Конституциялық құқықтың ұғымы, пәні және жүйесі, жүйесі мен қайнар көздері



бет2/2
Дата12.09.2023
өлшемі20.17 Kb.
#477257
түріСабақ
1   2
f6192536ec15cb0

Конституцияның ең жоғары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

  • Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

  • Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.

  • Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

    Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.
    Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.


    Бекіту сұрақтары:
    1. Құқық саласы ретінде конституциялық құқықтың түсінігі.
    2. Конституциялық құқық ұлттық құқық жүйесінде алатын орны.
    3. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi: түсінігі, түрлері. Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі.


    Үй тапсырмасы:

      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

      2. Конституциялық құқықтық нормалар

      3. Конституциялық құқықтық қатынастар


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет