40- [Ол былай деді: “Біз тек қажылықты орындау ниетімен ғана шыққан болатынбыз. Бізге әйелдеріміз үшін босану88 бұйырылғанда, Арафатта тұру күніне дейін төрт-ақ күн қалған болатын (хадистің басқа нұсқасында: «бес [түн]», - деп айтылады). Әрі біз Арафатқа келуіміз керек еді, ал мүшелерімізден ұрық тамып тұруы керек еді". Ол (Мухаммад бин ‘Али бин Хусайн – аудармашыдан (қаз.)) былай деді: «Жәбир қолымен (бұлғап) баяндап жатты»)89. (Хадистің жеткізушісі былай деді:) «Мен оның қолын бұлғап сөйлеп тұрғанын дәл көз алдымда көріп тұрғандаймын». [(Адамдар): “Біз бұны қажылық деп атап қойған соң, қалайша оны умра етеміз?”, - деді].
41- Ол былай деді: [“Әрі осы (сөздер) бізге беймәлім болған қандай да бір жолмен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетті. Бұл оған көктен жеткізілді ме, әлде оған бұл туралы адамдар хабарлады ма – біз білмейміз”].
42- [Ол орнынан тұрды да] [адамдарға қарап құтпа айтты90, (ал оның алдында) Аллаһты мақтап дәріптеді]. Ол былай деді: [“Уа, адамдар! Сендер маған Аллаһтың дініне қатысты бір нәрсе үйретпексіңдер ме?!] Сендерге мен сендердің араларыңдағы ең тақуа, ең шыншыл және ең салиқалы екенім белгілі ғой. [Ендеше, мен сендерге бұйырған нәрселерді орындаңдар, өйткені] егер менің өзіммен бірге құрбан шалатын малым болмағанда, мен сендер сияқты ихрам халінен шығар едім [, алайда мына құрбандыққа шалынатын мал тиісті орнына жетпейінше мен ихрам халінен шыға алмаймын]91. Егер мен бұрын қазір білетін нәрселерді білгенімде, өзіммен бірге құрбандыққа шалатын малдарды айдап келмес едім, сондықтан да ихрам халінен шығыңдар”].
43- [Ол былай деді: “Сонда біз әйелдерімізбен жыныстық қатынасқа бардық, хош иістерімізді жақтық және әдеттегі киімдерімізді кидік]. [Біз естідік және мойынсұндық”].
44- [Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және құрбан шалатын малдары бар адамдардан басқа барлық адам ихрам халінен шықты және шаштарын қысқартты].
45- [Ол былай деді: “Әрі Пайғамбар мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Тәлхадан басқа олардың ешқайсысында құрбандыққа шалатын малдары жоқ болатын]92.
ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ИХРАМҒА КІРГЕН НИЕТПЕН ИХРАМ ХАЛІНЕ КІРГЕН АЛИДІҢ ЙЕМЕННЕН КЕЛУІ
46- Али [өзіне тапсырылған істі бітіріп,]93 Йеменнен Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандыққа арналған мал айдап келді.
47- Әрі ол ихрамнан шыққан адамдардың арасында Фатиманы көрді. [Ол шашын тарап], боялған матадан киім киіп, көзіне сүрме жаққан болатын. Ол оны осы үшін сөкті [де: “Саған мұны кім бұйырды?!”, - деді]94. Ол: “Ақиқатында, менің әкем маған осылай істеуді бұйырды!”, - деп жауап берді.
48- Ол (яғни Жәбир) былай деді: “(Жылдар өте,) Али Иракта болған кезінде, былай деп баяндайтын: «Сонда мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Фатиманың істегені туралы арыздану үшін әрі оның өзіне хабарлаған нәрселері туралы оның пікірін білу үшін аттандым»95. Ол сол үшін оны (Фатиманы) сөккен [, ал ол оған: «Менің әкем маған осылай істеуді бұйырды!», - деп айтқан] жағдай туралы айтып бергенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол шындықты айтты! [Ол шындықты айтты!][Мен оған осылай істеуді бұйырдым]», - деді".
49- Жәбир былай деді: “Әрі қарай ол Алиден: «Сен қажылықты бастаған кезіңде не айттың?», - деп сұрады. Ол (яғни Али): «Мен: “Уа, Аллаһ! Ақиқатында, мен ихрам халіне Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихрамға кірген ниетпенен кіріп жатырмын!”, - дедім!», - деп жауап берді.
50- Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Ақиқатында, менімен бірге құрбан шалатын малдар бар, сондықтан ихрамнан шықпа96 [да, қазіргі халіңде қала бер]”!
51- Али Йеменнен айдап алып келген құрбан шалатын малдар мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Мәдинадан] қуып алып келген малдар, бәрін қосқанда жүз бас [түйе мен сиыр] болды".
52- Ол былай деді: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдары барлардан өзге адамдардың барлығы ихрам халінен шықты97 және шаштарын қысқартты98» 99.
ИХРАМ ХАЛІНДЕГІ ҚАЖЫЛАРДЫҢ МИНАҒА ҚАРАЙ ЖЫЛЖУЫ
53- Әт-таруия100 күні келгенде, [(сахабалар) Меккені тастап,] Минаға аттанды101 әрі [әл-Әбтах деген жерде] қажылық (жасау ниетімен) тәлбийя айтты102".
54- [Ол былай деді: “Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) жанына кірді де, оның жылап отырғанын көріп: «Саған не болды?», - деп сұрады. Ол: “Менің еттеккірім (келе бастады). Адамдар ихрам халінен шықты, ал мен шықпадым. Мен сондай-ақ (Аллаһтың) Үйін тауап жасамадым, ал қазір адамдар қажылыққа аттанып жатыр», - деп жауап берді. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Ақиқатында, бұл нәрсе Адамның қыздарының тағдырына жазылған. Сондықтан да ғұсыл құйын, сосын ихрам халіне кір де, қажылық (жасау ниетімен) тәлбийя айт103 [, кейін қажылық жаса да, қажы істейтін нәрселердің барлығын істе, бірақ тек (Аллаһтың) Үйін тауап жасама және намаз оқыма”]104. (Айша:) «Мен дәл солай істедім» (, - деді)]. (Хадистің басқа бір нұсқасында: «Әрі ол (Аллаһтың) Үйін тауап жасаудан басқа қажылық рәсімдерінің барлығын орындады», - деп айтылады].
55- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Минаға) мініс жануарының үстінде барды105 әрі онда (яғни Минада (ал хадистің нұсқаларының бірінде: «бізбен бірге», - деп айтылады)) бесін (зухр), екінті (‘аср), ақшам (мағриб), құптан (‘иша) және таң (фәжр) намаздарын оқыды106.
56- Кейін ол күн шыққанша сол орнында азғантай уақыт тұрақтады107,
57- әрі Нәмира108 (тауында) [өзі үшін] шатыр орнатуды бұйырды.
АРАФАТҚА ҚАРАЙ ЖЫЛЖУ ЖӘНЕ НАМИРАДА АЯЛДАУ
58- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолға шыққанда109, құрайштықтар оның әл-Маш’ар әл-Харамда [Муздалифада] тоқтайтынына күмәнданбайтын, өйткені құрайштықтар Исламға дейінгі надандық (жәхилиет) заманында осылай істейтін110. Бірақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Арафат (алқабына) жеткенге дейін тоқтамай жүріп отырды111. Ол Нәмира тауында өзі үшін шатыр орнатылғанын көріп, сонда тоқтады.
59- Түс ауған бойдан ол өзіне әл-Касуаны жетектеп алып келуді бұйырды. Оны алдына алып келгенде [ол оған мініп,] кеуіп кеткен арнаның (уади) ортасына дейін жетті112.
АРАФАТ (КҮНІ) АЙТЫЛҒАН ҚҰТПА
60- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға құтпа113 айтып, онда былай деді:
“Ақиқатында, осы күн, осы ай және осы жер қасиетті болғаны сияқты, – сендердің қандарың және сендердің мал-мүліктерің де сондай қол сұғылмайтын және қасиетті! [Әрі] [, ақиқатында,] жәхилиет (исламға дейінгі надандық) кезінде [осы] менің аяқтарымның астында істелгендердің барлығына енді тыйым салынады!114 Жәхилиет кезінде төгілген қан үшін өш алуға тыйым салынады, әрі мен басқалардан бұрын (біздің туысқанымыз) Раби’а ибн әл-Харистың ұлы [ибн Абд әл-Мутталибтің] қаны үшін өш алуға тыйым саламын! Ол бану Са’д тайпасынан болған емізетін әйелге тәрбиелеуге берілген еді, ал Хузәйл тайпасы оны өлтірді!
Жәхилиет дәуіріндегі өсімқорлыққа тыйым салынады, әрі барлығынан бұрын мен біздің руымыз - ‘Аббас ибн ‘Абд әл-Мутталиб алатын өсімге тыйым саламын. Бүгіннен бастан өсімқорлыққа толығымен тыйым салынды!115
Әйелдеріңмен қарым-қатынас жасауларыңда Аллаһтан қорқыңдар, өйткені сендер оларды Аллаһтың аманат етіп беруі арқасында алдыңдар [хадистің басқа нұсқасында: «…өйткені сендер оларды Аллаһтан берілген аманат ретінде алдыңдар», - деп айтылады]116, Аллаһтың Сөздеріне сәйкес оларды өздерің үшін хәлал еттіңдер және ие оларға болдыңдар117! Әрі [, ақиқатында,] сендер олардан өздеріңнің төсектеріңе сендерге ұнамайтын адамдардың отыруына рұқсат етпеулерін талап ете аласыңдар118, ал егер олар осыны істесе оларды ұрыңдар, бірақ қатты емес119. Ал олар сендерден өздерін лайықты түрде (немесе ғүрыпқа сәйкес) тамақтандыруларыңды және киіндірулеріңді талап етуге құқықты!
[Ақиқатында,] мен сендерге егер содан ұстансаңдар – ешқашан адасушылыққа түспейтін нәрсені тастап бара жатырмын: ол – Аллаһтың Кітабы!120. Сендерден мен туралы сұрайды [басқа бір айтылу үлгісінде: «Сендер мен туралы сұраласыңдар», - деп жеткізіледі], сонда сендер не айтасыңдар?» Адамдар: «Біз сені [өз Раббысының жолдауын] жеткізді, (пайғамбарлық міндетін) орындады, [өзінің үмметіне] дұрыс насихаттар берді [және (Аллаһ тарапынан) жүктелген нәрселерді орындады] деп айтамыз», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұқ саусағын көкке қаратып көтерді де: «Уа, Аллаһ, (мұны) раста! Уа, Аллаһ, (мұны) раста! Уа, Аллаһ, (мұны) раста!», - деді.121
ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ОҚУ ЖӘНЕ АРАФАТТА ТҰРУ
61- Кейін122 [Біләл] [бір рет азан айтып] (адамдарды) намазға шақырды.
62- Содан соң ол оның басталғанын (иқамат) жариялады, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (адамдармен бірге) бесін (зухр) намазын оқыды. Кейін тағы да бір рет иқамат айтылды да, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (адамдармен бірге) екінті (‘аср) намазын оқыды123.
63- Осы екі намаздың арасында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай намаз оқымады124.
64- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [әл-Касуаға] мініп, тұратын орынға жеткенше жүрді125. Ол әл-Касуаны тастарға126 шөктірді, жаяу қажылар жүріп жатқан соқпақ жолдың алдына127 келіп тоқтады да, жүзін Қыблаға қаратты128.
65- Ол аспанның сары түсі бұрыңғысындай жап-жарық емес болып, ал күннің дөңгелегі көкжиектен жоғалып, батқанға дейін тұра берді129.
66- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мен мына жерде тұрдым, алайда бүкіл Арафат (алқабы) тұратын орын болып табылады»]130.
67- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артына Усама [бин Зәйдті] отырғызып алды.
АДАМДАР ЛЕГІНІҢ АРАФАТТАН ЛАП БЕРУІ
68- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жол жүріп кетті (хадистің басқа нұсқасында: «...адамдар легінің арасында байыптылық131 сақтап, жүріп кетті», - деп хабарланады). Ол әл-Касуаның басы үзеңгіге тірелетіндей жүгенін қатты тартты. Ол оң қолын алға созып [(хадистің жеткізушісі:) «Былай» (, - деді де), алақанының ішкі жағын аспанға қаратты]: «Уа, адамдар! Тыныштық сақтаңдар, тыныштық сақтаңдар!», - деді.
69- Құм төбелеріне жақын келген әрбір сәтте ол түйесінің олардан өтуі жеңілдеу болу үшін жүгенді аздап босататын132.
МУЗДАЛИФАДА ЕКІ НАМАЗДЫ ҚОСЫП ОҚУ ЖӘНЕ СОНДА ТҮНЕУ
70- Муздалифаға жетіп барып, ол сонда ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын [өзара қосып] оқыды133. Намазға шақыру азаны бір-ақ рет айтылды, ал намаздың басталуы туралы (иқамат) екі намаздың әрқайсысының алдында айтылды134.
71- Осы екі намаздың арасында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешқандай намаздар оқымады135.
72- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңға дейін ұйықтауға жатты136.
73- Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен, азан мен иқамат айтылған соң, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы (фәжр) намазын оқыды137.
ӘЛ-МӘШ’АР ӘЛ-ХАРАМДА ТОҚТАУ
74- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Касуаға отырып, әл-Мәш’ар әл-Харамға дейін жетті [де, оған көтерілді]138.
75- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзін Қыблаға қаратты, Аллаһқа дұға етіп жалбарынды (хадистің басқа айтылу үлгісінде: «Аллаһты мадақтады», - деп жеткізіледі), Оны ұлықтады, «Лә иләһа иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ») сөздерін айтты да, бірқұдайшылық куәлігін жария етті.
76- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жарық түскенше тұра берді.
77- [Әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен мына жерде тұрдым, алайда бүкіл Муздалифа тұратын орын болып табылады», - деді].
(ҮЛКЕН) БАҒАНАҒА ТАС ЛАҚТЫРУ ҮШІН МУЗДАЛИФАДАН ШЫҒУ
78- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [жиналу орнынан139] күн шыққанға дейін [, байыптылық сақтап,] жолға шықты140.
79- Өзінің артына ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шаштары әдемі, ақ құба және сүйкімді келген әл-Фәдл бин Аббасты отырғызып алды141.
80- Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыққан бойдан, оның жанынан ішінде әйелдер отырған зембілдер жүріп өтті. Әл-Фәдл соларға қарай бастады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фадлдің бетін қолымен жапты, бірақ ол басын басқа жаққа бұрып қарауын жалғастыра берді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Фәдл көзін әйелдерден алуы үшін тағы да оның бетін қолымен жапты.
81- Мухассир алқабының ортасына жеткен кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [(адамдарға): «Тыныштық сақтаңдар!», - деп,] сәл жылдамрақ жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |