Конспектті дайындаған: Ринат Абу Мухаммад Қазақстани إعداد: رينات أبو محمد كازاخستاني 


و البُدنَ جعلناها لكم من شعائر الله لكم فيها خير ، فاذكروا الله عليها صوافّ ، فإذا وجبت جنوبُها فكلوا منها ، و أطعموا القانع والمُعْتَرَّ



бет8/9
Дата04.07.2016
өлшемі6.65 Mb.
#175894
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9

و البُدنَ جعلناها لكم من شعائر الله لكم فيها خير ، فاذكروا الله عليها صوافّ ، فإذا وجبت جنوبُها فكلوا منها ، و أطعموا القانع والمُعْتَرَّ

«Құрбандыққа шалынатын түйелерді сендер үшін Аллаһтың рәсімдік белгілері еттік. Мұнда сендер үшін қайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, үстінен Аллаһтың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін, малды еріктеріңе бердік» ("Хаж" сүресі, 36-аят).

Кім құрбан шалуға мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды. Мұндай қажыға үш әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етіледі, өйткені ‘Айша және Ибн ‘Умар (Аллаһ оларға разы болсын) былай дейтін: «Құрбандыққа шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етілмейтін».

Құрбан шалудың соңғы күні – үшінші ташриқ күні күн батқанға дейін.


160 Құрбан айт күні Айша (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтырып болған соң мискпен майлады. Бұл туралы бұрынырақ сөз болған еді. Яғни тас лақтырып болған соң, адам ихрамнан кіші шығумен шығады да, оған әйелінен басқа барлық нәрсе рұқсат етіледі.

161 Бұл Сүннетке сәйкес құрбан шалғаннан кейін басты қыру керек екендігіне нұсқайды, ал құрбан шалуды, өз кезегінде, (үлкен бағанаға, жәмрат әл-ақабаға, - редактордың ескертпесі) тас лақтырудан соң орындау керек. Сондай-ақ, Сүннетке сәйкес, бас қыруды оң жақтан бастау қажет, өйткені Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Минада өзі тұратын орынға келіп, құрбан шалып, ал содан соң шаштаразға (басының) оң жағына, содан соң сол жағына нұсқап: «Баста!», - дегенін жеткізеді. Содан соң ол өзінің шаштарын адамдарға тарата бастады (Муслим).

Басты түгел қырып тастау жақсырақ болады. Өйткені басты қыру абзалырақ амал болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ, шашын қырып тастағандарды жарылқа!», - деді. (Адамдар): «Шашын қысқартқандар үшін (дұға етіңіз), уа, Аллаһтың елшісі!», - деді. [Төртінші ретінде ол: «Қысқартқандарды да», - деді]. Егер біреу шашын қысқартуды қаласа, ол шашын түгел бірдей қысқартуы керек.

Әйел кісі 2 см. ұзындығындай шашын қысқартады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдерге басын қыру бұйырылмаған. Ақиқатында, оларға шаштарын қысқарту бұйырылған», - деп айтқан. Ол шаштарын алақанымен қысып алып, бармағының ұшындай мөлшерде (анмуля) оларды қырқуы керек. Осы орайда әйел адам шаштарын бөгде адамдарға көрсетуіне болмайды.


162 «Бұда күнә жоқ» деген сөздер келісіні білдіреді: «Қалған рәсімдерді аяқта, ал орындап қойғандарың сен үшін есептеледі. Әрі сен бір рәсімді басқасынан ерте, не кеш орындағаныңда қорқынышты еш нәрсе жоқ». Сонымен бірге, қажы Құрбан Айт күні төрт рәсімдік амал орындалатыны туралы білуі керек: үлкен бағанаға (жәмрат әл-ақабаға) тас лақтыру; содан соң құрбан шалу; содан соң басты қырып тастау; ал содан кейін Қағбаны негізгі тауап (тауаф әл-ифада) жасау. Осы реттілікті сақтау, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, Сүннетке жатады, алайда осы реттілікті өзгертуге болады, әрі бұл, бұған осы және өзге де мағыналас хадистер айғақ болатындай, өтемақыны (фидья) талап етпейді. Ән-Нәуауи: «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан болған салиқалы сәлафтардың ұстанымы осындай», - деді.

163 Бұл сөздер құрбанды Минадағыдай Меккеде де шалуға болатындығына айғақ болады. Әл-Бәйһақи өзінің "әс-Сунан" (5/239) кітабында сахих иснад арқылы Ибн Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) келесі сөздерін келтіреді: «Ақиқатында, құрбандық Меккеде (шалынады), алайда Мекке қаннан таза. Сонымен, Мекке – бұл Минаның бір бөлігі» (бұл асардың басқа бір нұсқасында: «Ал Мина – Меккенің бір бөлігі», - деп келеді). Осы нұсқа ақиқат болуы ықтимал. Аталған асардың бірінші нұсқасында ‘Атадан қосымша Ибн Аббас Меккеде құрбан шалғаны, ал Ибн Умар малды құрбандыққа Меккеде емес, Минада шалатыны жеткізіледі.

Ал басқа жерлерде, бұл туралы ғалымдар айтқандарындай, құрбан шалуға рұқсат етілмейді.



164 Сүннетке сәйкес түйені немесе басқа құрбандық малын, мүмкіндік болса, өз қолымен шалу керек. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда мұны өз атынан шалуды басқа біреуге тапсыру қажет. Малды құрбандыққа шалғанда (бұған Сүннет нұсқайтындай) оны Қыблаға қаратып, сол жамбасына жатқызып, оң аяқты малдың оң жамбасына қою керек (малды жатқызу және оның жамбасына аяқты қою туралы әл-Бухари мен Муслим жеткізген).

Түйеге келер болсақ, онда Сүннетке сәйкес оны ән-нәхр тәсілімен құрбандыққа шалу керек: оның алдынғы сол аяғы байланады да, ол қалған (үш) аяғында тұрады. Осы орайда оның тұмсығы Қыблаға қаратылады. Құрбан шалғанда:



بسم الله ، و الله أكبر ، اللّهم إن هذا منك ولك اللهم تقبل مني

(мағынасы: «Аллаһтың атымен әрі Аллаһ Ұлы! Уа, Аллаһ, ақиқатында бұл Сенен және Саған! Уа, Аллаһ менен қабыл ет!»), - деп айту керек.



165 Бұл төртінші құтпа болатын әрі ода ол Арафатта айтқандарын қайталады.

166 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да бір рет мұсылмандардың өмірінің маңыздылығын және мұсылманның қанын төгумен байланысты қылмыстардың ұлықтығына нұсқады. Әрі бұған Құран мен Сүннеттің өте көп мәтіндері нұсқайды:

وَمَن يَقْتُلْ مُؤْمِناً مُّتَعَمِّداً فَجَزَآؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِداً فِيهَا وَغَضِبَ اللّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَاباً عَظِيماً

«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы - ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ Аллаһ оған ызаланады, лағынеттейді және зор қинау әзірлеп қояды» («ән-Ниса» сүресі, 4: 93).

وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَن يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَاماً

«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе, күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе, жазасын алады» («әл-Фурқан» сүресі, 25: 68-70).

وَلاَ تَقْتُلُواْ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللّهُ إِلاَّ بِالْحَقِّ ذَلِكُمْ وَصَّاكُمْ بِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ

«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер» («әл-Әнғам» сүресі, 6: 151).

Шейхул-Ислам Ибн Таймийя былай деді: «Өз негізінде Адам баласының қаны, заңды жағдайдан басқа, тыйым салынған (харам) және (төгуге) рұқсат етілмеген болып табылады. Әрі кәпірлердің қаны да, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өлтірген мысырлықтың қаны және біздің кезімізде Ислам шақыруы жетпеген кәпірлердің қаны сияқты, өз негізінде солай болғанындай, Исламның бастапқы кезеңінде тыйым салынған (харам) еді. Әрі Мусаға оның адам өлтіруі, ол бұл адамды қасақана өлтірмегендігіне қарамастан, бұл дүниеде де, Ақыретте де күнә болды!» Қз.: “әс-Сәримул-мәслюл” 2/210.

Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы қаралатын істердің алғашқысы – бұл қантөгіс!» Әл-Бухари 6864, Муслим 1678.

Имам әл-Мунауи былай деді: «Құлдар арасындағы алғашқы есеп айырысу адам өлтіруден басталады, себебі ол – көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә; әрі есеп айырысудың осыдан басталуының өзі бұл күнәның ауырлығына нұсқайды!» Қз.: “Фәйдул-Қадир” 3/347.

Абу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Опат етуші жеті күнәдан аулақ болыңдар!», - дегені жеткізіледі. Адамдар: «Уа, Аллаһтың елшісі, ол қандай күнәлар?», – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық ету; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің ақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау тіпті ойына да кіріп шықпайтын арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», - деді. Әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмін тыйым салынған қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». Әл-Бухари 6862.

Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, демек, ол тыйым салынған қанды төккен! Әл-Бухари 6863.

Көптеген тура жолға түскен адамдар тыйым салынған қанды төккендігі себебінен ғана адасушылыққа түсіп кетті. Және бұған мысал ретінде хауариждерді келтіруге болады. Адам өлтіру - олардың әдеттегі ісі еді және қазір де солай. Өйткені заңсыз адам өлтіру - үлкен күнә болып табылады, әрі бұл жөнінде ешқандай келіспеушіліктер де болмаған. Ал үлкен күнә иманды әлсіретеді. Мұның үстіне, хадистерде осы іс адасушылыққа апаратын және Аллаһтың көмегінсіз қалдыратын себеп болып табылатындығына нұсқалған! Ал Аллаһ адамды тура жолға салмаса, ол қалайша тура жолға ілеспек?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды!» Абу Дауд 1/331, әт-Тирмизи 2/178, ән-Нәсаи 1/208, әт-Таялиси 338. Хадистің сахихтығын Абу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Нәуауи, шейхул-Ислам Ибн Таймийя және шейх әл-Әлбани растаған.

Абдуллаһ ибн Умардың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қарай қару көтерген – бізден емес». Әл-Бухари 6874, Муслим 161.

Сондай-ақ Ибн Мәc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!» Әл-Бухари 48, Муслим 116.

Ибн Аббастан (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар мына үшеуі: Қорықты орында* бола тұра ақиқаттан ауытқыған (адам); надандық (жәхилиет) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген (адам) және қақысыз біреудің қанын төккісі келген (адам)». Әл-Бухари 6882.

* Сөз Меккедегі Қорықты (Харам) Мешітінің аймағында күнә жасау туралы болып тұр. Хафиз Ибн Хажәр былай дейтін: «Бұл хадис Қорықты аймақта кіші күнә жасау басқа жерде үлкен күнә жасаудан жаман екендігіне сырттай нұсқап тұр». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/219.

Ибн ‘Умар (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысқанда, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім»”. Әл-Бухари 6896. Өлтірілген бір адам үшін оны өлтіруге қатысқан барлық адам өлтірілетіндігі туралы сахабалар арасында бірауызды келісім (әл-ижма`) болған. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Са‘ид ибн әл-Мусайиб Санадан жеті адам бір жас жігітті өлтіргенде, Умардың: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысқанда, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім», - деп айтқанын баяндайтын. Сондай-ақ Алиден (Аллаһ оған разы болсын) ол бір адамды өлтірген үш адамды өліммен жазалағаны жеткізіледі. Сондай-ақ Ибн Аббас та (Аллаһ оны мен оның әкесіне разы болсын) бір адамды өлтірген бір топ адамдарға қатысты осылай үкім шығарған. Және бұл жөнінде олардың заманында келіспеушілік болғаны белгісіз, ал бұл олардың осы мәселедегі бірауызды пікіріне нұсқайды”. Қз.: “Әл-Муғни” 11/491.

Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Жундубтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деген сөздері келтірілген: «Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтын нәрсе – оның қарыны, ендеше, кім игі нәрседен өзге еш нәрсе жемей жүре алса, осылай істесін, әрі кім өзін Жәннаттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмауына қол жеткізе алса, оны төкпесін».

Хафиз ибн Хәжар былай деді: «Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да, оның жағдайы марфу` (Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өздерінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 13/130.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен бұзақыларды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарында кездеспесе де, алайда олардың сахихтығын шейх әл-Әлбани “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде (1/629-634) растаған:

Әл-Бардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін мүміннің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!».

Абу Са‘идтен және Абу Һурайрадан, Аллаһ оларға разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көктер мен жердің бүкіл тұрғындары бір мүмінді бірлесіп өлтіруге айыпты болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді», - деп айтқан.

Абу Бакрдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер көктер мен жердің тұрғындары бірігіп, мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».

Муғауиядан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ күпірлікте өлгеннен және мүмінді қасақана өлтіргеннен басқа кез келгенге оның күнәсын кешіре алады».

Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: ”Ібіліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, соған мен тәж кигіземін», - деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», - дейді. Бірақ Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», - деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытқанға дейін мен оны азғыруымды тоқтатпадым», - дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», - дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны азғыруымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!», - деп жауап береді. Сонда төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны азғыруымды тоқтатпадым», - дейді. Оған ол: «Сен! Сен!», - дейді де, оған тәж кигізеді”.

Ибад ибн Саммиттен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім мүмінді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, әрі ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьядан «сонысына қуанған болса» деген сөздер туралы сұрадым, әрі ол: «Бүлік кезінде соғысатындар туралы сөз болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді»”.

Мұсылманды өлтіру былай тұрсын, тіпті ол туралы жаман ойлаудың өзіне тыйым салынған! Ибн Умар (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп: «Сен қандай әдемісің және сенің жұпар иісің қандай әдемі! Уа, сен қандай айбындысың және сенің қасиеттілігің қандай айбынды! Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, мүміннің қасиеттілігі Аллаһтың алдында сенің қасиеттілігіңнен ұлы! Оның мал-мүлкі мен қаны - қол сұғылмайтын және қасиетті, әрі біз ол туралы тек жақсы ойлауымыз керек». Ибн Мәжаһ 2619. Хадистің сахихтығын әл-Бусайри, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3420.

Осының барлығы мұсылманның Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқайды.

Алайда көпшілік: «Олар жеке пайымдарымен (қалауларымен) емес, біреудің бұйрығы бойынша адам өлтірсе, онда барлық жауапкершілік атқарушыға емес, тек бұйырушыға түседі», - деп ойлайды. Бұл олай емес және мұндай түсінікті Абу әд-Дарда жеткізген мына хадис жоққа шығарады: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Уа, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», - деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?», - деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», - дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Абу Шәйба 5/434, әт-Табарани 10407. Хадис хасан. Қз.: “Мәжма’у-ззауаид” 7/300.

Сондай-ақ адам тіпті жануарды қақысыз өлтіргені үшін де сұралатынын атап өту қажет! Ибн Умардан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды, немесе одан үлкендеу болған біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған «Уа, Аллаһтың елшісі, оның қақысы неде?» деген сұрақ қойылды, және ол оған: «Оны бауыздап жеу, бірақ басын жұлып алып, тастау емес!», - деп жауап берді. Ән-Нәсаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Нәсаи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ “Сахих әт-тарғибті” 1/631 қараңыз.

Имам Абу Бакр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: «Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым салынғандығы сахих түрде мәлім және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал ендеше, Адамның ұлын немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын әрі ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!» Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/196.

Абу Са‘ид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізілген хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан бір мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкаппар жәбірлеушіні; Аллаһқа серік қосқанды және қақысыз адам өлтіргенді», - деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2699.


167 Бұл жерде 10 зул-хижжа Құрбан Айт күні Қағбаны тауап жасау меңзелуде. Бұл тауапты тауаф әл-ифада деп те айтады. Ғалымдардың бір ауызды келісім бойынша бұл тауап қажылықтың тірегі (рүкіні) болып табылады.

ثُمَّ لْيَقْضُوا تَفَثَهُمْ وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ

«Кейін рәсімдерін аяқтасын және айтқан нәзірлерін орындап, Ежелгі Үйді (Кағбаны) тауап етсін» («әл-Хаж» сүресі, 29-аят).

Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде былай деп жеткізеді: "«Кейін рәсімдерін аяқтасын», яғни тастарын лақтырсын, құрбандарын шалсын, бастарын қырсын немесе шаштары мен сақалдарын (, бұл Ибн Умардан келгендей, жұдырықтан көбін) және мұрттарын қысқартсын».



168 Алайда Қағбаны осы тауап жасау кезінде қажы оң иығын жалаңаштамайды әрі алғашқы үш айналымдарды жылдам жүріп өтпейді. Содан соң, имам әз-Зухри айтқандай және Ибн Умар: «Әр жеті (айналымнан) соң - екі ракағат», - деп, осылай жасағандай, қажы, Сүннетке сәйкес, Ибраһим (тұрған) орнының қасында тұрып, екі ракағат намаз орындайды.

Кейін ол, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын сағи жасап, (тиісті жерінде) жүгіріп өтеді. Алайда бұл әл-қиран мен әл-ифрад қажылығын жасаушыларға қатысты емес, өйткені осы екі санаттағы қажылар үшін олар алғаш жасаған сағи жеткілікті болып табылады.

Осының барлығын орындап болған соң, бұған екі «Сахихта» келтірілетін, Айша мен Ибн Умардан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен хадистер айғақ болатындай, қажыларға ихрам халінде харам болған нәрселердің барлығы хәлал болады.


169 Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) бұл туралы жалпылама түрде хабарлады. Одан айырықша Айша (Аллаһ оған разы болсын) бұл мәселені жан-жақты баяндап, былай деді: «Умра (жасау ниетімен) ихрамға кіріп, тәлбийя айтқандар (Аллаһтың) Үйін тауап және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасында сағи рәсімін жасады да, кейін ихрам халінен шықты. Олар (қажылық жасау ниетімен ихрам халіне қайта кіріп, тәлбийя айтқан соң) Минадан оралып, Қағбаның басқа тауабын және әс-Сафа мен әл-Маруа арасын сағи жасады. Ал қажылықты умрамен қабаттастырғандарға (яғни қиран қажылығын жасағандарға) келер болсақ, олар әс-Сафа мен әл-Мәруаның арасын бір-ақ рет сағи жасады». Яғни Жәбир тек Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге әл-қиран қажылығын жасаған әрі өздерімен бірге құрбандыққа шалатын малдарын айдап келген, мысалы, Абу Бакр, Умар, Тәлха, Али және басқа да ауқатты мұсылмандар сияқты сахабаларды ғана меңзеді. Өйткені дәл солар сағиді бір-ақ рет жасады. Сөйтіп Жәбир барлық сахабаларды меңземеген болатын, өйткені олардың көбі әт-тәматтуғ қажылығын орындап жүрген еді!

170 Бұл туралы Жәбир айтады, алайда екі «Сахихта» Ибн Умардан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бесін намазын Минада орындағаны туралы жеткізіледі. Ғалымдардың осы екі хадистің қайсысына басымдық беру керектігі туралы пікірлері бір жерден шықпады. Олардың кейбіреулері осы екі хадисті біріктіру жаққа ауды, алайда олардың бірде-бір түсіндірмесі сендіретіндей емес. Қз.: ән-Нәуауи “Шapx «Сахих» Муслим”, Ибн әл-Қаййим «Заад әл-Ма’ад» және әш-Шәукани «Нәйл әл-Әутар».

Осы жерде келесі қосымшаны келтіру орынды: ...кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Минаға қайтты да, онда әт-тәшрик күндерін өткізді әрі олардың барысында үш бағанаға тастар лақтырды. Ол бағаналарға тастарды бұны алдынырақ имам ән-Нәуауи түсіндірген реттілікпен лақтырды.



171 Яғни барлық рәсімдерді зухрға дейін бітірді. Әрі осы Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уақытының берекетіне нұсқайды.

172 Бұл олар суды шелектермен алып, оны бактарға, күбілерге және т.с.с. ыдыстарға құйғанын білдіреді.

173 Бұл мынаны білдіреді: «Егер мен адамдар осыны қажылықтың бір рәсімі деп қабылдап кетуінен әрі топ-топ болып, соның салдарынан сендерді мазалап және қажыларды сусындандырудан ығыстырып тастауынан қорықпағанымда, мен де оны сендермен бірге шығарар едім, өйткені қажыларды Зәм-Зәм суымен сусындандыруда ұлы игілік бар». Қз.: ән-Нәуауи.

174 Кейін қажы Минаға оралады да, әт-тәшрик күндерінде сол жерде болып, түнейді. Әр күні күн тал түстен ауған бойдан бірден ол Минада үш бағанаға (жәмраттарға) тас лақтыру рәсімін орындайды.

Имам Бухариде Убраның бірде Ибн Умарға (Аллаһ оларға разы болсын) келіп, одан тасты қашан лақтыру керек екендігі жайында сұрағаны жеткізіледі. Ол: «Имам лақтырған кезде, сенде лақтыр!», - дейді. Убра: “Мен сұрағымды қайталадым. Ал ол: «Біз күннің тас төбеге көтерілуін күтетінбіз, содан соң бірден лақтыратынбыз», - деп жауап берді”, - деді. Осы дерекке негізделіп, ғалымдар бесін (зухр) (намазын) тас лақтырғаннан кейін оқыған абзал дейді. Осы орайда, бұл туралы алдынырақ, Құрбан Айт күні тас лақтыру туралы сөз болғанда, айтылып кеткендей, әр бағанаға ол жеті тастан лақтырады. Ол тас лақтыруды әл-Хайф мешітіне ең жақын орналасқан бірінші бөренеден бастайды. Оған тас лақтырып болған соң, ол сәл алға және оң жаққа қарай ығысады да, жүзін Қыблаға қаратып, қолын жоғары көтеріп, өте көп уақыт («әл-Бақара» сүресін оқып болатындай) Аллаһқа жалбарынып тұрады. (Сондықтан да осы күндердегі негізгі уақытын қажы жәмараттарда өткізеді.) Кейін ол екінші (ортаншы) бағанаға келеді де, оған да тура сөйтіп тас лақтырады, содан соң сол жаққа қарай өтіп, жүзін Қыблаға қаратып, қолын көтеріп, ұзақ уақыт бойы Аллаһқа дұға етеді. Кейін ол үшінші бағанаға келеді де – бұл үлкен бағана (жәмрат әл-ақаба) – Қағба оның сол жағында, ал Мина оң жағында болатындай тұрып, оған да тура солай тас лақтырады. Содан соң ол осы бағананың алдында тұрып қалмай, бірден кетіп қалуға тиіс.

Кейін әт-тәшриктің екінші және үшінші күндерінде де ол тура осы әдіспен тас лақтыруға тиіс.

Ол ташриктің екінші күнінде тас лақтырып болған соң, үшінші күні тас лақтыруға қалмай, Минада түнемей кетуіне рұқсат етіледі, өйткені Аллаһ Тағала:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет